Бибігүл Дәулетбекқызы: ҚАЙТАРЫЛСЫН МИЛЛИОНДАҒАН ҚАРАЖАТ!

Бөлісу:
«Ойбай, Баянның әкесі қызын қорғап жазыпты» дегенге, оқып шықтым. Қанағаттанарлықтай тұщымды жауапты ала алмадым. Сондағысы Гүлмәрия апайымызды қорқытып, Қазыбек Исаны бір түйреп өткені ме? «Ардагер журналист Гүлмәрия Барманбекова сіздің теңеулеріңіз, адамның жеке басын қорлау деп саналып заң жүзінде сарапталуы да мүмкін. Оған да бара алатынымды ескертемін», -депті.

Баянның жеке басында шаруам жоқ. Мені қынжылтатыны – тарихи сериалдың быт-шытын шығарғандығы. Халық – ақымақ емес. Салықтан түскен қаражат Баянның қалтасынан, әлде оның әкесінің қорынан түскен жоқ. Ол ақша мына отырған Сіз бен біздің ақшамыз. 

Әлеуметтік желідегілердің 99 пайызы бұл сериалға қарсы емес пе? Ерлан Қарин мырзаның өзі бұл сериалды ендігі көрсетпейтінін де жазды ғой. Енді келіп не деп мыжып кеттіңіздер?!

P. S: Бүгін мен үш желіде яғни Фейсбук, Инстаграм, ВКОНТАКТЕ желісінде сауалнама жасап, қол жинаймын. Көрейік, халықтың пікірін. Ардагер Гүлмәрия апамызды тұқыртып қояр емессіздер ғой тегі. Мен ол кісінің айтқан пікірлерін қос қолдап қолдаймын! Өттеріңіз жарылып кетсе де, айтарым сол.

Баян ханым далбаса телехикаясын шығарып, шетелге тайраңдап кетеді екен де, халық оның соңынан улап-шулап қала бере ме? Парадокс!

  Бибігүл Дәулетбекқызы

  Фейсбук парақшасы

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 61 пікір жазылған

  1. Мария Нурсултанова 6 Қаңтар, 2018 01:02 Жауап

    Ұлттың қазынасын , мәдениет жаухарын , осындай ірі тақырыпты ойыншық жасап ,кез _келген адам тез арада , шатпақтағанына жының келеді. Үлкен кісі қызын қорғаштап жазған екен. Оқыдық. Әрине жырдың бірнеше нусқасы бар ғой . Нұсқада емес , сапасыздығында болып тур ғой . Қазағым деп жүрген азаматтардың жазған өткір сын , пікірлері өте дұрыс . Журналистердің жазгандары орынды , олар айтпағанда кім айтады .

  2. Мәлік Дүйсенбиев 6 Қаңтар, 2018 01:03 Жауап

    Біздің мемлект сондайғой ақшасын шет ел асқанда ғана артынан іздейміз, бірақ мысық Баяннан ақшаны қайтару соншалықты қиын емес шығар деп ойлаймын

    • Мария 13 Наурыз, 2018 03:58 Жауап

      Дұрыс. Тарихи құндылықтарымызды қорлау деп түсінемін. «Енді көрсетілмейді» деген жауаппен оңай құтылғысы келіп отыр. Ақша қайтарылуы қажет.

  3. Данияр Мырзаxметов 6 Қаңтар, 2018 02:51 Жауап

    Казак тилин тарихын билмейтин адамга калай кино тусиреди?улкен ага режиссерлар бар емеспе??заман не боп кетти?

  4. Коммент жазыушы 6 Қаңтар, 2018 06:10 Жауап

    Қайтарылуы керек ақша. Бұл халықтың ақшасынан түсірілген кино. Бірақ кино қазақты қорлады,бұрмалады,дініне шабуыл жасады. Баянсымақтар ақша жемесін. Есентайдан қазақы дүние шықпайды. Қазақты жерге қаратты,қор қылды.

  5. Жанашыр 6 Қаңтар, 2018 11:57 Жауап

    Кино өнері, кино түсіру әркімнің ермегі болып кетке сияқты. Тышқан сойса да қасап сойсын дегендей киноны оның ішінде ұлттық қазынаның жаухарынн кім көрінгенге қор қылуға қалай жол берілген. Шешім қалай қабылданған.Қаражат ит пен құсқа жем болмау керек.

  6. Қазақ 6 Қаңтар, 2018 13:52 Жауап

    Дұрыс Бибігүл.Сені қолдаимын.Ақша қайтарылсын.Қазақша білмеитін жан Қазақтың ұят сөздерін қайдан ұқсын.Осы баянның жыры бітпеи ақ қоиды ау.

  7. Ардақ 6 Қаңтар, 2018 14:02 Жауап

    Қазақтың шоубизнесин беттерінің жалпақтығы болмаса,бойларында ұлтқа деген ешқандай сүйіспеншілігі жоқ қос «Мақсатқыздарының»қолдарына берип қойған өздеріңіз де обал жоқ.
    Димашты түкке тұрғысыз қылған Бағым емес пе…?
    Қыздарының əкесін, 22 жыл оттасқан жарын түрмеге қамап,өзі мемлекет қаражатына қызын шетелге оқытып ,ай сайын қасындағы бұйрабас «күшігімен»қыдырып жүрген Баяннан қандай кино күттңңіздер.
    Ел болып қарсы шығу керек.

  8. Алике 6 Қаңтар, 2018 15:28 Жауап

    Қазақ тілін, қазақ мəдениетін бар болмысымен сезінбейтін адам, неге «Қозыкөрпеш Баян сұлу» сериалын түсіруі керек болды ? Орыс тілін білмейтін қазаққа , орыс халқы- орыстың фолклорына қатысты сериал түсіртпек түгілі, маңына да жолатпайды ғой. Бізде не ондай талаптар қойылмай ма? Халықтың қаражатына жасалатын өнер туындысын, кім түсірсе де бəрі бір ме? Осындайды көргенде: -қарның ашып, əрі қарай не боламыз, кім боламыз?- деп уайымға бататынымыз шындық.

  9. Жәнібек 6 Қаңтар, 2018 17:03 Жауап

    Бір сәтсіз шыққан фильмге бола бас көтергендеріңізді түсібедім,әне АҚШ тың соты 22 миллиард доллар Қазқстанның болашағына деп құйған қаражатын бұғаттап тастағанда дәл осылай шу шығарғандарыңызды көрмедім.

    • Ләззат 8 Қаңтар, 2018 02:21 Жауап

      Өзімізді өзіміз «жеуге» келгенде алдына жан салмайтын халықпыз. Менің де қатты таңым бар, миллион үшін шулап, миллиардтарға үндемейміз, тіпті үндей алмаймыз! Фильмді түсірерде сіздер көкке көтерген Ұлттық арнаңыз қаржыны бөлерде неге ойланбады екен?

  10. Жақа 6 Қаңтар, 2018 18:17 Жауап

    Дұрыс айтасыз қайтарып алу керек кім көрінген мемлекеттік ақшаны олай алаберсе не болады банкрот боламыз ғой. Сол Баян ханым қазақша бір ауыз сөз біледі ме?

  11. Меңсұлу Малдыбаева 6 Қаңтар, 2018 20:33 Жауап

    Ашуың келгенде əкеңді танытамын дейді ғой.
    Сол сияқты бұл сериалмен Баян енді əкесін танытайын деді ма?
    Өзін əбден танып болдық…
    Осы фильм түсірер алдын мазмұнын оқып ,тексеріп,қарап шықса бұндай болмас еді…

  12. ан тан 6 Қаңтар, 2018 22:57 Жауап

    алмас кылышка милярдттан артык каражат кетти баян 54миллионак болинди озим 13миллион шыгардым деп отыр еки фильмде бир гор неге алмас кылышка коп акша кеткен алде баян жасырып отырма

  13. Бибігүл Дәулетбекқызы 7 Қаңтар, 2018 01:32 Жауап

    мен өзімді «мықтымын» деп айта алмаймын. Бірақ, бұл «Баян Сұлудың» айналасындағы дауға көзді жұмып отыру – қылмыс деп білем!

  14. Бекнур Жумагалиев 7 Қаңтар, 2018 01:35 Жауап

    Жазу керемет мін жоқ бастағасын түбіне дейін жетемін деп отыр қазақтан шыққан саусақпен санарлық осындай нəзік жанды қарындастарымызға демеу болып үн қосып қанатымыздың астына алып қорғап қолпаштап жүрейік.

  15. Қайырғали Сыдиықұлы Сыдиықұлы 7 Қаңтар, 2018 01:36 Жауап

    Мүмкін,»»киноға бөлінген қаржыны кері қайтару үшін»»,көпшілік болып хат жазуымыз,қол жинап хат жолдауымыз керек болар?
    Мүмкін,біреу «»кино түсірушінің»»үстінен сотқа арызданып,сот арқылы қаржыны кері қайтару керек болар?
    Менікі,жəй ғана, ой ғой.
    Үкімет киноға қаржы бөлді.
    Бөлінген қаржы игерілді.
    Ол қаржы қалай игерілді,киноның сапасыз түсірілген жағдайда,киноға бөлінген қаржыны кері қайтару келісім -шартта болу керек қой.

  16. Каламан Биболатова 7 Қаңтар, 2018 01:36 Жауап

    Бибігүл қаламың мұқалмасын қазақтың қайсарда жан ашыр қызысың.Елің сені мақтан тұтады.Аман бол.Əлі талай шындыққы көз жетер көре алмағандар салы суға кетер.АЛҒА қайсар қыз.

  17. Aru Alima 7 Қаңтар, 2018 01:47 Жауап

    Акша кайтарылсын деп еди, акесинин жаны ышкынып кетти го))) сонда миллион халыкпен соттаспакшы ма

  18. Сагат Батырхан 7 Қаңтар, 2018 01:56 Жауап

    Гүлмәрияға қоқан-лоқы көрсеткендер алдымен салық төлеушілердің қаржысы үшін жауап берсін. Бір басының шуы бірер жылға азық болған бұрынғы Есентаева қазіргі Алагөзоваға тариxи, маxаббаттың символы болған жыр эпос фильмін түсіруге берілуінің өзі қылмыс. Картина эфирден алынып қана қоймай, оның шығыны өтелсін! Қос қолдап қолдаймын.

  19. Orynsha Abdrakhmanova 7 Қаңтар, 2018 01:58 Жауап

    Өзінің,əйелінің пəленбай жаста екені,отасқанына түгенбай жыл болғаны,олардың руларының халыққа не қажеті бар.Пəленбай жастағы ақсақалдың жеке кітапхансында пəленбай кітаптары болса да өз ойын түсінікті жеткізе алмағаны өкінішті☹

  20. Арайлым Уринова 7 Қаңтар, 2018 02:00 Жауап

    Арине қолдаймыз бұл мәселені шешпесе болмас бұлай қалдырып əйтпесе білгенін істеп жүре береді ары қарайда қалағанын айтып

  21. Алимжанов Мусиркеп 7 Қаңтар, 2018 02:03 Жауап

    Дұрыс. Кино түсіріліміне жұмсалған қаржыны қазына қазанына қайтаруын талап ету керек. Қол жинау керек болса жинаймыз. Бұл арада ел енжарлықтан арылып белсенділік танытуы керек. Қалғып-шұлғып отыра берсек, Баян секілділер бəрін бүлдіріп бітеді. Жалғыз кино емес, жалпы теле арна төңірегінен актер, əнші атаулысың тырқыратып қуып шығу карек. Бұған позицияларын беріп қойған тележурналистердің өздері кінəлі. Мықты болса, əнші-ақтерлер басылым маңына жолап көрсін.

  22. Қолқоюсыз 7 Қаңтар, 2018 09:20 Жауап

    Баян мен алысканша Халыкты боқтаған Торегалимен алыспайсын ба пысық болсаң

  23. Бек МЫРЗАҰЛЫ 7 Қаңтар, 2018 10:23 Жауап

    Біздің Баянның жеке өмірімен шаруамыз жоқ. Күйеуін отырғыза ма, тұрғыза ма, ол өз еркі. Кімнің болса да жеке өмірі өз еркінде. Ал, халықтың ғасырлардан ғасырларға жеткен мәдени, әдеби құнды байлығын былғауға жол берілмеу керек. Не деген масқара, ұлтымызды ұлтарақтай етіп табан астына тастау ғой бұл. Сұлу Баянның бейнесін халық санасында сорлы ету емес пе? Бұны тоқтату қажет! Өйткені ол Баянның жекеменшігі емес, халықтың қазынасы. Оны өзгертіп,ұлттың бетке ұстар өнерін өлтіруге ешкімнің қақысы жоқ. Бұл -бір. Екіншіден, осындай режиссерсымақ, ұлттық өнерден бейхабар бейшараларды жазалайтын уақыт жетті. Оған қол ұшын беріп, қолдау көрсеткендерді де қоса жазалау керек. Өйтпесек мұндай масқара алдағы уақытта да жалғаса бермекші. Халықтың қаржысын қайтарып, түкке тұрғысыз киноны қоқысқа тастағанымыз дұрыс. Сонда келешек ұрпақтың санасы да таза болады. Баян сұлу тұлғасы Қыз Жібекпен қатар тұр. Соны ұмытпайық.

    • Қолқоюсыз 7 Қаңтар, 2018 12:13 Жауап

      Дұрыс айтасыз.сонымен қоса əнабір ермек тұрсынов деген» келін ,шал» деген киносымақтарды түсіруші,нұртас адамбай деген киносымыақтар түсіруші -халықты жексұрын ғып көрсетіп жүргендерді де талтаңдатып қойғандар кім?-бізде заң бар біреуге тіл тигізсең жауап бересің деген ,ал бұлар не істеп жүр-толықтай ұлтты масқаралап жүр.ермек тұрсын деген келін деген киносын жақында Түркияға апарып көрсетіпті-масқараның көкесі осы.ұятсыздық.

  24. Түңілген(биліктен) 7 Қаңтар, 2018 10:29 Жауап

    Елімізде тәртіп орнату үшін осындай желге ұшырған қаражаттырды қайтаруымыз крек. Қаражатты бөлген министр, көтере алмайтын шоқпарды беріне байлаған, ұйымдасқан сыбайласқан адамдар қаражатты орнына қоюлары керек. Сол кезде ғана тәртіп орнап, бірдеңені бүлдірер кезде әрбір жауапты адам ойланатын болды.

  25. Серік 7 Қаңтар, 2018 12:09 Жауап

    Мен таң қаламын , неге , Қазақтың тарихына , мəдениетіне , ұлттық болмысына , болашақ ұрпақ
    тəрбиесіне қатысы бар , маңызы зор киноларды , кім көрінгенге береді !!! Оны тек кəсиби , мықты режиссерлерге беру керек қой , сосын оның сапасын көркемдік кеңес қадағалау керек ! Ал мына сериалға кеткен ақшаны қайтарсын !!!!

  26. Түңілген(биліктен) 7 Қаңтар, 2018 12:54 Жауап

    Бұл жабайы билік тек қазақстанның байлығын талан-таражға салғанды ғана біледі. Көркемдік кеңес құрсаң, оларға да белгілі бір пайызын бөліп беру керек болады. Қазақта қайбір қолы таза адам қалды дейсің. Қазақ мемлекет құрған жоқ, «общак» құрды.

  27. бактыбек коишы 7 Қаңтар, 2018 17:17 Жауап

    сонымен акпарат министриме алде минкулспортпа заказчик не соилеп не коиып журген билмеитин баяндарга .екеуде унсиз алде табактас болдымекен баяндармен.

  28. Шамшырақ Тілегенова 7 Қаңтар, 2018 19:03 Жауап

    Баян сен сериал түсірмейақ қойш қарағым, көтіңмен алысып тыныш жүреберші, саған сол жарасады ! Ал ақшаны қайтар!!!!!

  29. Ұлпан 8 Қаңтар, 2018 00:24 Жауап

    Қолдаймын.Осы қаражат қайтарылса сапасыз кино түсірушілер тоқталар.Тек кино түсіруші ғанв емес сапасыз,жастарға берер өнегесі жоқ бағдарламалар да мүмкін сабасына түсер.

  30. Акмарал 8 Қаңтар, 2018 01:58 Жауап

    баян миллионды қайтарсын тарихи киноны мазақ еткен баста киноны түсірерде ойланып тапсыру керек еді шала қазаққа тапсыра салмай қазақ тілін менсінбейтін баянға кім сеніп бергеніне әліде таңым бар бибігүл бұл істі соңына дейін жеткізерсіз деген үміттеміз сізге сәттілік

  31. ергазы 8 Қаңтар, 2018 08:34 Жауап

    ким тапсырыс берди сол жауап берсин. Баян ба, баска ма манызды емес.мемелекет па тапсырыс берген енди жауабын берсин.

  32. Қолқоюсыз 8 Қаңтар, 2018 11:14 Жауап

    Халыктын алдына шыгып пресс конференция жасасын . Халыкка сурактардын барине ресми турде жауап берсин.

  33. Сания 8 Қаңтар, 2018 14:00 Жауап

    Коррупция. Кариннің орынбасары Сатжан Динара -Баянның құрбысы. Фильмге бөлінген қаражат-халықтікі, сондықтан бас сарпшы халық. Тапсырыс өз деңгейінде орындалмады. Ақша қайтарылсын.

  34. ан тан 8 Қаңтар, 2018 22:12 Жауап

    нуркзда жазган статья рас болса 800гектар жердиде каитарсын алакоздер алаколден жерли болгысы кептида .

  35. Жандос 10 Қаңтар, 2018 03:43 Жауап

    «Келинка» секілді современный светскии фильмдерін ақ түсіре бермеи ме қазақ лиро эпосында несі бар, «көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген қазақ. Ең болмаса әкесін неге кеңесші ғып алмаған?

  36. Нұргүл 10 Қаңтар, 2018 03:46 Жауап

    Байзақова мен Төреғали секілді халықтан кешірім сұрап қаражатты қайтарсын

  37. Сауле 14 Қаңтар, 2018 17:06 Жауап

    айтылған пікірлеріңізге қосыламын өте орынды дұрыс ,Баян алдымен өз тілін, өз дінін сыйласын миллиондарға қалай қол салады егер жасаған жұмысы жауапсыз болса. біз миллионды өңіміз түгілі түсімізде де көрмейміз, жасалынған әрбір ісімізге алланың алдында ,халықтың алдында да жауабы береміз емес пе. Желге ұшқан ақшалар қайтарылсын

  38. Назира Нуртазина 19 Қаңтар, 2018 16:49 Жауап

    Мысалы бір ғана мысал: Баян Сұлу-Қозыкөрпеш заманында қазақтың қыздары күміс емес, алтын таққан Кәдімгі сап сары алтын ! Барық Шығыс халықтары алтынды жақсы көрген және алтын бізде көп болған! /сақ дәуірі, түркі кезеңі, АлтынОрда Қазақ хандығы дәуірлерінде міндетті түрде АЛТЫН ТАҚҚАН!!! күміс – кедейленген халықтың /ресеймен соғыстар, салық…/ белгісі, көрінісі Жалпы бұл сериалда халықтың киімі- отарлық дәуірдегі қазақтарды елестетеді Яғни режиссер, сценарийст историзм,нақты тарихи жағдайдан бейхабар болғаны…

Пікір немесе жауап жазу

19 + 2 =