Әлеуметтік желіде Трамптың Қазақстан туын жамылған суреті тарады (ФОТО)

Желіде Дональд Трамптың қазақтың көк туын үстіне жамылып алған суреті пайда болды. Бұған сенген адамдар суретті бір-бірінен іліп әкетіп, жаппай бөлісті., - деп жазады qamshy.kz.

Алайда бұл АҚШ президентінің балауыздан жасалған мүсіні болып шықты. Былтыр қаңтар айында таныстырылған өнер туындысы қазір Вашингтондағы Мадам Тюссо музейінде тұр. Мүсінді жасауға 20 суретші қатысып, алты айда бітірген. Шаш үлгісін дайындаудың өзіне бес апта кеткен.

Балауыз мүсін тұрған бөлменің интерьерін шеберлер Ақ үйдің ішкі көрінісінен дәлме-дәл көшіріп жасаған.