Қытайда рэп-музыкаға тыйым салынды

1218
1
Бөлісу:

Бұдан бөлек қытайлық телевизияда субмәдениетті (бейресми мәдениетті) және декаденттік мәдениетті көрсетуге болмайды.

Қытайда рэп-музыкаға ресми түрде тыйым салынды. 23 қаңтардан бастап жергілікті телеарналарда рэп және хип-хопқа қатысты дүниенің барлығы көрсетілмейтін болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Мұндай шешімді аспан асты елінің медиа-басқарушысы – ҚХР баспасөз, басылым, радио, кино және телевизия істері бойынша мемлекеттік басқармасы қабылдады.

Сонымен қатар татуировкасы бар, «талғамсыз» және «дөрекі», идеологиялық дәрежесі төмен, беделіне нұқсан келген әртістер «қара тізімге» енді. Бұдан бөлек қытайлық телевизияда субмәдениетті (бейресми мәдениетті) және декаденттік мәдениетті көрсетуге болмайды.

Бұл шешім баршаға белгілі «Singer» телебайқауынан танымал рэпер GAI-ды алып тастағаннан кейін қабылданды. Оның жазбалары YouTube порталындағы Hunan TV ресми каналынан еш түсініктемесіз толығымен өшіріліп тасталған. Қаңтар айының басында PG One лақап атымен танымал тағы бір қытайлық рэпердің көпшілік алдында кешірім сұрауына тура келді. Себебі оның бір өлеңі есірткі мен әйелдерді жәбірлеуді насихаттағаны үшін сын астына қалды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Ш.З.Д. 1 Ақпан, 2018 10:14 Жауап

    Бәрекелді, Қытай! Біздің жемқорлар құлқынның қамын ойлағандықтан мұндай батыл шешімге әлі келе алмай отыр! Неткен сорлылық! Үлгі алыңдар Қытайдан! Әйтпесе өнеріміз сасып өледі! Тілбұзарларды, ұябұзарларды, өнердегі сыбайлас жемқорларды, жалаңаштарды, сақауларды, мәңгүрттерді, азғындарды құртыңдар!

Пікір немесе жауап жазу

он бір − 1 =