"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Назарбаев: Қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны қазіргі заманға лайықтауымыз қажет

Қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Бұл туралы бүгін республикалық басылымдарда жарияланған ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ұлттық порталы.

– Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған. Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді. Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр. Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек, – деді Елбасы өз Жолдауында.

Сондай-ақ, Н. Назарбаев латын әліпбиіне көшу мәселесіне де тоқталып өтті. Президентті сөзінше, латын әліпбиіне көшу жоғары аталған терминология мәселесін реттеуге мүмкіндік береді.

Елбасы, сонымен қатар, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасауды тапсырды.

Үштілділік тақырыбы да назардан тыс қалмады. Мемлекет басшысы алдағы жылдары еліміздің мектептерінде ағылшын тілінде жекелеген пәндер оқытыла бастайтынын атап өтті.

– 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады. Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады, – деді Назарбаев.

Атап өтейік, бүгін республикалық басылымдарды ҚР Президенті Н. Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жолдаудың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы





13 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 10 Қаңтар, 2018, 13:08

    Қазақ Тілі ғұмырлы болсын десек – Президент Шет елден келген басшылармен және шет елге барған кезде тек Қазақ Тілінде сөйлесе- барлық шенеуніктер соны қайталайды.

  2. Қолқоюсыз 10 Қаңтар, 2018, 13:10

    Қазақ Тілінің жағдайы Қазақстанда – 18 пайыздай. Оныда үйде, ауылда сөйлеп жүргендер.

  3. Мұстафа Ыбырайхан ұстаз 10 Қаңтар, 2018, 13:55

    Түрік тектес халықтар арасында ЕЕҢ ТАЗА .БАЙ .ҚҰНАРЛЫ ТІЛ ҚАЗАҚ ТІЛІ.ГЕРОЛЬД БЕЛГЕРДЕЙ ДАНЫШПАН ƏЛЕМГЕ ЖАР САЛЫП ДƏЛЕЛ ДЕГЕН.КЕҢЕС ҮКІМЕТІ КЕЗІНДЕГІ ТІЛ МАМАНДАРЫ ШЫҒАРҒАН 15 том Қазақша орфографиялық СӨЗДІК ҚАЙТА БАСЫЛЫП КӨП ТИРАЖБЕН ШЫҒАРЫЛСЫН.

    • Айназия 15 Қаңтар, 2018, 20:28

      Өте дұрыс айтылған сөз осы Ағаныкі!ең құнарлы тілді ең сорлы тілге айналдырған-?мəңгі ел-іргелі ел боламыз деген бостекі сөздер-қазақ тілінсіз ,ана тілінсіз іске аспайтын- теңізді кешіп өту деген сияқты парадокс қияли сөз.

  4. Мәке 10 Қаңтар, 2018, 14:18

    Қазақ тіліне байланысты сөздеріне Үкімет бастаған Сағынтаев пен министрлер отырыстарын қазақша жүргізгенде ғана сенетін шығармын… Әзәрге бос сөз,барлық басымдылық орыс пен ағылшынға беріліп жатыр.

  5. Түңілген(биліктен) 10 Қаңтар, 2018, 16:32

    Өз боғынан өзі жеріген бұл адам бізге еш опа бермейді.

  6. Түңілген(биліктен) 10 Қаңтар, 2018, 19:57

    Бұл да бір қазақ тілін құртудың жұмсақ бір тәсілі ғой.

  7. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 10 Қаңтар, 2018, 22:38

    1.Қазақтың тілі ғұмырлы болу үшін бүгін аса сенімді қадам жасап, қазақтың тілін білмей билікке қол жету мүмкін емес деген ұранды Ту етіп, өзегрістер енгізу керек. 2. Үштілділікті оқыту жүйесін нағыз ғалымдар мен мамандардың сараптамасынан кейін ғана шешім қабылдау керек шығар, себебі сапасыз, асығыстықпен жасалса ұрпақтарға зиян келтіруіміз мүмкін. Ең бастысы, қазіргі кезде қалыптасқан қазақ мектептерінің Ана тілінде білім алатын балалардың құқығы бұзылмау керек. Ағылшын тілінің курсын бітіріп, сол курстардан кейін ағылшын тілінде сол ұстаздар сапалы білім бере алады ма, осы маңызды сұрақтар естен шығарылмаса екен…………………………………………………….

  8. Қазақ 11 Қаңтар, 2018, 01:35

    Қазақ тілі ауыл қазағымен оралман қазаққа керек сияқты. Қалаларда қазақ тілін құрметтемейді 70%

    • Мангурт. 11 Қаңтар, 2018, 13:53

      Мунын барлыгы жай ангыме гой, казак тылыне жаны ашып журген ешкым жок. Ал патша айта береды ашейын коп созынын быры гана. Онын озынде тукке турмайтын жай созы. А вы поверили, огыз бузаулады дегенге сене салдындар.

  9. Қолқоюсыз 20 Ақпан, 2018, 14:45

    Тілді білгірлер түзетпейді.Тіл табиғи жолмен өсіп байиды.Қазақ тілін игере алмай жүрген басшылар оны түзетем деуі күлкілі іс.Өзің түзел.Тіл қалпында тұрады.Ол мысқалдап жыйнақталған рухани байлық!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.