"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауын жария етті. Бұл жолғы жолдау «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталған және негізгі он бөлімнен тұрады.

«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге даму­дың жаңа сапасы қажет. Жаһандық трендтер көрсетіп отыр­ғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс» делінген жолдауда. Ол үшін елімізді индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Кәсіпорындарымызды жаңғыр­туға және цифрландыруға бағыт­тал­ған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет. Оған қоса IT және инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып отыр. Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болады.
Екіншіден, ресурстық әлеуетті одан әрі дамытып, шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтап, кә­сіп­орындардың энергия тиім­ділігі мен энергия үнемдеуге, сон­дай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық та­залығы мен тиімділігіне қойы­латын талаптарды арттыру керек.
Үшіншіден, «Ақылды технологиялар» арқылы агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі пайдаланып, аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Төртінші бағыт – көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. Заманауи шешімдер логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бесіншіден, құрылысқа және коммуналдық секторға жаңа технологияларды енгізу. Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады. Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек.
Алтыншы бағыт қаржы секторын қайта жаңғыртуға арналған. Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтап, ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс. Акцио­нерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс. Ұлттық Банк тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалау қатаң, уақтылы әрі нәтижелі болуы керек. Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға одан әрі кепілдік береді. Жеке тұлғалардың банкрот­тығы туралы заң қабылдауды тездету қажет.
Адами капитал – жаңғыру негізі. Бұл туралы жетінші бөлімде көрсетілген. Адамдарымыз­дың жан-жақты дамуы үшін білім беру, әлеуметтік қорғау, денсау­лық сақтау саласы жұмыста­рын жақсарту қажет. Жолдауда тіл мәселесіне де мол орын берілген. Сол сияқты тиімді мем­лекеттік басқаруды жетілдіру, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен «Ақылды қалалар» бағдарамасын енгізу өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналатыны айтылған.

Зейнолла АБАЖАНОВ

qazaquni.kz

 




Осыған ұқсас:

  1. АДАМ ТҮЗЕЛМЕЙ ЗАМАН ОҢАЛМАЙДЫ
  2. «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» – ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕУЕТІНІҢ КЕПІЛІ
  3. Басты құндылығымыз – азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық келісім
  4. Дулат ИСАБЕКОВ: Елбасының тіл туралы тапсырмасы талқыланбайды, орындалады!
  5. ЕЛБАСЫ ЕЛДІҢ СӨЗІН АЙТТЫ! Дариға кімнің әнін орындауда?
  6. ЕЛБАСЫ  ТІЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІН МӘЛІМДЕДІ


4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 12 Қаңтар, 2018, 11:09

    Өнеркәсіпті дамыту керек, оған еш қарсылық жоқ, бірақ 30 жылдың ішінде ең болмаса өзімізге-өзіміз іш киім мен төсегімізді шығарып, қамтамасыз ете алмадық. Бір Мәскеудің жұрты тұратындай халық саны бар Қазақстанда өзімізді-өзіміз керекті колданылатын азық-түлікпен де қамтамасыз ете алмай отырмыз. Қазіргі кезде қарапайым халық қалай күн көріп жатыр, шарықтаған бағалар мен қарапайым халықтың зарплатасы сәйкес келе ме, халық қандай азық-түлікпен тамақтанады, қандай ауыз суын ішіп отыр, қандай жолмен жүріп, тапқан зарплатасына, күн көрісіне алаңдаулы ма, осы жағдайлар биліктің назарына бірінші кезде алыну керек. Егер осы қарапайым халықтың басты да, маңызды жағдайлары ескерілмесе, толып жатқан қадамдар мен бағдарламалар не береді, олар кім үшін, не үшін деген сұрақтар туындайды.

    • Белгісіз 12 Қаңтар, 2018, 11:31

      Мыналар алы багытталып жур ме? !!!
      БАГЫТТАЛЫНДАР- БАГЫТТАЛЫНДАР. – кезектегы жеуден баска тукте шыкпайды. Ыстеген ыстерыннен керысынше натиже кутемын, киген трусиым да кыргыздыкы бызде пайдалы озымыздыкы деп айта алатын не бар еды ?

  2. Белгісіз 12 Қаңтар, 2018, 11:32

    Қазақ үні, неге үнсіз отырсыздар, бүгін Қонаевтың туған күні. Қонаевтың жасаған ерліктері мен еңбек жолын неге жарқыратып жазбайсыңдар, қаншама қалалар бой көтерді, өнеркәсіп дамыды сол тұлғаның тұсында. Сіздер жазбасаңдар да, біз Халық білеміз, есімізде сақтаймыз, Жақсыны Жақсы деп айтудан Қорқу керек емес. ҚАЗАҚ ЕЛІ, ҚОНАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЕР ЕСІМІ ЕЛДІҢ ЕСІНЕН ЕШҚАШАН КЕТПЕЙДІ.

  3. Белгісіз 14 Қаңтар, 2018, 22:17

    торт жединдерме южанандар 179мын доллардын рухани жангырып калган шыгарсыздар жегендер болса.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.