Назарбаевтың қандай маңызды мәлімдеме жасайтыны белгілі болды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты республикалық телеарналардың эфирінен мәлімдеме жасайды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Осыған дейін Ақорда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлаған еді.