"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қазақстандық автокөліктер қанша пайызға арзандайды?

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Сатылымы жағынан қосымша құн бойынша салықтан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларының тізімін бекіту туралы» бұйрық дайындап жатыр. Құжатқа ақпан айында қол қойылып, ол жариялануы мүмкін, деп хабарлайды kolesa.kz. 

Бұйрыққа сәйкес, қосымша құн салығынан (ҚҚС) қазақстандық кәсіпорындардың бөлшектерінен жасалған, «инвестиция бойынша құзіретті органдармен бекітілген инвестициялық шарттар аясында кеден процедурасы үшін еркін қоймада орналастырылған» жеңіл автокөліктер, ауыр жүк көліктері, тракторлар мен арнайы техникалар босатылмақ. Ол жағдайда көліктің құны 12 пайызға азаюы мүмкін.

Демек, мұндай жеңілдікке ҚР ИДМ-нен қолдау тапқан және әкелінген жиынтық саймандардан көлік құрастыратын жергілікті зауыттардың өнімдері ие болады.

ҚҚС-ты алып тастағаннан кейін қазақстандық автосалондарда көліктің бағасы арзандайтыны немесе арзандамайтыны туралы сауалға (БИПЭК АВТО ғана бұл сұраққа жауап берді) кәсіпкерлер әлі толымды жауап бере алған жоқ.

Олардың айтуынша, бұл мәселе бойынша әлі соңғы шешім шықпаған. Бірақ, бұл сұрақтың жауабы құжат күшіне енгеннен кейін белгілі болмақ.





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 27 Қаңтар, 2018, 20:46

    Қазақстанда темірдің неше түрі бар,неге соны өзімізде шығармайды,неге оны шет елден әкеліп жинай береді,25жылда машина шығара алмау деген не масқара,Менделеев таблицасындағы элементтердің бәрі бар қазақстан үшін,бул үлкен позор,осындай қазақты кім менсінеді,Мұнайды шикілей сатады газды шикілей сатады,Мақтанады сөйтіп біз пәленінші орындамыз деп,Миы жоқ депудат,миы жоқ шенеунік,миы жоқ бастықтар,бұлардың халықтан ұялатын күні бола ма өзі,бәрі жермен,парақор,шетінен алаяқтар,сол 12% процентті де айтып мақтанып отыр ұялмай қызармай,Бірдеңе бітіріп тастаған адамдай,Машинаның ең қиын жері мотор шығару, соны өзімізде шығаруға болады ғой,қалғаны бәрі қаңылтыр,сонша қымбат,Ұсталған арзан машинаны да әкелдірмей тастап,машина сататын барлық,базарлар жабылып қалды,Істейтін жұмысы жоқ депудаттар осыны білмей ме,оқымаған адамның да сауаты жетеді осыны ойлауға,

  2. 4 Ақпан, 2018, 02:46

    Депутаттар биліктен қорқады қояндар сияқты

  3. 6 Ақпан, 2018, 22:53

    Бізде бәрі сөз жүзінде керемет,іс жүзінде 0.

  4. 12 Ақпан, 2018, 09:24

    Арзандағанын көріп тұрған жоқпын.Керісінше бірнеше рет қымбаттады.

  5. 18 Ақпан, 2018, 12:32

    Окымет ертегылерды балалата береды, соган сенып журсындер. Еий сендерде быр, …
    Отызга тарта жыл отты емеспе, алы сенып журсындер.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.