"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Нью-Йоркте қазақстандық әдебиет және мәдениет орталығы ашылды

Нью-Йорк көпшілік кітапханасында (АҚШ) қазақстандық әдебиет және мәдениет орталығы ашылды.

«Қазақстандық әдебиет және мәдениет орталығы АҚШ-тың кітапсүйер қауымына қазақ халқының әдеп-ғұрыптары мен өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, оның экономика, саясат және әлеуметтік саладағы қол жеткізген нәтижелерін насихаттауға деген тамаша мүмкіндік»,-деп хабарлады ҚР Академиялық кітапханасының құжаттарды өңдеу қызметінің жетекшісі Нұрбала Текесбаев өзінің Facebook парақшасында.

Орталықта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары, сондай-ақ Елбасының қызметі, оның халықаралық саяси аренадағы рөлі туралы, тарихи, ғылыми-танымдық және көркем әдебиеттер бар. Барлығы 200 кітап көрермен назарына ұсынылған. Жақын және алыс шетелдерден қазақстандық әдебиеттер орталықтарын ашу жобасы кітапханалардың халықаралық деңгейдегі ықпалдастығының шешуші бөлігі саналады.

Аталған жоба мемлекеттердің, халықтар мен кітапханалардың кітаптар арқылы байланысының өзіндік көпірі іспеттес. Қазақстандық әдебиет орталығы ҚР Мәдениет және спорт және ҚР Сыртқы істер министрліктері мен Қазақстанның АҚШ-тағы елшігінің қолдауымен ашылды.

Нью-Йоркте қазақстандық әдебиет және мәдениет орталығы ашылды




Осыған ұқсас:

  1. АҚШ-та Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылады
  2. Шымкенттің ең танымал полицейі Нью-Йорктің үздік копымен кездесті (ФОТО)
  3. Нью-Йорк қаласының орталығында жойқын жарылыс болды (фото, видео)
  4. Әлемде екі аптада бір ұлттың тілі жойылады – ғалымдар
  5. Дәрігерлер әскерилердің жыныстық қуатын қайта қалпына келтірмекші
  6. Дәурен Елеусінов қарсыласын бір минутта нокаутқа жіберді (видео)

Facebook арқылы пікір жазу



2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 21 Қаңтар, 2018, 00:12

    Жарайсыңдар!

  2. Белгісіз 21 Қаңтар, 2018, 12:59

    Еліміздің әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болса, министр мырза тұрған көрменің полкаларына ең бірінші ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұраларымызды жайғастырып, соларды көрсетіп, насихаттаудан неге бастамаған екен.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.