Өзбекстан тарапы автобус өрті кезінде көмектескен Қазақстанға алғыс айтты

6313
16
Бөлісу:

Өзбекстан тарапы Самара – Шымкент тасжолындағы автобус өртінің себебін анықтауға көмектескен Қазақстанға алғыс білдірді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылы маңында автобус өртеніп, полиция, төтенше жағдайлар қызметі, дәрігерлер мен психологтар көмек көрсеткен болатын. Ақтөбеге келген Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісінің көмекшісі Тимур Рахимов қазақ еліне өз алғысын айтты.

«Төтенше жағдай тіркеліп, Өзбекстан Республикасының азаматтары қаза болды. Алдымен Қазақстанның Президентіне, Үкіметіне, барлық мемлекеттік органына алғысымызды білдіреміз. Тергеу жұмыстары жедел аяқталып, біз жапа шеккендер мен қаза болғандардың дер кезінде отанына жеткізілетініне сенімдіміз»,- деді Т.Рахимов.

Айта кетейік, кеше Ақтөбеге Өзбекстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі Рустам Джураев бастаған арнайы топ келді. Олардың құрамында денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен дипломаттары бар. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиғаның неден болғаны анықталып жатыр. Өртті сөндіру, мүрделерді анықтау, тасымалдау жұмыстарына ішкі істер органдарының, төтенше жағдайлар қызметінің, прокуратура, облыс әкімдігі, жергілікті жол қызметінің 80-нен астам қызметкері мен 30 техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 16 пікір жазылған

  1. Жулдыз 20 Қаңтар, 2018 15:55 Жауап

    Озбек жагы канша азаматынан тиридей айырылды. Сонымен коймай бизге алгыс айтып жатыр. Мен уялып отырмын.

  2. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 20 Қаңтар, 2018 18:43 Жауап

    Дұрыс айтасыз Жұлдыз, бұл не жаңалық, қаншама адам қаза тапты, зар салып жылап отырған бала-шаға, ел- жұрт, осындай жағдайда алғыстың не қатысы бар, адам болып қалуы керек қой

  3. окырман 20 Қаңтар, 2018 19:36 Жауап

    Мынаны да жаналык деп жазып отырсыздар ма? Алгыс айтты, деп мактанып отырган сиякты гой. Биз негизи ел болып жарытпаспыз.

  4. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 20 Қаңтар, 2018 20:30 Жауап

    Сұмдық жағдайдағы адамдардың қасіретінің көрінісі негізінде, автобустың ішінде қиналып, азап көріп, тірідей жанып жатқан адамдарға көмек берілмеді, жан түршігерлік жағдай орын алды. Соны көріп, біле отырып, Президентке, Үкіметке, барлық мемлекеттік органдарға айтылған алғыс туралы жазу МАСҚАРА, СҰМДЫҚ, ПОЗОР, УЖАС олар қандай ЕРЛіК жасады соншама. Біз қандай елміз, не болып барамыз, өтірік мақтау, жағымпаздану, табыну түбімізге жетіп, адами қасиеттен жұрдай болып, айырылып қалмасақ екен, өте өкінішті және қорқынышты……………………………….

  5. Жулдыз 20 Қаңтар, 2018 21:31 Жауап

    Озбектер кишкене жуас халык болып тур гой.Сондыктан да бул жагдай казакка катысы жоктай тып-тыныш журип жатыр. Егер олардын орнында кыргыздар болса ангиме баскаша болар еди. Казактарды аягына жыгар еди олар. Нам просто крупно повезло.

    • Сабит 22 Қаңтар, 2018 12:26 Жауап

      Жұлдыз көңіл айтудың орнына не айтып отырсың, қырғыздардан қорқасың ба не? Алланың жазғанына көну керек, ол – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) қызының ұлы өлім үстінде жатыр деген хабарды естігенде : «Қызыма айтып бар! Алғаны да, бергені де – Оныкі (Алланікі)! Ешнәрсе мәңгі емес, әр нәрсенің уақыты шектеулі. Сондықтан, айт, сабыр етсін, Алланың жазғанына көнсін» – деп басу айтқан екен. Сол үшін өзбек ағайындарға сабыр берсін, қайтыс болған адамдардың топырағы торқа болсын деп айтайық, сен айтқандай қазақтар тыныш жатқан жоқ, барлық іс-шаралар жасалып жатыр.

      • Жулдыз 22 Қаңтар, 2018 18:14 Жауап

        Сабит! Осынын бари биздеги жемкорлыктын кесири. Осыдан еки жарым жыл бурын техникалык байкаудан оту мерзими битип калган автобус Сарыагаштан сонау Ыргыз ауданына жеткенше каншама ГАИ кызметкерлеринин жемсауын толтырды. Бул кылмыс па? Кылмыс! Биздин тарапымыздан кеткен соракылык! Егер ол автобустын кужатын мукият тексерип, жол-жонекей ПОСТГАИга осылай акша берип отпегенде ештене болмас еди. Озим де алыс калаларга кейде автобуспен журип турамын. Осындай жагдайга талай куа болганмын. Автобус жагдайы кажетти нормага сайкес келмей ме ол автобусты токтатып тастау керек. Сол озбектер ренжисе де оз елине депортациялау керек.
        Солай бола тура озбектер бизге «алгыс» айтыпты. Биздин БАК куралдары соны жарыса жазып алек. Уят-ай!!!!!

  6. асет тама 21 Қаңтар, 2018 00:45 Жауап

    Сендерде сандырактайсыңдар тегі. Алгыс айтпай қарғыс айтама. Каншама адамның денесі адам танымастай қуыршақ болып қалды. Соны сараптамадан өткізіп , анықтап олген денені жинап беріп жатыр . Еліне
    Жеткізіп берем деп жатыр Патшамыз өзбек халқына көңіл айтып жатыр. Өз котырыңды өзің касы деп жаткан жоқ. Сол үшін, қайғыға ортактасканы үшін, бей-жай қарамағыны үшін бауырлас өзбек халкы да өз тарапынан рахмет алғысын айтып жатканы. Пікір жазсаңдар дурыс жазыңыз ағайын Айтпесе қолтықтарыңнан колаңсы иіс шығармай тыныш отырыңдар.

  7. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 21 Қаңтар, 2018 08:27 Жауап

    Бұл сандырақ емес, осындай жағдайда көңіл айту мен өмірден озғандарды өз жүртына, еліне табыстау адами тұрғыдағы жасалатын міндет пен көмек, сондықтан ерсі теңеулеріңізбен өзіңіз шатаспаңыз, аузымызды жаппай отырыңыз, сіздің ойыңыздағы дұрыс пікірді жазбаймын да, олай ойламаймын да, себебі өз ойым, өз пікірім бар.

  8. Асет тамага 21 Қаңтар, 2018 09:04 Жауап

    Сиз мусылмандарга ортак миндетке «одолжение» жасап отырсыз гой, теги. Мундай жагдайды ешкимнин басына бермесин. Мундай жагдайда кол ушын беру арбир мусылман баласы ушин жазылмаган зан, биле билсениз. Сосын Асет, аты -жонинизди бас ариппен жазып уйрениниз. Сосын барып елге акыл айтасыз.

  9. асет тама 21 Қаңтар, 2018 11:33 Жауап

    Сіздердің әр пікірлерінде ел баскарган ел агаларына патшамызга деген ілтипат түгілі құрмет жоқ. Әйтеуір бір іліктен шілік шығару.Аталарымыз айтқан екен Құдайдан корыкпаган ханнан корыкпайды ханнан қорықпаган заңнан қорықпайды . Сіздердің әр пікірлерінде ел баскарганды сыйламау болғандықтан жуздеген уахабидің басын көтеріп отырсыздар. Сіздердің айыптауларың
    Негізсіз. Такыр бастан бит іздеу. Қазір Патша кінәлі үйдегі жалғыз сиырдың бұзауы өлседе сондай ұғым . Атымды кішілеу әріппен жазсам кішіпейілдігім деп ұғыңыз. Сіз атымды кішкентай әріппен жазганымнан кір іздеп отырсыз.

  10. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 21 Қаңтар, 2018 11:54 Жауап

    Өзіңіз не айтып кеттіңіз, не жайлы айтып отырсыз, қайғылы жағдай орын алғанда қол үшін созу мен көмек парыз деген ой білідіріп отырмыз. Ал осы жағдайдың негізінде, сіз айтып отырған ілтипат, патша, бит іздеу, құрмет, сыйламау жайлы әңгімеңіз артық, оны не үшін айтып отырсыз. Доғарайықшы осымен, бәрібір әркім өз пікірімен қалады. Өмірден озғандар иманды болсын, туғандары мен жақындарына құдай шыдам мен сабыр берсін.

  11. Қолқоюсыз 21 Қаңтар, 2018 13:29 Жауап

    Доғар сақ догарайык. Менің де кулшынысым шамалы. Создің төркінін айттык.

  12. шал 22 Қаңтар, 2018 02:33 Жауап

    казах уни алгыс аитыпты еситтик бизде ютуб корсениз россияда озбектер ватандошы президенти усман баратов деген бир дангасаси рекет ортеген деп журналиске интервью берип жатыргои буган сиздер не аитасыздар неге биздин комиссия тири калган еки озбек уш шофер казактардын журналистермен жуздестирмеди корсетпеди телевизордан ютубта 80% озбектер адеи уиыстырылган деп жатыр.мне гап каида.

    • Қолқоюсыз 22 Қаңтар, 2018 11:33 Жауап

      Дұрыс айтасыз. Біз де естігенбіз. Маскеуде отырып провокационный мәлімдеме жасады. Оған қоса біздің Пікіршілер кундіз -туні басы -касында журген ел агаларына недоволен болып отка май құйғандай. Қауіпті нәрсе.

  13. шал 22 Қаңтар, 2018 12:31 Жауап

    тунде озбектин дунияузбеклари деген саиттына кирсем бир оз агамыз автобусты алыстан артына или алдынан аткан деиди военнилер биледи деп кояды каруды дистанционное жарып жиберген деп сандырактапта кояды аитатындары казахтар неге тири калган шупкалы екен оларга анаусы Москвада мотам куни деп журсе озбекистан каналдарында даурага туш болып жатыр екен онында жазып жаткандар бар владимирдеги поезд урган автобусты алдын актобеде уиктап аунап кеткен автобус енди мына автобус барине козохлар виноват екен бир гап бар деиди .бир окемет окилима депутатпа сенаторма ана баратов деген алемге жар салып жатыргои автобуска озбектерди камап шоферлар казах болгансын тимеи озбектерди ортеген деп рекеттер.казах уни атамбаевка аикаилгандаи апталап бирдене деп бир аикаилап коимаисыздарма.бир кызыгы автобус хозаини ташкентте турады екен турк болса керек ордахан аты бир блогеры бир сарты тилге алмаиды 2015 бери техосмотрдан отпегенин автобусынын.

Пікір немесе жауап жазу