"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Ерлан Рысқали: Эстрадамызда ұлттың иісі аңқып тұрған шедевр ән жоқ

«Хит қазақстан» бағдарламасы ұлт арнасын «ит қазақстан» қылды ғой! Әлде сол мардымсыз «эстраданы» көрсететін басқа арналар биліктің қаһарына ұшырап жабылып қалды ма? Немес ұлт арнасы көңіл бөлетін өзге дүниелер құрып қалды ма?! Ұлттық арнаның эфир уақытынан күніне екі сағат алатындай бұл бағдарлама ұлтты рухани жаңғыртып жатыр ма?! Жоқ! Керісінше «рухани қаңғыртып» жатыр! Және деңгейі «тобыққа» да жетпейтін «эстраданы» ӨНЕР деп ұлттық арна төрінде тайраңдататындай не күн туды басымызға?! Біздегі эстрада керемет деп ойлайсыз ба? Жоқ! Жоқ! Мен олай айта алмаймын. Неге десеңіз біздің эстрадалық өнерпаздар әнді той деңгейінде түсініп сол деңгейден аса алмай келеді. Олардың көпшілігі қазақ өнеріне үлес қосу үшін емес мал табу үшін келген! Олар үшін өнер емес ақша маңызды! Сапалы өнер емес ақша керек оларға, ақша!

Тап қазіргі уақытта бойынан ұлттың иісі аңқып тұратын ШЕДЕВР ән жоқ біздің эстрадамызда! Бар болса «I’m a singer» жобасында Димаш бауырымыз француз Григорий Лемаршел мен орыс Витастың әнін айтып танылмас еді. Бүгінгі таңдағы кезкелген «хит» (бәтшағар, әннен садаға кетсін) деген әнсымақты алайық. Соны талдайық. Әуен бар ма? Ұлттық менталитетімізге сай ма? Ұлттың қолтаңбасы бар ма? Әрине жоқ! Әуелі жүректен шыққан ба өзі? Жоқ!!! Есеппен шыққан, есеппен! «Ақша табу, танымал болу» деген математика.

Сөзі қалай? Сөзі, сөз етуге тұрарлық дүние емес! Екі адамның арасында ғана болатын «махаббат» дейтін бір ғажап сезім бар еді. Ғашықтық пен құмарлықты шатастырған ақындарымыздың кесірінен шың басындағы таза сезім аяқ астына бірақ түсті. Сіз, «жоқ, аяқ асты емес» деуіңіз мүмкін. Бірақ, кіндіктен аспақ түгілі, кіндікке жете алмай жатыр!!! «Көріп қалу, сүйіп қалу, бірге болу».

Жарайды әрі қарай жүрейік. Орындаушының дауысы мен шеберлігі қандай? Шеберлікті қоя тұрайық. Дауыс бар ма екен, өзі?!… «Аражировкасы» (өңдеуі немесе әрлеуі) қалай? Ол да сол той деңгейінде, жұпыны! Ырғаққа ғана негізделген. Ең керемет деген хиттың аранжировкасында 2 неме 3 аспап қана болады. Оның біреуі ұрмалы аспап. Ал, екеуі енді ол талғамға қарай…

Аранжировкадағы ең құнды дүние ол – ырғақ. Оның өзі қазақтыкі емес, ӨЗБЕКТІКІ! Міне, бар болғаны осы. Осындай жұпыны дүниені қарапайым халықты былай қойғанда түйсігі бар-ау, ойы терең-ау деген зиялыларымыздың өзі «шедевр» санап жүр.

Бұл нені білдіреді? Әрине біздің қазақтың талғамының тоз-тоз болғанын білдіреді! Ал бұның артында кім немесе не тұр? Бұның артында әлемдегі алпауыт мемлекеттердің аз ұлтты «Ұлтсыздандырып, талғамын тоздырып көзін құрту» деген жымысқы әрекеті тұр! Және ол асқан ыждаһаттықпен жүзеге асып жатыр. Ал, қолында тізгіні бар аға – апайларымыздың осындай жымысқы саясатқа қарсы әрекет етпей жол бергеніне қалай ғана жаның ауырмайды?! Баяғы қазақ әнді билеп, ерігіп көңіл көтеру үшін тыңдамаған! Олар, жанын сергітіп ойын тереңдетіп рухани жаңғырып кемелдену үшін тыңдаған!

П-сы: Ұлт боламын десең АРНАҢДЫ түзе!

Ерлан Рысқали,

Дәстүрлі әнші




Осыған ұқсас:

  1. Мақпал Исабекова тыңдармандарына дәретханадан сәлем жолдады (фото)
  2. Анасы Қайрат Нұртас үшін төбелеске дейін барғанын есіне алды (видео)
  3. Айтыстың есерленген эстрададан еншісі бөлек…

Facebook арқылы пікір жазу



10 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 29 Қаңтар, 2018, 11:17

    ЕРЛАН РЫСҚАЛИ, осы мәселеге үн қосқаныңыз үшін мың алғыс! Бұл сан мыңдаған Қазақтың жанайқайы. Өкінішке қарай, бұл айқайымызды сан саладағы басшылықта отырғандар тыңдамайды. Өйткені, оларды ақша көрсоқыр, таскерең етіп тастаған. Сондықтан, айқайламақ түгілі қышқырсаң да ешкім құлағына да қыстырмайды. Бүгінгі эстарадағы ақшаның құлы болғандар жас ұрпақтың санасын улап, аға буынды жынды ететін болды. Қазақтың халық әндерінде әбден «мүгедек» етіп бітірді. Әншісымақтар мен сазгерсымақтарды, ақынсымақтарды жүгендемесе Қазақ әндері болашаққа аман-сау жетуі неғайбіл. Қазақтың қоңыржай мақамы да, кестелі, көркем тілі де әбден бұзылды. Қазақша ән айтып жатқанда шетел әні екен деп қаласың.Сөздері жындының сандырағы. Шыңғыру, ыңырсу, айқайлау сияқты қоспалармен әбден бітірді әндерді… Бүгінгі әншілер мен актерлер (актрисалар) жастардың жанымен бірге, тәнін де жалаңаштауға үндеуде. Рухани емес, материалдық баюды және отбасылардың ажырасуын, ойнастықты насихаттауда.
    ЕРЛАН РЫСҚАЛИ, жалынамыз! Өнерімізді өлімнен арашалағыларыңыз келсе, осы істі қолға алыңыздаршы! ДЕРЕУ КӨРКЕМӨНЕР КЕҢЕСІН ҚҰРЫҢЫЗДАР!
    Жастардың санасын сарсытып, болашаққа қиянат жасап жатқан эстрададағы әншісымақ-жұлдызсымақтарды өшіріңіздер! Шыдамымыз таусылды.
    Қазіргі кезде өз басым теледидар мүлдем көрмеймін. Жиіркенішті! Тек радио тыңдаймын. Айтпақшы, ЕРЛАН РЫСҚАЛИ, кейінгі кезде Сіздің әндеріңізді радиодан да естімей жүрміз, неге?
    Осы сәтті пайдаланып Ерлан Рысқалидай көмейіне бұлбұл ұя салған, біртуар ғажап дарынға деген шексіз ілтипатымды да білдіргім келеді. Болашаққа інжу-маржанымызды аман жеткізетін Сіздер!
    Жүз жасап, Қазақ әндерінің жұлдызын жарқырата беруіңізге тілектеспін!

  2. 29 Қаңтар, 2018, 11:36

    Қайрат Байбосынов өте мықты дəстүрлі əн айтушы,бұ кісіге еліктеп қаншама жігіттер домбырамен дəл сол кісінің даусын салуға ұмтылды.енді кəзір ол кісі керек еместей.тіпті эфирден де көрсетпейді.есесіне со кісіден үйренген əншіні əспеттеп күнде көрсетеді.

  3. 29 Қаңтар, 2018, 11:39

    Мен бұ жерде Ерланды Р.айтып тұрғаным жоқ.Ерлан халқы үшін қалтқысыз шын жүрегімен қызмет етіп жүр.

  4. Белгісіз 29 Қаңтар, 2018, 11:42

    Осы тілек жан айқайға бар қазақ қоғамы қосылып дауыс береміз.Бүлінгеннен бүлдіргі алма деген ел емес пе едік.Жалаңбас аналары жетектеген əнші сымақтарға бетіне айтсада болмай барады.Күресудің орнына домбырасын тастап эстрадаға көшкен əншілерге ұят.Екі тізгін бір шылбыр қолға алып Ақсақалдар билігіне жүгіну керек .

  5. Белгісіз 29 Қаңтар, 2018, 12:55

    Ерлан, қазақтың талғамының тоз-тоз болғаны жайлы жанайқайыңыз орынды, бірақ бүгін өздерін құдайдан кем көрмейтіндер ешкімді тыңдамайды, өзгерістер енгізіп, дұрыс жол бағытты насихаттау, көрсету ойларында жоқ. Теледидар көруден қалдық, көретін, тыңдайтын, есті дүниелердің жоқтың қасы. Не боламыз, қайтеміз деп уақыт солай өтіп жатыр. Ерлан мырза, әншімін дейтіндер қазір өнерін емес, түрін,киімін көрсетуге шығатын сияқты, бәрінің беті түрін бір хирург түрлерін бір үйдің адамдарындай жасаған сияқты, ерін мен көздері сұмдық қарауға қорқынышты, ал ондайлардың әндері туралы айтудың өзі артық. Саны бар да, сапасыздар тұнып бара жатқан қазақтың әншілік өнері мен мәдениетін Кімдер қорғайды, Кімдер сақтап қалады, Ерлан мырза?

  6. Белгісіз 29 Қаңтар, 2018, 16:20

    Қазақ эстрадасында ән айтып жүрген қазіргі жастардың ән мотивтері (Бүркіт пен Айша: – ирандық музыкалық мотив) қазақы еместігі белгілі. Жиркенішті жағдай. Қалған әнші сымақтардікі Қырғыздар мен Өзбектердің ән ырғақтары, аранжировакалары да солардыкі болса таң қалмаймын. Сплошной плагиат (ұрлық) және халтура!!! Орындалуы өз алдына бөлек әңгіме, вокал жоқ, есесіне ыңырсу, страдальческий дыбыс шығару (жүректі айнытып бітті, уже). Міне, қазақ эстрадасының қазіргі сиқы. Екі ай бойы монша көрмеген соқыр кемпір сияқты, күлімсі сасып тұр!!! Және де, сол эстрада әншілері беттері бүлк етпестен, анау дешовый халтураларын сахнадан айтуға еш ұялмайды. Себеі, өздері сияқтылар өліп – өшіп тыңдайтындарын біледі, халтурщиктер. Өзбектер мен Қырғыздардың аранжировчиктері байып болған болар?!

  7. Белгісіз 29 Қаңтар, 2018, 16:20

    Қазақ эстрадасында ән айтып жүрген қазіргі жастардың ән мотивтері (Бүркіт пен Айша: – ирандық музыкалық мотив) қазақы еместігі белгілі. Жиркенішті жағдай. Қалған әнші сымақтардікі Қырғыздар мен Өзбектердің ән ырғақтары, аранжировакалары да солардыкі болса таң қалмаймын. Сплошной плагиат (ұрлық) және халтура!!! Орындалуы өз алдына бөлек әңгіме, вокал жоқ, есесіне ыңырсу, страдальческий дыбыс шығару (жүректі айнытып бітті, уже). Міне, қазақ эстрадасының қазіргі сиқы. Екі ай бойы монша көрмеген соқыр кемпір сияқты, күлімсі сасып тұр!!! Және де, сол эстрада әншілері беттері бүлк етпестен, анау дешовый халтураларын сахнадан айтуға еш ұялмайды. Себеі, өздері сияқтылар өліп – өшіп тыңдайтындарын біледі, халтурщиктер. Өзбектер мен Қырғыздардың аранжировчиктері байып болған болар?!

    • 9 Сәуір, 2018, 12:05

      Осы жұп-жуан еркектердің қатындарыменен қосылып алып,ирандықпа,өзбек-қырғыздықпа,әйтеу қазақтыкі емес,ұлыған,жыламсыраған ән іспеттес бірдемелеріне жуан бөкселерін бұраң-бұраң еткізіп тұрып,екі қабат қатындар құсап,іштері табақтай,жуан бөкселерін ырбаңдатып,бұлтыңдатып билегенсіп ән айтқандары құрысын.көзіңді тарс жұмып,құлағыңды баса қоясың.
      Қазақтың еркегі би қимылын қамшымен,бүркітпен немесе еркекше қимыл-қозғалысымен білдірмеушіме еді.мыналардың қимылы жезөкшеден өткенбе деп қаласың.иранбақта жүргендей қылымсыған қатын құралыптас біреулер қаптап кеткен.

  8. Белгісіз 29 Қаңтар, 2018, 18:55

    Ерлан өте дұрыс айтқан. Ашынғаннан айтқаны көрініп тұр. шынымен де қазіргі эстрада гибрид, синтезделген, жұпыны (убогий) мотвтер мен шектелген. Әннің сөздері жыныстық қатынас жасауға қауқары жоқ, қапастағы зэктің немесе төсек тартып қамығып жатқан, көздері қарайған адамның ойы сияқты. кейбір ән сөздерә (мәтіні) сексальды маняктардың, стадальецтердің ымырасына келетіндей ұятты болып естіледі.

  9. Белгісіз 29 Қаңтар, 2018, 23:39

    Әнді қоя тұрып кәзіргілер қарапайым сөз түсінбейтін болыпты. Ереке мен де сендей консерваторияда оқығанмын. Өзімді кереметтей әдеби тілде сөлей аламын деп айта алмайын, БІРАҚ «қылық» деген сөзді түсінбеген адамды көрдіңдер ме ?

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.