"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Артаев Головкиннің жеңісіне күмәні бар екенін ашық айтты

Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды zheruiyq.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Головкин мен Альварес реваншы 5 мамыр күні өтетіні ресми түрде жарияланған болатын.

Артаевтың ойынша, екінші жекпе-жекте Головкинге қиын түседі және кездесуде ешкім күтпеген нәтиже тіркелуі мүмкін.

“Қарымта жекпе-жекте ешкім күтпеген нәтиже болуы әбден мүмкін. Менің ойымша, қос боксшы тағы да тең түсетін секілді. Гена ұтылып қалады деп айтқым келмейді, сол себепті тең түсуі қажет”, – деген Олимпиада чемпионы екі мықты жұдырықтасқанда нокауттың болуы екіталай екенін айтты.

“Екінші жекпе-жекте төрешілер кеткен қателікті қайталай қоймас. Головкинге олардың тарапынан қысым болмайды. Шынымды айтсам, Головкин «Канелоны» тек нокаутпен жеңе алады деп болжау қиын.

Бұл – бокс. Шаршы алаңға екі мықты шыққанда нокауттың бола қоюы екіталай. Осы жолы да алғашқы жекпе-жектегідей нокаут бола қоймас. Ешкім күтпеген нәтиже – қос боксшы тең түседі”.

Дегенмен, Головкинге бұл жолы жеңіске жету қиынға соғады. Тең түсуі мүмкін, бірақ жеңіске жете алмайды-ау деген күмәнім бар.

Үшінші кездесу қызықсыз болып қалады. Жанкүйерлер менің ойымды дұрыс түсінбей, дұрыс қабылдамай, көре алмайды деуі мүмкін. Бірақ, біз, бокс маманы ретінде объективті түрде қарауымыз қажет”, – дейді Артаев.





29 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 31 Қаңтар, 2018, 16:22

    Артаев боккарын. Гена женеди.

  2. 31 Қаңтар, 2018, 17:45

    Мына пкир жазып отырган сасык ойлы бишара -гой.

  3. 31 Қаңтар, 2018, 18:07

    Артық айтсам кешіріңіздер, мен де Головкиннің жанкүйерімін, бірақ Гена нокаутпен жеңіске жеңеді деп ойламаймын, себебі бәріміз куә болған күресте өзінің рингтегі іс-қимылы, техникасы, қорғанысы жағынан қарсыласына қарағанда маған Гена бәсеңдеу, саябырлау болып көрінді. Ал қарсыласы шапшаң, тез, өжетті, сенімді, техникалық жағынан басым болып көрінді. Сондықтан сол күрес тепе-тең болды деп ойламаймын. Шынымды айтсам, бұл кездесу оңай болмайтыны белгілі, бұл спорт, нәтижесін болжап, кім жеңіске жететінін айту мүмкін емес. Осыншама жыл төккен терінің, қол жеткізген биіктері мен мақсаттарының кезекті кездесулерінде БІЗДІҢ ГЕНАҒА СӘТТІЛІК ПЕН ЖЕҢІС тілеймін.

    • 31 Қаңтар, 2018, 20:46

      Генаның жанкүйері емеспін. Маған бәрібір, егерде Артаев рингке шыққанда онда Артаевқа жанкүйер болатын едім.

    • 1 Ақпан, 2018, 23:23

      Гена Альваресты жеңе алмады ғой,осымен жақсы күнінде қою керек деп ойлаймын.Жасы да келіп қалды,өозғалысы саябыр.

  4. 31 Қаңтар, 2018, 21:46

    Гена өткен кездесуде-ақ жеңген, бұл жолы да жеңеді.

  5. 1 Ақпан, 2018, 09:54

    Іріген ауыздан шіріген сөз шығыды деген еліміздің мактаныштарын олай балағаттауға болмайды әркімнің өз пікірі бар

  6. 1 Ақпан, 2018, 09:56

    1 2 3 окырманга айтамын

  7. 1 Ақпан, 2018, 10:24

    Артаев бірінші өзіңді Гена секілді көрсетсін сосын айтарсын пікіріңді, Гена өзінің күшті боксшы екенін бұрында ақ көрсетіп қойған

  8. 1 Ақпан, 2018, 14:11

    алла биледи

    • 4 Ақпан, 2018, 00:44

      Жаратушы АЛЛАның есімін дәу әріппен жазған абзал❗

      • 4 Ақпан, 2018, 02:15

        Дұрыс айтасың!!! АЛЛАҺ разы болсын!!!

        • 4 Ақпан, 2018, 12:37

          алла шешпейдi,акыл-айла-тасiл,куш,онтайлы сат,ебiн тауып,амалын асыру.ГГГ – ге сенемiз.

          • 5 Ақпан, 2018, 12:34

            Әр нәрсе – АЛЛАҺТЫҢ қалауымен болады!!!

  9. 4 Ақпан, 2018, 15:41

    орыс жеңіледі

  10. 6 Ақпан, 2018, 23:48

    Үшінші жекпе жек бола қоимасы анық. Дегенімен осы жолыда белбеулерін қорғап қалса дұрыс болар еді. Өзінің атағы еліміздің абыроиы үшін. Жеңіс тілейік

  11. 12 Ақпан, 2018, 00:46

    Отте кызык окигаларга куә болганга не жетсін не болсада айтып журемыз. Рахмет ГГГ ге!

    • 14 Ақпан, 2018, 12:02

      ГГГ молодец! Дұрыс айтады ,Артаев ,Генаны бағалайтындай жағдайда емес,Артаев ГГГ ді бағалау үшін ГГГ дің хотябы 1 поясын зароботать должен

  12. 14 Ақпан, 2018, 12:01

    ГГГ молодец! Дұрыс айтады ,Артаев ,Генаны бағалайтындай жағдайда емес,Артаев ГГГ ді бағалау үшін ГГГ дің хотябы 1 поясын зароботать должен

  13. 19 Ақпан, 2018, 04:24

    Тағы бір мес қарын «диванный» эсперт тап болды. Рингке шығып,Альваресті қалай жеңүдың амалын қөрсет.

    • 19 Ақпан, 2018, 08:50

      Соны айтам,жатып ап,ауызбен айтканга,барi мастip,бiлекпен корсеткенге слабо.
      айел icпеттес еркексымактар, кур ауыздарымен орак орады.

  14. 19 Ақпан, 2018, 08:51

    Соны айтам,жатып ап,ауызбен айтканга,барi мастip,бiлекпен корсеткенге слабо.
    айел icпеттес еркексымактар, кур ауыздарымен орак орады.

  15. 19 Ақпан, 2018, 10:33

    Генекен женеды, содан, кейын токтайды, Артаев шайнай береды. …

    • 19 Ақпан, 2018, 13:51

      Кайдагы бокс маманы болсанг неге бокстан кеттинг бир женгиске жеттим деп коя салдын

  16. 19 Ақпан, 2018, 13:51

    Кайдагы бокс маманы болсанг неге бокстан кеттинг бир женгиске жеттим деп коя салдын

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.