"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Ақорда қақпасына соқтығысқан Porsche Cayenne көлігін жүргізген полицей қызметінен қуылды

ІІД өкілдері Ақорда қақпасына соқтығысқан көлікке қатысты мән-жайды айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«17 қаңтарға қараған түні болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның барысаында Астана қалалық ІІД ӘПҚ ЖПП арнайы батальоны қызметінің инспекторы полицияның аға лейтенанты Е.Иманбеков Достық көшесімен келе жатып, мұхтайғақ жағдайында тізгінге ие бола алмай, қақпаға соқтығысқан, сөйтіп қақпаны бүлдірген. Ешкім зардап шеккен жоқ», – деді ІІД өкілдері.

Полициядағылардың айтуынша, жол апатын жасаған Е.Иманбеков ҚР ішкі істер органдары қызметінен шығарылған.  Сондай-ақ, қоластындағылардың жеке-тәрбиелік жұмысын әлсіз ұйымдастырғаны үшін осы бөлімшенің бірқатар жетекшісі қатаң тәртіптік жазаға тартылған.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Ақорда қақпасына соқтығысқан Porsche Cayenne көлігінің суреттері пайда болған еді. Бұл суреттердің қашан түсірілгені белгісіз. Расталмаған мәліметтер бойынша, автомобильде полиция қызметкерлері болған.




Осыған ұқсас:

  1. Алматыда жол апатына ұшыраған көлік екіге бөлініп қалды (фото)
  2. Алматы-Бішкек тасжолында екі адам көлікте жанып кетті (ВИДЕО)
  3. Қазақстандық автокөліктер қанша пайызға арзандайды?
  4. Прокуратура қызметкері жолда жылдамдықты шектен тыс арттырып мақтанды (видео)
  5. «Астана-Көкшетау» тас жолындағы апат: Құмарбек Жакетайұлының ерлікпен ажал құшқаны мәлім болды
  6. 2017 жылы сатылымға шығатын Toyota Camry 60 қандай?


6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 18 Қаңтар, 2018, 11:39

    мұхтайғақ деген не?

  2. Белгісіз 18 Қаңтар, 2018, 16:11

    ,,Өлетін бала молаға қарай жүгіреді,, Соқтығысуға Ақорданың қақпасынан басқа қақпа құрып қалып па? Бірақ ата-бабадан қалған ,,Алдырар күні жаздырар,, деген сөз бар. Сондықтан әлгі полицей қазақылығы кәдімгідей болса, бозқасқа қой сойып садақа беріп, әке-шеше, ата-бабаларының рухына құран шығартып, қатым еттіргені жөн. ,,Жеті нан садақа – жеті түрлі бәледен сақтайды,, деген сөз бар.

  3. Белгісіз 18 Қаңтар, 2018, 20:48

    Малгундарды соттау керек. Баримизге белгили полициядагылардын,офицерлеринин копшилиги паракор , маскунем екенин. Тартип сактаудын орынына,колындагы биликти озпайдасына пайдаланады. Козин курту керек сондай малдардын.

  4. Белгісіз 19 Қаңтар, 2018, 10:08

    Ақорда қақпасына соқтығысқандар жедел түрде қызметінен қуылды, елімізде тек Ақордаға ғана байланысты емес, барлық салаларда қолдарынан іс келмейтіндер, нәтижеге қол жеткізбегендер осылай Ашық жедел түрде қызметтерінен неге қуылмайды екен?

  5. Белгісіз 19 Қаңтар, 2018, 14:17

    Астанада әлі мұхтайғақпа? Жыл сайын қыста әйтеуір мұхтайғақ болады да тұрады. Ол, мұхтайғаққа құм себу керек еді сонда қақпа бүлінбейтін еді.

  6. Белгісіз 19 Қаңтар, 2018, 17:36

    ,,Мұхтайғақ,, та, ,,Мұзтайғақ,, та емес, дұрысы ,,Көктайғақ,, . Анау айтылып жүргендердің бәрі қазақ тілін жөнді білмейтін қыржубайлардың сөзі.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.