ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ МАФИЯ ҚАЗАҚТАР...

 

Британияда BBC арнасының жаңа телехиқая көрсетілімі басталды. Қазақстандықтар үшін бұл премьераның рөлі ерекше. Себебі сериалда мафияның рөлін қазақтар сомдап жатыр, - деп хабарлайды ratel.kz сайты.

“McMafia” деп аталатын сериалда Тимур атты мафия өкілінің рөлін сомдаған актер Ерден ТЕЛЕМІСОВТІҢ айтуынша, Қазақстанда кастинг болмаған. Өткен жылдың қарашасында Ерденге белгілі скрипкашы Марат БИСЕНҒАЛИЕВ хабарласқан. Мараттың қызы Арухан ҒАЛИЕВАҒА McMafia жобасының кастинг директоры азиат нәсілді үш актер тауып беруін сұраған. Продакшн студиядағылар Телемісовпен кездескен соң одан сотқардың рөліне тағы екі адам тауып беруін өтінген. Сөйтіп, британ сериалына отандық екі актер Мұрат МҰҚАШЕВ пен Нұркен ТҰМАТАЕВ түсетін болды.

«Нұркен бұрын киноға түсіп көрмеген, жарнамаларда ғана ойнаған. Мұрат екеуміздің видеоларымызды көріп отырып, олар кадрдағы Нұркенді де шақырды. Алғашында сценарийді ағылшынша жіберді. Кейін орысша жіберді. Күнтізбелік жоспарда әр минутқа дейін алдын ала  ұйымдастырылған екен. Түсірілім алдында актерлер алдымен режиссердің алдында, түсірілім тобының алдында ойнап көрсетеді. Сосын әріптестері кемшіліктерін айтқан соң ғана мотор қосылады», - деді Ерден Телемісов.

Айта кетейік, сериал британ журналисі Миша ГЛЕННИДІҢ 2008 жылы шыққан «МакМафия: Ұйымдасқан қылмыс» кітабының желісімен түсірілген.

Фото: vokrug.tvvoxpopuli.kz.