Әріптестері парамен ұсталған Ерлан Біләлді қолдады

Бөлісу:

Алматыда шығармашылық зиялы қауым өкілдері пара алды деген күдікке ілінген Ерлан Біләлді қолдады. Бұл туралы шығармашылық өкілдері мен театр қызметкерлері қатысқан баспасөз-конференциясында айтты, – деп хабарлайды stan.kz.

Пара алу үстінде ұсталған Ерлан Біләлдің отбасы оқиға орнында түсірілген суреттерді таратқан адамды іздеп жатыр.

“Қазір бұл іспен адвокат айналысып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл-іс агенттік өкілдері ешкімге суреттер бермегені туралы ресми мәлімдеді. Әр бір заң білетін азамат мұндаай суреттерді таратуға болмайтынын біледі. Демек тергеудің құпиялары бар. Таратқан адамды тауып, жазалау керек. Бұған уақыт кетеді”, – дейді Біләлдің досы Асхат Маемиров.

“Бүгін мұнда зиялы қауым өкілдері, жазушылар, драматургетр, режиссер мен театр қызметкерлері жиналып отыр. Бізге 2 жарым жыл директор болды, бірге дамыды, бірге гастрольдік сапарға шықты – ол барлығын адал еңбегімен жасады. Бұлай болғаны бізді алаңдатады. Оны ғана емес, бірге ұйымдастырғандарды да жазалау керек. Оның пара алғаны жақсы емес, ол жазаланады. Оның бұл әрекеті туралы біз айтпасақ, кім айтады?”, – деді Қазақстан театрлар Ассоциациясы президенті, КСРО және ҚР халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Шығармашылықтың зиялы қауым өкілдері сот шешіміне дейін қорытынды жасамауға және кінәсіздің презумпциясын ұмытпауға шақырды.
“Қазақстан мәдениетінде Ерлан Біләлге қатысты қолайсыз жағдай туындады. Біз Лондонда, Жапонияда бірге гастрольдік сапарда болдық. Бүкіл әлем Қазақстанда талантты әртістер барын білді… Бұл тек Ерланның ғана емес барлығымыздың мәселеміз… Барлығы объективті түрде болғанын қалаймын. Онымен құзырлы органдар айналыссын. Бірақ, біз оны жоғалтып алғымыз келмейді”, – деді мемлекеттік корей  театрының  музыкалық комедия жетекшісі Любовь Ни.

Айта кетейік, М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры театр базасында балаларға арналған мерекелік шараларды өткізуге жалға беру үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болған еді.

“Театр директоры кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 22 пікір жазылған

  1. Мангурт. 8 Қаңтар, 2018 19:56 Жауап

    Барлыгы бырге, ну и ну бул не деген мадени интеллектуалдык бекыныс. Осылар немесе осындайлар бызды рухани ушпакка мынгызып жанартпакшы ма? Мыне жанагана пайда болган ассасиндер ордены, кулейыкпе-жылайыкпа? РУХАНИ-УШПАК ЖАНАРУ ! ТФУ…

    • Мангурт. 8 Қаңтар, 2018 21:52 Жауап

      Мен сол параны айттымгой, артисттердын барлыгы оны коргауда ассасиндер орденынен несы кем-несы артык, ен жылагын келетыны осылар бызды то есть жастарды рухани жанартатын осылар. Обидно ма алде олай емес пе ?

    • Қолқоюсыз 9 Қаңтар, 2018 01:37 Жауап

      Пара алғандарды менде жақтырмаймын ғой, бірақ ұсталып қалғанда олар жалко болады екен. Әйтеуір бәрі бала шағасының жанында болса деймін де аман есен.

  2. Мангурт. 8 Қаңтар, 2018 21:52 Жауап

    Мен сол параны айттымгой, артисттердын барлыгы оны коргауда ассасиндер орденынен несы кем-несы артык, ен жылагын келетыны осылар бызды то есть жастарды рухани жанартатын осылар. Обидно ма алде олай емес пе ?

  3. Түңілген(биліктен) 9 Қаңтар, 2018 08:58 Жауап

    Қазақстан тек назарбаев пен әртіс-әншілерден ғана тұратын сияқты. Солар ғана астарына қымбат машиналар мен қабат-қабат котедждерде тұрып, шіріп-байып, ал, соларға бастары айналып, елітіп қалған сорлы халық айлықтан-айлыққа, зинетақыдан-зинетақыға әрең жетіп, ас-суларын дүкендерден қарызға жаздырып алумен жүр. Сенбесеңдер жақын жердегі дүкендерге барып, қарыздар жазылған том-том дәптерлерін сұрап алып, оқып көріңдер!

  4. Қолқоюсыз 9 Қаңтар, 2018 22:13 Жауап

    Сыбайлас,колдаушылардыда жауапка Тарту керек. Жаппай шуылына карасак оларда ,сыбайластар. Паранын акшасын болиспек болгангой.

  5. Хорезм Серекенов 9 Қаңтар, 2018 23:43 Жауап

    Жалпы алғанда артистер де милары ашиын деген екен,пара алған адамды корғағаны қалай бұлардың,Бұлардың бір айлықтан басқа да табыстары болып тұр ғой,Бұлай көңілдерін тоқ ұстауына қарағанда,Асанәлі ағамыз да,көлденең табыс табатын сиақты,осындай іске араласуына қарағанда,Қазақстанда жақын 50жылда пара алу тоқтамайтын түрі бар,Қайта пара алғанды сахнада көрсететін қойылым қойып халықтың алдында әшкере етудің орнына,парақор адамды қорғағаны қызық болды ғой артистердің,Сондай қойылымды бірде-бір рет көрмеппін,Шындығын айтқанда осындай артистер мен әншілердің дипломын мәңгі бақи пайдаға аспайтын жарамсыз етіп тастау керек,Қазақстанда мемілекеттің дүзелуіне қызығатын адам қалмаған сиақты,Мынау не деген масқара 17 миллион халықтың алдында пара алған адамды ақтау деген,Халық жауы бұлар бұларды Сталин баба сиақты тек ату керек,Совет үкіметін құру уақытында мемілекеттің ақшасын жеп,талап бара жатқасын,Сталин атудан басқа жол жоқ екенін түсінген сиақты,Осындайлар көбейе берсе Қазақстан емес Мазақстан болайын деп тұр,Пара алғандар құтылып кете берсе қашан тоқтайды бұл парақорлық,

  6. Мәке 10 Қаңтар, 2018 14:03 Жауап

    Бір жерден оқып қалып едім, жоғарыдағылардың салған «сара жолы» деп.Несіне таң қаламыз…. Әрине пара алғанды қолдамаймын,бірақ театрдың басшысы болғасың,театрдың бір жыртығын жамайын деген шығар,..

  7. Қадағалаушы 10 Қаңтар, 2018 14:26 Жауап

    Егер Біләл мырза театрдың бір жыртығын жамаймын деген ойда болса, пара алмай-ақ оны неге заңды түрде счетқа аудартпай-ды? «Қазақконцерт» басшысы Асхат Маемировтың өнер адам-дарын жинап, мәлімдеме жасатуына қарағанда, белгілі бір қауіп төніп тұрған секілді. Әйтпесе, театр бөлек, концерт бөлек емес пе? Әлде Асхат мырзаның айналысатын шаруасы жоқ па? Жиналыста Асанәліден бастап, Жазушылар Одағының төрағасына дейін арашалапты. Меніңше, артистер мен жазушылардың проблемалары ұшан-теңіз секілді. Бұл жерде өнер адамының мүддесін қорғаудан гөрі албан руын қорғаудың мүддесі жоғары тұрған секілді. Оразалин де, министр де, Біләл де албан екенін ұмытпаңдар. Парақордың орны – түрме. Оны ешқандай қорғап, қолдаудың қажеті жоқ.

  8. шындык 10 Қаңтар, 2018 16:14 Жауап

    бар жогы бир жарым миллиондеп жатыр ау бул усталгандагы каражат осыган деин бир алла биледи канша пара алганын .осылар анада макспен талгатты соттаганда унсиз калып еди кулактары керен болып.

  9. Түңілген(биліктен) 11 Қаңтар, 2018 07:55 Жауап

    Не көп, әнші-әртістердің конкурстары көбейіп кетті, даңққұмар әншісымақтар мен «Қазақ аруы», «Қазақстан аруы» сияқты т.б. конкурстардың конкурсанттары банктерден кредит алып, «қазылар» алқасына пара беріп немесе қазылар алқасының төрағасымен көңілдес болу арқылы орын алу кең етек жайып кетті. Қазіргі тонаушы билік бұл «өнер адамдарына» барлық жағынан қолдау көрсетіп, қазақ халқын азғындатушы №2-ші жауына айналдырды. №1-ші жауды өздерің білесіңдер.

  10. кенесши 12 Қаңтар, 2018 09:58 Жауап

    колдаганмен паида жок кеширм сорап билу керек милярдт урлап кеширим сорап кутылып кетип жаткандардын текстин жаттап алыныз артистсизгои тунгышбайга уксап рольге салыныз бир результат берер.корермен настроениеде болса.

  11. Заманай 17 Қаңтар, 2018 10:24 Жауап

    Жер сатылғалы жатқанда,Аян мен Мақсат сотталғалы жатқанда неге осындай талқылаулар жасамадыңыздар,мырзалар?Сүрінген қазақты итеріп жіберу қанға сіңіп қалған ба?Ерлан Білəл қашан жаңсақ басар екен деп аңдып отырған сияқтысыздар.Өз басым ол кісінің бір-екі концерт жүргізгенін көргенім болмаса таныствғым жоқ.Бірақ бір қазақтың баласы ғой.Жетімнің ақысын жеген жоқ.Түйені түгімен жұтқандар да жүр ғой ешкім саусағымен шұқып көрсете алмайды.

Пікір немесе жауап жазу

9 − жеті =