"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Абаев 1,7 млрд теңге бөлінген БАҚ мониторингіне қатысты түсініктеме берді

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 1,7 млрд теңге бөлінгелі отырған қазақстандық БАҚ-тың мониторингі жайында айтып берді. Бұл туралы tengrinews.kz порталының мәліметіне сүйеніп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл жүйенің бізге ауадай қажет екеніне сенімдімін. Бұл бақылау емес, мониторинг. Мәселен, мемлекеттік тілде шығып отырған ақпараттардың санын анықтауға мүмкіндік беретін мониторинг ол. Әрі бізге заңнамаға сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мониторинг», – деді Абаев.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның ақпараттық аймағы түгел қамтылады. Мониторингке басылымдар, радио, телевидение және Интернет-БАҚ-тар түгел кіреді. Сондай-ақ Абаев әр баспа басылымында заң бойынша жарияланған ақпараттан кейін министрлікке тапсыруға тиісті электронды нұсқаның барын айтты.

«1,7 млрд теңге тиісті ақпараттық өнім жасап шығару үшін қажет. Ол арнайы әрі ерекше бағдарлама», – деп атап өтті министр.




Осыған ұқсас:

  1. «ҚАЗАҚ ҮНІ» порталына пікір жазу ережесі ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ (ФОТО)
  2. ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығына ұсынымдар қабылдау басталды
  3. Ресей 2018 жылы үш мемлекетті басып алады – БАҚ
  4. Өзбекстанның бұрынғы президенті туралы ресми мәліметке қайшы жаңа деректер жарияланды
  5. Қытайдағы БАҚ қазақтың жаңа әліпбиі жөнінде не жазып жатыр?
  6. Министр БАҚ саласындағы заң жобасына қатысты видео жариялады


2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 12 Қаңтар, 2018, 13:49

    Енді осы қаражат кейбіреулердің қалтасына түспей, өз орнымен игерілсе екен, министр мыза. Тағы айта кететін мәселе, Кім осындай қомақты қаржының дұрыс пайдаланып жатқанын қадағалайды, сондықтан осы сұраққа бірден көңіл бөлу керек, судың да сұрауы барын ұмытпау керек, сонша қаражат желге ұшып кеткен тәрізді жоғалмасын деген тілек қой біздікі. Әйтпесе,басқа елде халықтың ақшасын тығатын оффшор дейтін сандық есімізді шығарып отыр ғой.

  2. Белгісіз 17 Қаңтар, 2018, 11:30

    Мемлекеттік телеарна болған соң жарнама мүлде көрсетілмеуі керек деп ойлаймын министр мырза! Əйтпесе теледидар көруден мүлде қалдық. Мүшеқаппен олвейсті бір бағдарламада оншақты рет көреміз. Əбден зығыр болдық.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.