"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Интернет пен телевизия адамдарды ашуланшақ етеді – психолог

Астаналық психолог-маман Қазыбек Фрейдман қазіргі заманда адамдардың не үшін ашуланшақ болатынының себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл адамдардың санасындағы шектеулердің жоғалатындығымен байланысты. Бірінші кезекте бұл көңілің қалаған ісіңмен айналысуда шектеу болмайды деген сөз. Адамдар ақпаратты барлық көздерден ешқандай шектеусіз алады. Интернетте кез келген ақпаратты ешқандай қиындықсыз алуға болады. Осы жерде адамдардың ішкі дүниесі ашылып, олар желіде жазылған дүниелердің барлығын іске асыра бастайды»,-дейді ол.

Сондай-ақ психологтың пікірінше, бұл жерде телевизия мен ешқандай қиындықсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі де үлкен рөл ойнайды.

«Адамдар телевизор, кино көріп, түрлі видео ойындар ойнап, бір-біріне сан түрлі қатал, жантүршігерлік кісі өлтіру және зорлық-зомбылық әрекеттері туралы бейнероликтер жіберіп отырады. Осыдан келіп адамдардың өлімі, қорқыныш тудыратын емес, әдеттегі дүниеге айналады,-деп есептейді Фрейдман.

Психологтың пікірінше, қазіргі таңда отбасылық өмір де біршама өзгерістерге ұшырады. Бұл да адамдардың өміріне ықпал етуде.

«Мысалы, бұрындары отбасы басты құндылық деп бағаланып, өскелең ұрпақты оны сақтау қажет деп тәрбиелейтін. Қазір керісінше, адамдардың жеке өміріне баса мән беріледі. Егер саған ол ұнамаса, онымен өмір сүрудің қажеті жоқ. Оның кемшіліктеріне бас ауыртудың керегі жоқ, тек көңілің қалағаныңдай өмір сүру керек деген ұғым бар»,-деп қорытты сөзін сарапшы.





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.