Дауға айналған тортты дайындаған кондитер оның нақты бағасы туралы айтты

Шымкенттегі тойлардың бірінде қонақтарға ұсынылған құны 59 млн теңгелік ($170 000) торттың төңірегіндегі шу әлі басылар емес. Атышулы тәттіні пісірген ресейлік кондитер Ренат Агзамов болса, шуды басқысы келді ме, өзінің Instagram-парақшасында оның құны 179 мың доллар болмайтынын айтып ақталды.

Бұл туралы sn.kz хабарлады.

– Торт 59 млн теңге емес. Оның қанша тұратыны құпия. Оның шын мәніндегі сомасын тапсырыс беруші мен өзім ғана білемін, – деді Агзамов.

Айта кетейік, шымкенттік олигархтар әулетіндегі үйлену тойына арнайы тапсырыспен дайындалған торттың диаметрі – 3 метр, биіктігі – 4,2. Салмағы – 1500 келі.

Кештің басты хиті – торт пен боксшы Генадий Головкин болған.