Жоғары сот төрағасы: сотқа көңілі толмаған халық бүкіл мемлекеттік билікке өкпелейді

3367
9
Бөлісу:

Жоғары сот  төрағасы Жақып Асанов соты әділ елдің қандай болатынын түсіндірді. Бұл туралы Астанада өткен Жоғарғы соттың 2017 жылғы қорытынды жиынында айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Жиында Асанов барынша ашық болу керектігін және халықтың көңілінен шығу жолдарын айтты.
“Біз өзіміздің проблемамызды, кемшіліктерімізді жасырмай жеткізе білсек, қоғам біздің қызметіміздің қыр-сырын жақсы білетін болады. Ал енді қоғам жұмысымыздың қыр-сырын білген сайын, судьяларға деген  талап өседі. Бұл түбінде бізге нені береді? Қоғам білгеннен кейін, біздің әр қадамымыз, сөзіміз жұрттың бақылауына болады. Олардың бақылауында болғаннан кейін, әрбір судья, әрбір сот төрағасы жұмысын жақсартуға, кемшілігін жоюға ұмтылады”, — деді ол.

Жоғарғы сот төрағасының айтуынша, өз елінің сотына сенбейтін жұрттың ұйқысы тыныш болмайды. Себебі кез келген азамат заңы үстемдік құрған елді өмір сүргісі келеді. Сотына сенген ел өзінің келешегіне сенеді, балаларына алаңдамайды, мемлекетті сыйлайды, кәсібін уайымсыз жасайды, тәртіпке бас иеді, дейді ол.

“Жалпы мемлекеттік билікте соттың алатын орны ерекше. Жұрт сотқа соңғы үмітін арқалап келеді, әділдік сұрайды, ал егер көңілі толмаса, ол сотқа емес, бүкіл мемлекеттік билікке өкпелейді” – деді сот төрағасы.

Сонымен қатар, соттың ел экономикасына қалай әсер ететінін де түсіндірді.

“Инвесторлар “бұл елдің соты әділ” деп, сол елдің экономикасына қыруар қаржысын құяды. Елбасы бұл жөнінде бізге талай айтып жүр, соны есімізде ұстауымыз керек”, — деді Асанов.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. С 27 Қаңтар, 2018 15:09 Жауап

    Саяжайлық жер телімі кезінде заңды түрде әкімшіліктің шешімімен бір азаматқа берілген. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін сол жер тілімін иесінеің рұқсатынсыз билік алып тағы да «заңды түрде» басқа бір азаматқа сатады. Ал ол азамат екі-үш ай өтпей ол жерді тағы бір азаматқа сатады, ал ол азамат сол жер теліміне екі жылдың ішінде үй салып алады. Одан кейін осы жер тілімінің бірінші иесі сотқа арызданады. Ал сот осындай оп-оңай істі ұмытпасам 1,5- жылдай қарап арызданған азаматқа басқа жер телімін беріп «мировое соглашение» шешім шығарады. Осы жағдайда қаншама уақыттарын бос өткізіп тағы да басқа…қиыншылықтар көрген азаматтарда қандай кінә бар?Осыдан кейін бұл азаматтар билікке қалай сенеді, өкпелемейді?

  2. Қанат 27 Қаңтар, 2018 19:23 Жауап

    Өте алғыр, өз ұлтына адал қызмет жасайтын, және сот жүйесіне үлкен өзгерістер енгізіп соттың өз алдына билік екенін.дәлелдеп мемлекетімізде әділдік орнататын бірден бір Азамат.

  3. ЖАЙНАК 27 Қаңтар, 2018 19:41 Жауап

    Ешқандай әкім де сотта,билік басындағылардың бәрі дұрыс жұмыс ітемейді,жұмыс істейтін адам ондай орындарда отыра да алмайды,әшейін халықтың миын улап қояды да жүре береді өйстіп,

  4. Бейсен Серікбай 28 Қаңтар, 2018 01:54 Жауап

    Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов – премьер министр лауазымына лайық тұлға.

  5. асет тама 28 Қаңтар, 2018 01:59 Жауап

    Жақып ағамыз ға рахмет. Халык сотқа күнде бармайды. Соттан халык ондай таяқ жеп жатқан жоқ. Халық жолдагы жол патрулдік полициясынан көп таяқ жейді. Жолжүрген соң көреміз олардың аузын ашса ақша талап ететін. Дөрекілігі, ашкоздігі, этикадан журдайлыгы құдды сол жол әкесінің мұрасы сықылды, құдды осы жолдан напака табу үшін үкімет соларга не кылсаң о қыл дегендей әсер қалдырады. Былай левый сұрайды бермесен заңмен коркытып алады. Құдды лицензиясы бар рэкет сияқты. Бұл күнде болып жатқан оқиға. Осы әрекеттерімен елімізге Елбасымызга үкіметке қаншама зиян әкеліп жатыр. Шіркіндерай булар ак патшамыздың жолдың тәртібін қара деген әскері емеспе, еліміздің айнасы емеспе.

  6. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 28 Қаңтар, 2018 07:24 Жауап

    Асановпен атап өтілген мәселелердің қоғамымызда бар екені халыққа баяғыда анық, ол жаңалық емес. Судьялардың қатесі мен кемшіліктері үшін сондай судьяларды тағайындағандар елдің алдында жауапқа тартылды дегенді естіген жоқпыз. Асанов мырза, ең бастысы жүйені өзгерту керек, сол жүйе өзгермей, айтқаннан ештеңе өзгермейді. Себебі біздің елде көп жағдайда мәселелер сөзбен ғана шешіледі, ал нақты іс, өзгеріс енгізу үшін ерлік пен қайсарлық керек әр салада, бірақ сондай қасиеттерімен көзге түсіп жүргендер көрінбейді. Менің ойымша, өз бетінше бастаманың көшбасшысы болып, ықыласын білдіріп, ынталылық танытқандар жағымсыз, теріс ой мен пікірдің астында қалу қаупі бар, сондықтан көбісі амалсыз команда берілмесе ауыз да ашпайды, алға да жылжымайды. Сондықтан осы аталған проблемадан арылу үшін жүйені өзгерту керек, ал жүйе өзгермек түгел, ол жайлы ойлаудан да алыс. Бәрі жай кезекті сөз бен әңгіме болып қалады.

  7. Қайрат 28 Қаңтар, 2018 20:33 Жауап

    Асанов мырза бұны айта бергеннен ештеңе өзгермейді ал өзгерту тәртіпке келтіру өзіңіздің қолыңызда.Балаға кəмпит берем дегеннен соң беру керек әйтпесе жылайды ұрандатқаннан ештеңе шықпайды нəтиже болмаса.

  8. Айтқұл 30 Қаңтар, 2018 21:34 Жауап

    Қайрат,Ботакөз пікірлерің халықтыің ойы.Ұрандатып сөз сөйлеу,бүгінгі шенеуніктің пиары.Сот жүйесі әділеттің саласына айналуы екі талай. Білімсіз судьяларды отставкаға жіберудің орнына орын ауыстырып жеңілдеу сотқа жібереді.Кадр мәселесі алға қойылмаған.

Пікір немесе жауап жазу

2 + 1 =