Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап етті

4858
24
Бөлісу:

Баян Алагөзованың продюсерлігімен түсірілген “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаясы қоғамда екіжақты пікір қалыптастырды. Ерлан Қарин бастаған бір топ аталған телехикаяға жастардың қызығушылық танытқанын алға тартып, Баян Мақсатқызын қолдады. Алайда телехикаяда тарихтың бұрмаланғанын, аңыздың жұпыны күйде берілгенін айтып, дабыл қаққандар да жетерлік, деп хабарлайды Stan.kz.

Олардың қатарында белгілі журналист Арман Сқабылұлы мен әнші Меруерт Түсіпбаева да бар.

“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” сериалында Баян кейіпкер: “Қодарды жақсы көрсе, әке-шешем өздері тиіп алсын”, – деді. Шашалып қалдым”, – дейді Арман Сқабылұлы.

Ал Меруерт Түсіпбаева: “Менің ойымша, парламент қасиетті жәдігерлерге қол сұғылмаушылық туралы заң шығаруы тиіс. Осылайша тарихымызды қорлау түгілі, оған тиісуге де жол бермеу қажет”, – деген еді.

Елдің сынына “Қазақстан” РТРК басшысы Ерлан Қарин жауап берді. Ол жастар арасында сериалға деген қызығушылықтың үлкен екенін айтып, Баян Алагөзованы жақтап шықты. Қариннің жауабы Түсіпбаеваны қанағаттандырмады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баян Алагөзовадан сериалға кеткен қаржыны қайтаруды талап етті.

“Ұлттық арнаның басшысының жауабы. “Баян сулу” сериалы жайында… Сіздер мен біздердің – яғни бюджеттен бөлінген-салықтан xалықтан жиналған қаржымызға түсірілген сериал жарамсыз – деп табылды. Онда қаржы қайтарылсын. Қазақи, ана тілімізді толық меңгерген продюсерге беріліп қайтадан түсірілсін”, – дейді Түсіпбаева.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 24 пікір жазылған

  1. кодар 4 Қаңтар, 2018 13:57 Жауап

    кариннин жактап шыгуына караганда фильмге заказды карин ужымы берген болдыгои енди тусиникти акшаны каитарындар каракан жегирлер алдын казахша соилеп уиренип алмаисыздарма еще исторический кинода тусирипти.журналистер жастардан бир сорак жауап кылып видеорепортаж тусирип кариндики дурыспа бурыспа шындыкты шырылдатып жиберсендер жаксы болар еди.

  2. Мұстафа 4 Қаңтар, 2018 14:14 Жауап

    Ана Жерде татар тұр БАСҚҚАЛАРМЕН ҚАТАР ТҰР.МЫНА ЖЕРДЕ ҚАЗАҚ ТҰР қасында оның Мазақ тұр.Сұлтанмахмұт Торайғыртегі.1920 жыл.Елу жылда Ел жаңа .Жүз жылда қазан ба Қазаң ба.Қара қазан төңкерілді .Этот безумный Безумный мир.Қазақ қай қатарда.Қазақ жаманы орыс болам дейді.Өз қағынан безіп дүбəрə болды.Қазақ мазақ болма десем шамданбайсыңдар ма.

    • Мангурт. 4 Қаңтар, 2018 17:07 Жауап

      Ол айтты жазды дурыс айтып жазды бул жерде бырдене ыздеп кажеты жок ау деймын. Ол кыз Казактын жогалганын тугендегысы келды, ол жаманба? Енды кара да тур оган Баяннын орыскулдары жабылып талай бастайды. Бызде солайгой.

  3. Түңілген(биліктен) 4 Қаңтар, 2018 18:40 Жауап

    Ерлан Қаринның ақылы аздау екендігі оның жауабынан да белгілі болып қалды. Қаринның түсінігі бойынша жастар үлкен азаматтардан қазақ тілі мен қазақ мәдениетін жақсы білетін болғаны ғой. Жастарымыз соншалықты рухани мықты болса, онда қазақ жастарын рухани тәрбиелеп не қажеті бар? Ұлттық тарихи дастандарды қандай қажеттілік үшін, не үшін миллиондаған доллар қаржы шығындап, кино түсіреміз? Бұл сериалды жастарға ұлттық рухани тәрбие беру үшін жасалған жоқ па? Әлде, орыстілділер бюджеттен бөлінген миллиондаған, миллиардтаған қаражатты кеміру үшін ғана фильм түсіреді ме?

  4. Қолқоюсыз 4 Қаңтар, 2018 19:34 Жауап

    Меруерт дұрыс айтады,бірақ қазақ киноларын түсіріп жүрген прод-лердің қайсы қазақи еді ешқайсысы да қазақи емес, тек қана қазақ халқын мазақ етумен айналысып жүр ,соның бірі ермек тұрсынов пен нұртас а.екеуі де обрус-лер.бұндайлар қазақ фильмін түсірмей мың км аулақ жүрудің орнына.. .шал деген киносындағы шал да орысша ғана сөйлеп жүрген адам сондай кино түсіріп оны көрсетуге ұялар ед басқа адам ал оларда түк ұят жоқ.ал əнебір нұртас деген қазақты мазақ қып неше түрлі фильмсымақтар түсірді-соған түсіп жүрген қазақы əртістер-мысалы Əбунасыр -мен бұндай халқымды мазақ ететін киноларға түспеймін деудің орнына ақша үшін шолтаңдап жүр ұят-ай.басқа -басқа дəл сол кісі қазақы өскен кісі еді.

  5. Қолқоюсыз 5 Қаңтар, 2018 00:27 Жауап

    Кино алғаш басталғаннан өшіріп тастадым. Көргім келмеді. Себебі Баян роліндегі қыз мүлде ұнамады.

  6. Түңілген(биліктен) 5 Қаңтар, 2018 04:01 Жауап

    Заңмен тиым салып,бұл сериалды толығымен архивке тықпаса одан құтылу мүмкін емес. Болмаса, Қаринның сөзі не, өзі не?

  7. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 5 Қаңтар, 2018 09:35 Жауап

    Не сөз ол жастар қолдады деп, кім қашан қандай рейтинг жүргізіп еді, кімге не ұнайтынын, осы бос сөздің керегі не. Меруерт ханым дұрыс айтып отыр, қосыламын, сәтсіз жобаның қаражатын қайтару керек, сол қайтарылған қаражатқа қайта түсірілуі керек, халықтың қаражаты болған соң оңды-солды шашпай, қолдарынан ұлттық дүниені халыққа жеткізуге келмейтіндерге беруге жол бермеу керек. Ерлан Карин мырза, телесериал мен киноның айырмашылығы бар деп, не айтқыңыз келіп еді, сонда телесериалдарды қазаққа жағымсыз, қабылдауға мүмкін емес жағдайлар туғызған дүниелерді әрі қарай да қазақтың тілін білмек түгел, үйреніп, өз Ана тілдерінде сөйлеуге еш тырыспайтындардың, талпыныстары жоқтардың қолында болады деген сөз емес пе, қалай түсінуге болады соларды жақтап шығып отырсыз ғой. Кім жол берді осындай сұмдыққа, қашан қазақ телеарналарында жақсы жаңалық болады Ерлан мырза. Осы қазақтың құнды дүниесін мазақ етуге жол бергендерге қандай да болса ескертулер мен сөгістер жарияланды ма, әлде бәрінен үндемей құтылайын деп отырсыз ба, Ерлан мырза?

  8. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 5 Қаңтар, 2018 09:43 Жауап

    Қосымша айта кетейін дегенім, біз қазақтар ашық әңгімеден қашып, қолдарынан іс келетіндерге жол бермей жүрміз, ащы шындықты шыңғыратын кез келді, бірақ Жаңаөзеннің қайталанғанын қаламаймыз, сондықтан қолдарынан келмесе, қазақты мазаққа айналдыра бастағандар, қазақ телевизиясына жаңа тыныс пен леп бере алмағандар, елдің шын жағдайын түсініп, білгісі келмейтіндер өз бетімен арыз жазып орын босататын кез қашан туады екен?

    • Қолқоюсыз 5 Қаңтар, 2018 10:24 Жауап

      Жастарга унапты, жазып айткан создерынын турын. Сонда рухани-ларын кайда калады? Жас деп аталатындарынды Халык дастурымен тарбие корсетпесен, кайдагы мазак болган рухани жангыру? Тунгы жын-ойнактардагы тиын тебенге шешынуме, онда жастарын едауыр мандып рухани козгалган екен, содом мен гоморрага карата. Фильмдерын бокка турмайды кай жагынан алсакта онын багасы сол. Жастарга унапты : бокка толы киноларын тыкпалаган турлерын ! Меруерт дурыс айтады, акшаны кайтарсын ! Жане халыктын вожу-маржанына будан былай жоламайтын болсын Баяны да Ермегыде.

  9. Зейнолла 5 Қаңтар, 2018 10:10 Жауап

    Шәкен Айманов кеткен соң қазақ киносының да шырқы кетті. Ерінбегендер кино түсіріп қазақты масқаралауды тоқтату керек. Көтере алмас шоқпарды беліне байлағандар атақ пен ақша үшін қазақтың киелі өнерін өлтіріп болды. Бұл кісі өлтіргеннен де әрмен қылмыс. Қанышер бір адамды өлтірсе Баян бүкіл қазақты жерге қаратып болды. Сол түсірген бірде -бір фильм түкке тұрғысыз екені белгілі. Жалпы қазақ киносы көрінгенгеннің қолжаулығына айналып кетті. Өкініштісі, енді Шәкен Айманов пен Абдолла Қарсақбаев қайта тумайды. Осы екеуінен басқа дені дұрыс кинорежиссер қазақтың маңдайына бітпеген екен ғой. Осы шындықты мойындауымыз керек. Қазіргі режиссерсымақтар тым болмаса сол майталмандарымыздың жүзден бір өнерін қайталай алса арман жоқ қой!

  10. Қолқоюсыз 5 Қаңтар, 2018 10:48 Жауап

    Балаларымыз, жастар, жалпы кім де болса кітаптан оқығанымызды, телеарналардан көріп, естігеніміз бойынша білеміз тарихты да, басқасын да. Айтайын дегенім, әрине тарихты білмейтін, тарихқа аса мән бермейтін адамға ұнайды. Бұл тек сериал ғана,- дейді.Сериалды да қаншама халық көреді емес пе.Сонда, жастардың, басқа ұлт, басқа ел халықтарының санасына осы кинода не көрді сол қалыптасып қалмайды ма?! Сериал екен деп қалай болса солай, жеңіл қарап, түсіре салуға болады ма. Мысалы менің, не өзгенің өткенге деген түсінігім осы кинодан көргеніме байланысты өзгерер еді.Қазақтың біз оқып, білген әрі нәзік,әрі қайсар, ибалы, инабатты, ақылды,махаббатына адал, сұлу Баяны осындай ма еді,-деп.Күйеуім киноны көрген сайын, қазақты әбден қорлады-ау,-деп ашуланып отыратын. Өзім толық көргенім жоқ, себебі тартымсыз.

  11. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 5 Қаңтар, 2018 12:35 Жауап

    Халайық, Қазақ елінде әй дейтін әже, қой дейтін қожасы жоқ заманға тап болдық, жаманын жасырып, жақсысын асырған халық едік, бірақ бүгін қазақ қоғамында жамандықты, әділетсіздікті, мәдениетсіздікті, өтірікті, фальшты ашық айтып, соны түзеуге ат салысатын, қазақ көшін өзіне көндіретін, сөзі өтетін зиялы қауымның көбісі үнсіз отыр. Үндемей үдейі пәледен құтыламыз деп отырған шығар олар, абырой пен атақ, лауазымды орын…………….. бәрі түсінікті, ешкімге топырақ шашқым келмейді. Жалпы айтайын дегенім, ең бастысы Ана тілімізді, ділімізді,дінімізді, болмысымызды, ұлттық құндылықтарымызды бәріміз зиялы қауым, қарапайым халық қорғауымыз керек, сырттан бақылап, шешім күтпей, атсалысуымыз керек. Басқаларға еліктеп, солардікі керемет екен деп адаспау керек. Ел ағалары, ата-бабадан мұра болып қалған ұлттық құндылықтарымызды Қазақ мазаққа айналдырмауларыңды сұрайды, бізде басқа амал жоқ сұраудан басқа, қоғамымыз талап ету деңгейіне жеткен болса, бұндай жағдайлар болмас па еді.

  12. анкау 5 Қаңтар, 2018 13:04 Жауап

    рахмет ботакоз карындасым каринне де бариннеде тусиникти жеткизипсиз о тексиздер тусинсе енди.

  13. Динара 5 Қаңтар, 2018 16:45 Жауап

    «Итке темір не керек?» Орысқұл Баянға өзі білмейтін қазақтың «Баян сұлуы» неге керек?

  14. Махамбет Ерғали 5 Қаңтар, 2018 16:47 Жауап

    Әйгілі әнші-актриса Меруерт Түсіпбаеваға көп рахмет! Оны бәріміз қолдап, Баян сүлуды Баянның қорлауынан құтқаруымыз керек!

  15. Сырым 5 Қаңтар, 2018 16:50 Жауап

    Баянның әкеснің қызы Баянды қорғап, халықтың қызы Баян сұлуды қорлап, жырдың нашар нұсқаларынан мысал келтіргені қай сасқаны?

  16. Ырым 5 Қаңтар, 2018 20:39 Жауап

    СЫРЫМ ДҰРЫС АЙТТЫ.ҰЯЛСА ҚАЗАҚИ ТӘРБИЕ БЕРЕР ЕДІ.ҚАЗАҚША ҚАҚПАЙТЫН ҚЫЗЫН ҚОРҒАПТЫ.

  17. Қазақстан азаматы 8 Қаңтар, 2018 14:12 Жауап

    Меруерт Түсіпбаева дұрыс айтады.Ол нағыз мәдениет саласының адамы, ал қалғандары неге үндемей қалған? Бұл барып тұрған коррупция. Карин мен оның орынбасары Сәтжан Динара және Баян- әмпей -жәмпей. Осыдан ак түсінікті. Бұны былай қалдырмау керек. Қайтарсын ақшаны. Ақша халықтікі.

Пікір немесе жауап жазу

он сегіз − 3 =