"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Хоккейші төбелес кезінде сақалының жартысынан айырылды (ВИДЕО)

Ұлттық хоккей лигасында «Сан-Хосе Шаркс» клубы үшін өнер көрсететін канадалық хоккейші Джозеф Эрик Торнтон ойын барысында шыққан төбелес салдарынан сақалының жартысынан айырылды. Видео YouTube желісіндегі SPORTSNET каналында жарияланды, – деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

2010 жылы Олимпиада чемпионы атанған Торнтон «Торонто Мэйпл Лифс» клубына қарсы өткен ойында Назем Кадримен жаға жыртысып, төбелесе кетті. Кадри отандасының сақалынан ұстап, бір тұлымын жұлып алды.

5 қаңтарда Ұлттық хоккей лигасы аясында өткен ойында «Торонто Мэйпл Лифс» 3:2 есебімен «Сан-Хосе Шаркс» хоккейшілерін жеңіп кетті.




Осыған ұқсас:

  1. Талғат Жайлауов: «Барыс» – өзіндік тарихы мен бай дәстүрі бар клуб
  2. Астананың «Барысы» «Торпедо» командасын ұтты
  3. Астаналық хоккейшілер «Синегорья» кубогында топ жарды
  4. Қазақстандық хоккейшілер жапондықтарды ойсырата жеңіп, Азиаданың алтынын еншіледі
  5. Универсиада-2017: Хоккейден Қазақстан құрамасы ресейліктерге есе жіберді (ФОТО)
  6. «Барыс» «Локомотивтен» оңбай ұтылды

Facebook арқылы пікір жазу



1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 10 Қаңтар, 2018, 17:57

    Жұлынған сақалын қай жерден көріп тұрсын, өтірікші?!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.