"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Ерлан Қарин: Көңіл көтеру бағдарламалары – теленарықтағы маңызды сегменттердің бірі

Соңғы кездері «QAZAQSTAN» арнасына және осы телерадиокорпорацияны басқаратын Ерлан Қаринге қатысты сын көп айтылып жүр. Тіпті әлдебіреулердің ойынша, бұл телеарна соңғы кездері тек әзіл-оспақ, көңіл көтеру жағына қарай ойысып бара жатқан көрінеді.

«Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин кеше ғана өзінің Фейсбуктегі парақшасында қаптаған сынға жауап қайтарды, деп хабарлайды Caravan.kz.

Қарин мырза ең алдымен «QAZAQSTAN» телеарнасында түрлі жанрдағы бағдарламалар барын айтқан. Олар – көңіл көтеру, жаңалықтар, ақпараттық-танымдық, пікірталас, сараптамалық, сондай-ақ, телехикаялар, көркем, деректі және анимациялық фильмдер. Содан кейін РТРК басшысы осы жанрлардың ара салмағына тоқталыпты.

«25% телехикая өндірісі, 22% гуманитарлық бағдарламалар, 11% көңіл көтеру, 19% музыкалық, 7% жаңалық, 8% әлеуметтік-саяси, 3% көркем фильмдер, 2% спорттық бағдарламалар» дейді Е.Қарин.

Оның айтуынша, былтыр телеарна эфиріне 20-дан астам жаңа жоба шыққан. Солардың 70 пайызы ақпараттық және әлеуметтік-танымдық бағдарламалар екен. Яғни «QAZAQSTAN» рейтингтің азайып кетуі мүмкін екеніне қарамастан, осы бағыттағы телехабарларды көбейтіп жатыр.

«Бірақ көңіл көтеру бағдарламаларының теленарықтағы маңызды сегменттердің бірі екенін айта кету керек. Оны әртүрлі буындағы аудитория қажетсінеді. Мысалы, 2017 жылы бірегей халықаралық музыкалық жобалар шықты. «Мен қазақпын» қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүрлі музыкасын дәріптейді. Ал «Silk Way Star» Қазақстанда ғана емес, 8 елде көрсетіліп, жетістікке ие болды. Бірақ соның өзінде де бұларды жаңа сапамен жасауға тырысып жатырмыз. Қазақстандық телеөнім бірінші рет бірнеше елдің телеэфирінде көрсетілді» деп жазады «Қазақстан» РТРК басшысы.

Айта кетейік, Ерлан Қарин «Қазақстан» РТРК басшысы болып былтыр ақпан айының басында тағайындалды.




Осыған ұқсас:

  1. Динара Сәтжан “Қазақстан” ұлттық арнасы басшылығынан кетті
  2. Ерлан Рысқали: Эстрадамызда ұлттың иісі аңқып тұрған шедевр ән жоқ
  3. Баянның «БАЯН СҰЛУЫ» енді қайтып КӨРСЕТІЛМЕЙДІ!..
  4. МҰЗБАЛАҚ. Мұхтар Шахановқа
  5. Баян Есентаеваның қазақша қақпайтын құрбысы ҰЛТТЫҚ арна басшылығына келді
  6. Қариннен қайыр болмай тұр: «Ұлттық арна» – әлі де сайқымазақтар арнасы екен

Facebook арқылы пікір жазу



10 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 12 Қаңтар, 2018, 13:15

    Казакстан твда коретин нарсе жок есеби

  2. Белгісіз 12 Қаңтар, 2018, 15:19

    Ерлан мырза, қазақтілді менеджерлер мен өз ісін білетін мамандарды конкурс арқылы неге алмайсыз. Тағы бір сұрақ Оразымбетовадан басқа адам қалған жоқ па Таңшолпанды жүргізетін, әркім өз ісімен айналысу керек қой, сол жағын қарастырыңызшы және сол бағдарламаның форматын жаңашыландыру керек қой. Әзірше, арналарыңыз жайлы ауыз толтырып айтардай жаңалық жоқ, шынымен әзіл болсын,басқа бағдарламаларың болсын, жаңалықтарың автомат сияқты жай ғана сөздердің құрамы сияқты, кемшіліктерің бадырайып көрініп тұрады,соңына дейін көру мүмкін емес, сөндіріп тынамыз.

  3. Белгісіз 12 Қаңтар, 2018, 17:45

    Анау Қоянбайдың түнгі студиясын тоқтатын уақыт болған жоқ па? Жұртты дәмсіз әрі мәнсіз болғандықтан тіпті жалықтырып жіберді ғой. Әлде бұл хабарға Елбасы қатысты деп әз-әулие көріп жүрсіңдер ме? Бір хабарды үш-төрт жыл бойы ұстап, жұртты әбден жалықтырғанша отыра бергенше неге заманның ағымына, уақыттың талабына сай жаңалап тұрмайсыңдар. Әлде қолдарыңыздан келмей ме? Сенбі, жексенбі күндері тіпті теледидар көруден қалдық. Екі күн бойы ізді-ізінен жалғасын жатқан Тұрсынбектің ,,Әзіл әлемі,, ,,Тапқырлар клубы,, Есеннің ,,Жайдарманы., одан қала берсе Уәлибек, Суәлибектер қаптап кетеді. Солардан басқа көретін түк жоқ. Тіпті ,,Көрерменнің сұрауы бойынша,, деген сылтаумен 5-6 жылға созылатын түрік пен кәрістің сериалдарын беруден жалықпайтын едіңдер. Құдайға шүкір, ондайларды қазір ептеп азайттыңдар-ау деймін. Сіздер неге іргемізде тұрған өзбек, түрікмен, тәжік, қарақалпақ сияқты басқа да өзімізге жақын туысқан халықтардың кинофильмдерін бермейсіңдер? Тіпті олардың кейбірінікі қазақ киноларын шаң қаптырады. Әлде оларды менсінбейсіңдер ме?

  4. 12 Қаңтар, 2018, 21:40

    «Қазақстанда» Құранбек пен Тұрсынбектің әзілінен басқа көретін ештеңе жоқ. Құранбек күйіп тұрған әлеуметтік мәселелерді талқыға салады. Басқа маймылдарға қарағанда Тұрсынбектің әдемі құрастырған мәнді әзілдерінде шындық көп. Телеканалға қазақша сөздердің майын ағызатын, қазақ халқының көзін ашатын тілшілерді, ақындарды, саясаттанушыларды, әртүрлі ғылымдардан түсінігі бар азаматтарды пара арқылы емес, конкурс арқылы жұмысқа қабылдау керек қой. Ұлттық телеарна болғаннан кейін орысша мектеп бітірген жеңілтек топас-шалапайларды телеарнаға жолатпау керек қой. Өйткені, Қазақстанды тонап, бар байлығын талан-таражға салып сотталып жатқандардың, кино түсіріп, қазақ деген мұсылман халықты азғындатып, әлемге масқаралап жатқандардың 90 пайызы орыс мектептарін бітіргендер мен южандар ғой.

  5. Белгісіз 14 Қаңтар, 2018, 14:50

    Қолқоюсыз сені осы елді жерге, руға бөліп, жалған жала жауып, бүкіл бір өңірді қаралағаның үшін сотқа тартуға болатынын білесің бе? Сені тауып алу түк қиын емес. Бір рет «мақұл, қойшы», – дедім. Ал осы жолы сені сотқа беремін. Сенің өз қолыңмен жазылған дәлелдерің осы сайтта толып жатыр.

  6. Белгісіз 14 Қаңтар, 2018, 16:49

    Неге жүргізушілерге журналистерді алмайсыздар,Жолдыбаева,Ораымбетова,Есмахан сияқты беті жылтырап,дайын мәтінді ежектеп оқып тұратындардан жалығып кеттік.Одан Ресейдің Кудрявцева,Галкин,Малаховтардың жүргізген бағдарламалары әлде қайда қызықтырақ.Бізде де Нұрсұлтан,Ирина Тэн сияқты жақсы жүргізушілер бар.

  7. Белгісіз 18 Қаңтар, 2018, 14:48

    Жалпы қазақ тілді бағдарламалардың қайсібірін алсаң да сөз саптау, сөз мәнері дегенге мүлдем назар аударылмайды. Диалект сөздер, ( барсай, келсей, өлә, ), Тұрсынбектің сөздерінің жартысы орыс сөздері, жалпы барлық дерлік бағдарламаларда келсін-келмесін орыс сөздерін қыстыра кету модаға айналған. Ал нақты әзіл деген мүлде жоқ деуге болады, тыңдап отырып өзің ұяласың кейбіреулердің әзілдеріне.Қазақшаға аударылған фильмдеріндегі кейбір сөйлемдердің қате аударылғанын көріп, осылардың барлығын кім қадағалайды екен деген ойға түсесің. Шынында да, теледидар мен интернет қазіргі кезде алып тәрбиешіге айналды, сондықтан қазақ тілді арналардың осындай олқылықтарға жол бермеуі керек деп санаймын.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.