"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Баянның «БАЯН СҰЛУЫ» енді қайтып КӨРСЕТІЛМЕЙДІ!..

 

Жаңа жыл қарсаңында, ел тойға айналғанда, қойға айналғандай  көрсетіліп жіберген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сериалына ел жаппай наразы болып, ақыры Ұлттық арна басшылығы ел пікірінің ескеріліп, ол фильмнің енді қайталанбайтыны туралы түсінік берді.  «Теріс пиғыл қалыптастыратын бұл сериалды эфирден алып тастауды талап етеміз!» атты Qazaquni.kz сайтында жарияланған Ашық хатқа бір тәулікте 221 адам қол қойып, 10 мыңға жуық адам оқып, 200-дей пікір жазылып қолдады. Фейсбук желісіндегі фильмге қаптаған қарсы шығушыларды айтпағанда…

Алдымен айтарымыз, елдің бұл сериалға наразы болуы оның жырмен сәйкессіздігінде емес. «Қыз Жібекте » де жетеді жырмен сәйкессіздіктер. Бірақ  асыл қазынамыз  «Қыз Жібек» жыры қазақ киносына да алтын қазына болып қосылып, жарты ғасырға жуық ел рухын көтеріп келеді

Мәселе – мынада:

1. Басты рөльге -Баян сұлуға «Қыз Жібекке» таңдағандай кастинг арқыды таңдау жүргізілмей, ел көңіліндегі ерекше ажарлы БАЯН СҰЛУ бейнесін көре алмауы. Бұл жерде кінә Баянды ойнаған актрисада емес, Баянда – бас продюсерде!  Жауhар жырды экрандауға жауапсыз қарағанында!

2.Кинодағы сөз саптаулар Баян сұлудың аузынан емес, Баян продюсердің аузынан шығып жатқандай жұтаң, қарабайыр, нәрсіз. Актерлердің, белгілі әртістер Тұрсын Құралиев пен Ергенбай Әбуовтен  өзге көбісінің сөзінде қалалық акцент бар, дауыстары қойылмаған. Диалогтардың көбісін тыңдап отырсаң, егер -киімдеріне қарамасаң, қазіргі замандағы қалалықтардың сөз саптауы. Қодардың Қозыны қорқытқан түрі : «Айтқанымды істемесең Баянмен мына жігіттердің бәрі бір-бір түнеп шығады»-дейді. Эпостық дастан кейіпкерлерін емес… қазіргі заманғы детектив, экшн-сериал көріп отырған сияқтысың…

3.Қазақтың қасиетті дәстүрлеріне жат көріністер мен Баян Сұлудың аузынан  шығатын тұрпайы сөздер, дімкәс диалогтар қаптап жүргені Ашық xатта ашық жазылды.

Біздің сайт поштасына келіп жатқан көптеген сындардың басым көпшілігі жастар болғандықтан «жастарға ұнады» деп біржақты қабылдау да келіңкіремейді. Ұнаса, ұлттық ұғымнан алыс, асфальтта өскендерге ұнаған шығар… Ең басты қателік, Ұлттық арнаың  ұлттық жауhар қазынамызды ұлттық ұғымнан жұрдай үштікке: Бас продюсер – сценарист – режиссерге беріп, олар өз бойларынан артық секіре алмауында.

   Жалпы айтқанда, Ұлттық арна басшысы Ерлан  Қарин мырзаның ел пікіріне құлақ асып, бір қорытындыға келуін құптаймыз.  «Ал орын алған түрлі қателіктерді алдын алу үшін біз аутсорсинг компаниялармен жұмыс жасау тәртібін өзгертетін боламыз, оны жақында келісіп қойғанбыз, сосын телехикаяларды қабылдау бойынша көркемдік кеңестің жұмысын да қолға алмақпыз. Біз сіздердің барлық пікірлеріңізді ескерудеміз. Болашақта да көрермендер мен мамандардың талаптарына сай өнім дайындауға ұмтылатын боламыз. Ең бастысы, алдағы уақытта одан да қызықты және сапасы жоғары туындылар күтіп тұрғанын айта кетейін. Атап айтқанда, қазақ зиялыларының Азаттық үшін күресі мен өмірін бейнелейтін 14 бөлімді «Тарзаман» телехикаясының түсірілімі аяқталды. Оны алдағы жылдың басында Сіздерге ұсынатын боламыз. «-деп жазды ол фейсбук парақшасында.

Ал «Тарзаманды» тағатсыздана күтіп отырмыз. Алдын ала көріп алған ба, өткенде Алаштың 100 жылдығы туралы  жиында Дулат Исабеков осы фильмге қатты риза болып,  мақтап отырды.

Жаңа жыл жақсылықтар жылы болсын!

Ит жылы итше ырылдаспайтын, ит басына іркіт төгілген молшылық жылы болсын!

Қазыбек ИСА

Qazaquni.kz

 

Теріс пиғыл қалыптастыратын бұл сериалды эфирден алып тастауды талап етеміз!




Осыған ұқсас:

  1. Мәулен Әшімбаев: Елдік мүддеге қызмет ету – қазақ телевизиясының негізгі миссиясы
  2. Ерлан Қарин: Көңіл көтеру бағдарламалары – теленарықтағы маңызды сегменттердің бірі
  3. Бибігүл Дәулетбекқызы: ҚАЙТАРЫЛСЫН МИЛЛИОНДАҒАН ҚАРАЖАТ!
  4. Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап етті
  5. Ерлан Қарин: Бұл латын әліпбиі үшін шешуші сәт
  6. Қаринге жауап берген Путин Қазақстанға алғысын айтты


67 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 15:27

    Бар екен-ау…алаштың СӨЗГЕ ТОҚТАЙТЫН азаматтары!!!!

  2. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 15:30

    Ерлан Қарин мырзаға рахмет ел сөзін ескерген. Ұлттық арна енді сабақ алатын шығар. Баян Есентаевадан аулақ жүретін болар.

  3. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 15:33

    Қазақи ойлап,сөйлейтін əртістерді неге алмаған?

  4. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:00

    Құрметті достар! Өздеріңізге арналған 100 тілектің орындалуына дұға ете отыра ұлттық жауһар «Қозы-Көрпеш- Баян сұлу» жырына жасалған қиянатқа қарсы жұмылған жұдырықтай қимылдарыңызға разы болып, Аллаға мың мəртебе тəубе айтып отырмын. Ерлан Қарин хикаяттың енді көрсетілмейтінін айтыпты. Төсекте жатып жазу оңайға түспесе де шыдауға мүмкін болмай пост жазып едім, қолдап кеткен əріптестердің арқасында ашық хат жарық көрді. Бақыт Жаншаева ханым Гүлмәрия Барманбекова екеуміздің арамызды жалғап, Гүлекең ойды қорытып, мəтінді жазып шығып, өзімізбен үндес деген адамдар екені анық деп Өмірзақ Ақжігіт пен Жолымбет Мәкішті қостық емес пе, құдай ұрғанда Шара Турмаганбетова сол алғашқы тізімге ілікпей де қалыпты. Бірақ Шəкең деген жасын ғой, жарқ етіп алғашқы болып қол қойды. Қазыбек Иса қуаттап сайтқа жариялайық деп халықтық үн қуат алып, өздеріңіздің жанашырлықтарыңыздың арқасында қисық кетіп бара жатқан көш бетін түзулепті. Қуаныш қой бұл. Біздің үніміз жерде қалмады. Ерлігі жетіп мойындай алған Ерлан Каринге де респект!
    Келер жылда да ауызбірлігіміз, ұлттық құндылықтарға деген жанашырлығымыз осыдан артпаса, кемімесін. Жаңа жыл құтты болсын!

    • Белгісіз 5 Қаңтар, 2018, 11:24

      Аллаға шүкір бар екенсіздер ғой қазағымның жанашырлары. Мен инстаграммда бір жаңалықтар сайтында бір өзім жазып қоя салғам. Қодардың сөздерін,Талшынның өзінің жігіттің мойнына асылғанын,Қарабайдың «байға беру керек»дегендерін,тіпті айта берсең миға қонымсыз дуние коп . Әкем мен анам10 минуттан артық қарамады. Ұят ары карай карауға деп. (Баян продюсер аты солай болғанға өзін Баян сұлумен теңестіруге құқым бар деп ойлайды ау деймін. ) Аман болыңыздар қазағымның жанашырлары. Біз сіздермен біргеміз!!!

    • Белгісіз 5 Қаңтар, 2018, 15:41

      Менде 10минуттан кейин сондирип тастадым.Ары карай коруге намыстандым.Осындай кинонын корерменге жол тартканына уялдым, оны карап тексерип жиберетин бир тарихка жанашыр бир жан болмаганыма деп .Дегенменде кеш болсада сондай жандардын болганына риза болдым рахмет !

  5. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:02

    Жаңа жылдың алдындағы тағы бір жеңіс болды! Енді ұлттық дүниелерге ұлттық ұғымнан жұрдай орысқұлдарды жолатпау керек

  6. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:04

    Раxмет сіздерге Анар Төлеуханқызы , Гүлмәрия Барманбекова, Бақыт,Жаншаева xанымдар! Алла жар болып, Жұлдыздарыңыз жарқырай берсін! Жаңа жыл жақсылықтар жылы болсын!

  7. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:09

    «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дейтін фильмнің алғашқы үш минутын көрдім. Сол да жетеді екен. Киноның басындағы екі қыздың сөз саптағаны да, тілі орысша шыққан адам құсап ежіктеп сөйлегені де сұмдық енді. Тап-таза калька! Продюсер Баянға олар қазақша керемет сөйлеп тұрғандай болып көрінген шығар. Өйткені оның өзінің тілі де жетісіп тұрған жоқ қой. Фильмге ол тура сондай «ракурспен» қарап, сұмдық әсер алған секілді. Киноның тілі осындай кемтар, дүбәра бірдеме болып шығыпты. Тіпті, ана қыздың көзін төңкерген қылығына дейін қаланың орыстанған ортасындағы қыздардың қылығы тура. Актрисалар да образға кіре алмаған. «Образға кіре алмаған» деймін, мына фильмнің сценарийін де орысша жазып алып, қазақша аударған ба, немене? Тілдері де, сөйлеген сөздері де жатық емес, жаттанды. Кинода да «отқан, жатырған, ояқ, бұяқ» дейтін біртүрлі мақаммен оттап отыр. Актрисалардың жүзінде ұяңдық жоқ. Түрлерінен орыстанған ортаның бетбақ болмысы ғана байқалады. Баянды мұндай нәрсеге жолатпау керек еді. Қазіргі өмірдің бүкіл «қоқсығын» киноға әкеп төге салыпты. Ұят-ай, әкең! Баян, Баян дегенге….. Бәрін құртыпты ғой….

    • Белгісіз 6 Қаңтар, 2018, 01:53

      Оте орынды пикир! Келисемин. Оте нашар тусирилген! Актерлик шеберлик деген болады, мулдем ойнай алмайды. Баян озинин айналасындагы адамдарды тусиреди! Фильме саундтрек те онлайн емес, дауысы жок. Кур айкай

  8. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:12

    Қазақи ойлап,сөйлейтін əртістерді неге алмаған?
    9 жасар балама тарихи дүние көрейік дегенмін….Қазақшасы дұрыс емес деп ….көрмеді
    Əркім өзінен хабар беретін заман болды ма?

  9. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:13

    Акшан болса калтанда, талтанда да талтанда деген осы… улттык болмыстан журдай адам казаки тарбиени кайдан тусинсин…

  10. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:14

    Елге сыймаған Баянға бұл фильмді жасатуға рұқсат берген адамды да жазалаңдар?!

  11. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:15

    Қазақ мәдениеті мен өнеріне өңмеңдеп , ана тіліміз бен әдебиетімізді білмейтіндедің кіріп кеткендеріне ренжисің . Жаухарларымызды бұрмалап , тасыраңдап , өріп жүр. Сахына мен эфирде толып жүр.

  12. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:16

    Дұрыс болған екен

  13. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:17

    Бір үиір жылқыны қуып кетсе түсінер едім,тапайдың ,тал түсінде,үш, төрт ұры ,үш төрт қойды алып кеткен ал анау,тасыр баян әкесін қолымен жаратып алғандай әкреңдеп атқа міне салып қанжармен,сес көрсетіп әкесін адамға санап тұрған жоқ расымен,үзіндісін көрдім жаңа ғана ,сұмдық, абрака,дабра екен,әй баян ай жүрген жеріңешөп тұрмақ,арам шөп шығарма

  14. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:18

    Осыны эфирден жіберер алдында Ұлттық Телеарна бір қарап шықпаған ба, сөз түсінетін бір қазақ болмаған ба… Бірақ бұған да шүкір… Алып тастапты…

  15. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:28

    ау елимиздин шыккан каражатын ким каитарады енди архивке кетсе ?ана казирги заманнын баяны толеима енди.профессионалдар семеини.

    • Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 09:42

      Алысты болжамай тар ойлайтын, келте ойлы сорлы қазағым-ай! Сендердің бесінші класстағы деңгейде қалып қойған саналарың қашан дамып, ел қатарына қосыласыңдар?! «Асатпай жатып құлдық» деп, ерте қуанасыңдар. «Әләләйым таусылса, біләләйім тағы бар». Бұл дүние сол-«Қазақстан» ұлттық каналмен бітіп қалып па? Әлде, сендерден басқа, орысқұл жеңілтек қазақтар елімізде жойылып кетіп пе? Құдайға шүкір», орысқұлдар басқарып отырған басқа да каналдар жетіп-артылады. Оны көретін жеңілтек қатындар мен олардың байсыз-еркексіз тәрбиелеген «современный» жартыбас ұл-қыздары да жыртылып-айырылады. Бұл фильмді көреді, солар. Сондықтан бөріктеріңді аспанға ертерек лақтырған шексіз қуаныштарыңды су сепкендей басатын қазақтар, құдайға шүкір, бар. Жақсы мен жаманды айырыпсыңдар, әйтеуір. Бірақ, жұмыстың басын білгенмен соңын сипап таба алмапсыңдар. Бұл пәленің бәрі биліктен басталып тұрғанын да білмепсіңдер. Қуаныштарың ұзағынан болу үшін не істеу керек екенін мен айтайын. Құдай атқандардың түсірген бұл фильміне толық тұсау салу үшін мәдениет министрлігінің мәдениетсіз министрін буындырып отырып, бұл фильмсымақты архивке жіберу үшін қаулы қабылдату керек. Болмаса, бұл фильм әржерден басын қылтитып шығара беретін болады. Оны да басуға Ерлан Қаринның құзреті жетпейді.

  16. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:45

    Ерлан Қаринге рахмет, сөзге түратын азамат қой! Ерлан Сағадиев болса, дұрысын айтқандардың қыр соңына түсіп алып, елмен ерегесіп, езіп, қуып кетер еді…

  17. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 16:47

    Дер кезінде тоқтатқаны.
    Өте дұрыс болды.

  18. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 17:13

    ЕСІЛ ЕҢБЕК-АЙ…деген осы да, ойларыңа келгенді істеп әлек болдыңдар-ау , Баян, Бағым, Ашабақан.

  19. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 17:31

    Ол киноны шығару неге керек болған,халықтың құлағына құйылып санасына сіңіп қалған киноны жаңғыртудың қандай қажеті болды,Қазақ далаға ақша шашқанды қашан қояды,Бас ролді сомдаған Асанәлі Әшимов сиақты Ағамызбен ойласпай ма,бір шығарған киноға қайтадан шығару үшін,Қазақтың атаққұмарлығы менмендігі қашан бітеді осы,Ойласып бішкен тон келте болмас деген мақалды ешқашан ұмытпау керек,қанша білгіш болсаң да,Қазіргі шала қазақтар садиктен бастап орысша, мектеп орысша,университет орысша,жазу сызу бәрі орысша,қалай қазақша кино шығара алады,Жасы үкен кино майталмандарымен ойласпай,қазіргі шала қазақтар қазақша кино шығара алмайды ешқашан,Ең болмаса қазақша кітап жазатын, жазушылармен де ойласпай шығара салған болып тұр ғой,Әй шала қазақтар,орысша оқып өр көкірек болып кеткен бәрі,я знаю деп, Әлі 50 жылсыз қазақ болу қайда сіздерге,

  20. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 17:50

    ана атаима сатаима елбасынын киноларын тусирип журген томаристи тусирип жатыр екен томарис Тоня Васильевна боп кетпесин карандаршы карининде барининде каражатты да оиландаршы архивке тыга бермеи.

  21. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 18:05

    АЛ ЕЛГЕ ПАЙДАСЫ ЕМЕС, ЗИЯНЫ ТИГЕН ШАЛА, ДҮБАРА ФИЛЬМ ҮШІН ХАЛЫҚ ҚАРЖЫСЫН БАЯН ҚАЙТАРУЫ КЕРЕК ҚОЙ. ХАЛЫҚ ҚАБЫЛДАМАҒАН ЖҰМЫС ҮШІН ОНЫҢ АҚЫСЫ ҚАЙТАРЫЛУЫ ТИІС ҚОЙ.

  22. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 18:21

    Ата – бабамыздан аманат болып келе жатқан аса ірі көркем туындыны қалай және кім Баянға табыстаған. Сонда қазақ телеарналарында өздері не көрсететінін білмегені ме, әлде қалай. Жарайды, тоқтатты делік, осы жағдай тағы қайталанбасына кім кепіл бола алады, оған жауап жоқ. Осы жағдай үлкен мәселенің басын ашып отыр. Айтудың өзі ұят, бірақ ең өкініштісі, қазақтың қазақтілді мен орыстілді болып қалыптасуының зардабының қорытындысының көрінісі осының бәрі. Бәріміз бір елдің біртұтас халқымыз, орыстілді деп ешкімді бөліп жарғым келіп отырған жоқ, бүгінгі күні өзінің тілін білмейтін орыстілді қазақтарымыз, бауырларымыз ана тілін білуге барын салып жатқандар да жоқ емес, бірақ мына туындыны Баяннан басқа Қазақтың тілі мен болмысын, салты мен мәдениетін, өнері мен әдебиетін маман ретінде жетік білетін тұлғаға бұйырмағаны қалай. Осы жағдайдың өзі, билікте, жоғарыда әр салада отырғандардың қазақтілді, ұлтжанашыры, тілжанашары болуы керек деген сөз. Қазақ елінде қазақ ұлты күшті, мықты, берік болса, еліміздегі басқа да ұлттардың халықтары бізбен дамып, көркейіп,өз Отаны- Қазақ еліне қызмет етеді,

  23. 31 Желтоқсан, 2017, 19:11

    Енди торегалиди жондеу керек

  24. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 19:49

    торегалидын акесинде ремонтап алу керек .

  25. Белгісіз 31 Желтоқсан, 2017, 21:59

    Жарымжан-творчестводагыларга сауап болды.

  26. Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 00:47

    СІЗДЕР ҚОЗЫ КӨРПЕШ БАЯН СҰЛУ ФИЛЬМІНЕН МАЗМҰН МЕН МАҒЫНА ІЗДЕП ЖАТСАҢЫЗДАР, МЕН МҰРЫН ІЗДЕП, ҚОР БОЛДЫМ. ЖАНЫМ АУ, ФИЛЬМГЕ ТҮСКЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ БӘРІНІҢ МҰРЫНДАРЫ ҚАЙДА КЕТІП ҚАЛҒАН? ӘЛДЕ ТЕК ПҰШЫҚТАРҒА ҒАНА КАСТИНГ ЖАРИЯЛАНДЫ МА ЕКЕН?

  27. Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 02:32

    Жаңа жылмен , Шәмшия ! Пұшық қыздарымызға өкпелеп жүргенде ертең мұрыны қораағаштай күрт пен түрік қыздарын әкеп жүрмесін..Не болса да ақырын күтеміз ғой. Мәселе рухани жұтаңдықта болып тұр, бұл біздің жеткен жеріміз. Осынша арлы да намысты іні-қарындастарымыз әлі де көп екенін көріп қуанып қалдым. Көш басын түзедіңіздер, бұл әлі бастамасы. Рахмет ! Жаңа жылда жаңа биіктерге, жаңалықтарға жете беріңіздер.

  28. Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 03:12

    Біз əлі көрген жоқпыз.Сіздердің пікірлеріңізден – ақ шошып кеттік.Баян өзін өзі халыққа жеркенішті қылып алды.Енді тағы қандай жаңалық шығарсам екен деп жүрген сияқты.Одан ары жексұрын болмай тұрғанда қысу керек керек қой.

  29. Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 05:02

    Не десеңдер, одеңдер, Баян Есентаеваның есегі судан өтіп кетті. Ол өзіне тапсырылған міндетін орындады.

  30. Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 09:55

    Бюджеттен бөлінген қаражатты тарататын Мәдениет министрінен сұрау керек, желге ұшқан халықтың қаражатын. Бірақ, олимпиядада Қазақстан мемлекетінің гимні ойнап тұрғанда ұялы телефонды ала жүгіріп жүрген шошаңбайдан нені сұрай аламыз. «Той той болмады, бала-шаға жеп кетті» демекші, Қазақстанның байлығын кім талан-таражға салмай жатыр.

  31. Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 13:57

    Қазақ елінде аңызға бергісіз ерлік жасалды қазақ қызының қазақша түсірген киносын өз қазағы үнін өшірді, Енді тағы бір ерлік жасап, қол жинап түрік, орыс, үнді киносын телеэфирден алып тастайықшы. Содан соң қазақ тілін елде толыққанды жұмыс тілі ету үшін үкіметке хат жазайық, қол қойайық. 221 бастамашы топ бар соған қосылайық. Қазақ ауыз бірлігі мықты болмаса ауыздағы кетеді. Әйтпесе «қазақтың жауы қазақ» болып жүре береміз.

  32. Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 13:59

    Бірінші кезектң бұл фильмд іБаянға жасатуға рұқсат берген адамды жазалау керек. Осыны эфирден жіберер алдында Ұлттық Телеарна бір қарап шықпаған ба, сөз түсінетін бір қазақ болмаған ба? Бюджеттен бөлінген қаражатты тарататын Мәдениет министрінен сұрау керек! Негізгі жауаптылар осылар!

  33. Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 14:04

    канша каражат кетти екен билсек болама алде кулак уиренип калган окемет купиясыма.

  34. Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 14:24

    Ерлан Қаринге рахмет халықтың пікірімен санасқан,бірақ енді басқа коммерциялық арналардан көрсетіліп жүрмеуі үшін мəдениет министрлігі бұл фильмді өндірістен алып тастау керек.Əйтпесе «қолы ұзын»Баян ханым шетелдік кинофестивальдерге алып шығып жүрсе шетелдіктер мына қазақ деген ел əу баста-ақ дүбəра болған екен деп қалар.

  35. Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 15:17

    Бұл Баянның түсірген «Баян сұлуына» мәдениет министрінің түк қатысы жоқ. Телесериалға тапсырыс беруші Қазақстан телеарнасы. Ал бұл телеарна Мәдениет министрлігіне емес, Ақпарат министрлігіне қарайды.

    • Белгісіз 3 Қаңтар, 2018, 23:01

      Вооот, дурыс. Баяннын курбысы Динара Сатжан кенесши болып отыргасын алі талай Баяндарыннын улттык арнада тайрандаганын коресиздер.Жана жылдык хабарды да сол Баяндарын тусирди. Инстаграм паркшасында кайта кайта скоро новогдее шоу деп пиарить етпеди ме. Так что никакой Арстан аганын катысы жок бул жерде. Тапсырыс беріп отырган Карин акшаны болгізіп отырган Абаеееееев.

  36. Белгісіз 1 Қаңтар, 2018, 17:30

    Осы орыс тілді сары жалап тың көзін құрту керек

  37. Белгісіз 2 Қаңтар, 2018, 11:35

    Біздің киногерлер, сауатсыз бархандар!!!! Кино түсірмеңдер, қой бағыңдаршы, ауылға барып.

  38. 2 Қаңтар, 2018, 17:53

    осылардың барлығы сол сериалды көре қойған жоқ. Өйткені қазіргі қазақтар қазақша кино қарамайды, уақыты жоқ !

  39. 2 Қаңтар, 2018, 19:56

    Бұ киноны алып тастады деп жатыр ыз-дұрыс.жəне бір балаларға мульт түсіріп жүрген Краус дегеннің Алдар көсесін мұқият көріп бүкіл серияларын оның да өріп жүрген қателерін қазақты мазақ қып көрсетуін көрснңіздер екен

  40. Белгісіз 2 Қаңтар, 2018, 19:58

    Баян Есентаеваның сөзінен де, өзінен де ешкім ешқашан үлгі алатын түк қалған жоқ. Жолдан шыққан өзін де, қызын да журналистердің неге насихаттай беретініне таңым бар. Баян іс-әрекеттері сенсация тудыруға да жарамайды ғой. Ең болмаса қазақ тілінде сөйлей де алмайды. Сондықтан кімге тұлға болар дейсің.

  41. Белгісіз 3 Қаңтар, 2018, 09:57

    Қазыбек Иса, сананы улайтын сұмдықтың алдын алуда бұл жолы да дер кезінде әрекет жасағандарыңызға мың алғыс!
    Жоғарыда 38-сандағы Заманай замандастың «қолы ұзын Баян бұл фильмді шетелдегі фестивальдерге қатыстырып жүрмесін» деген алаң көңілі де жөн. Шетел кинофестивальдері халықты жағымсыз жағынан көрсететін киноларды аспанға көтеретін әдеттері ғой. Масқара боп бір күні Баянның «Баяны» шетелге Қазақты масқара етіп, онымен қоймай бас жүлде алып келіп жүрмесін. Ол жағына да абай болған жөн сияқты.

  42. Белгісіз 3 Қаңтар, 2018, 13:09

    Қайтадан көрсетіліп жатыр((((

  43. 4 Қаңтар, 2018, 09:15

    Баска бір мемлекеттен келген актерлар сияқты тілдерін бұрап əрең сөйлеп тұрған қазақтар. Жаным ашып кетті өз тіліме. Сəйкессіздіктер өте көп. Экранга қалай ғана шығарды екен. Бір да бір намысы бар адамдар калмаган ба?

  44. Белгісіз 4 Қаңтар, 2018, 15:11

    Сериалды көрмей-ақ, Баян, фамилиясы қалай еді? Ол тіпті телехикая шығаратын продюсер емес. Менің ойымша Баянның жарқырағаны сусабын жарнамасымен жəне А1 каналында жүргізуші болғанымен аяқталады. Өңге уақытта ол жай əдемі əйел.

  45. Белгісіз 4 Қаңтар, 2018, 15:55

    Кайтадан дурыстап, халыкка коруге беру керек. Казах фильм гой. Онын касыда турк, Индия фильмдерн корiП журмiз, соларды Алу керек.

  46. Белгісіз 5 Қаңтар, 2018, 15:55

    Құрсын. Көрмей-ақ қойдым. Алас! Алас!

  47. Белгісіз 5 Қаңтар, 2018, 17:38

    «Қоянды көр де, қалжасынан түңіл!»
    Жазда атышулы Баян «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» фильміне бас продюсер екенін, демек, оның қолынан қандай кино шығатынын да біле беруге болатынын жазып едім…
    Жай әшейін, осы фильмді көріп жатқандардың реакциясын оқыған сайын, «оны көріп қанымды қайнатқанша, көрмей тыныш отырайын» деген өзімдікі дұрыс болған екен-ау деген ойға келемін…

  48. Белгісіз 6 Қаңтар, 2018, 11:57

    Мен кино алемин онша тусинбеймин. Бирак, мына фильмдагы актерлер, олардын ойнаулары унамады. Биздин Казахфильм неге тусирмеген.

  49. Белгісіз 8 Қаңтар, 2018, 11:09

    Баян,рас,Сіз әдемісіз,талғаммен киінесіз,көп ізденіп,көштен қалмай көп оқитыныңызға да күмәнім жоқ…Бірақ дүйім жұртқа танымал болу үшін бар жігер қайратыңыз,ақшаңызды салып қана қоймай,сол көрермендермен санаса білу керек,оларды сыйлай білу керек…Ол заманда қай тілде ұғысқандарын мен де білмеймін,бірақ фильмді қазақша сөйлейтін жандарға арнап «13 млн теңгеңізді қосып» шығарып отырсыз…Білемін ,сіздің бәріне жауабыңыз дайын,бәрін білесіз…тек сәл болса да бір мезгіл» мен,менді «тұншықтырып өзіңізге сын көзбен қарап көрсеңіз қайтеді? Сіздің қазақ тіліндегі басылымдарды оқитыныңызға күмәнім бар,әрине,сонда да көңілге сыймады,тәкаппарлық тек аллаға жарасқан…

  50. Белгісіз 11 Қаңтар, 2018, 23:50

    баяннын озин оинату керек еди неде болса

  51. Белгісіз 12 Қаңтар, 2018, 01:26

    баян баян сұлуды жазғанша өзін жөндеп алсыншы

  52. Белгісіз 19 Қаңтар, 2018, 17:28

    Халықтың және мамандардың пікіріне толық қосыламын Сосын ойлану керек СҰЛУ деген атақты халық жәйден жәй қоспайды Яғни БАЯН-СҰЛУ деген сөздеп ақ ол адам таң қалатын сұлу болу керек еді ! Бұл жерде психологиялық заңдылық болуы мүмкін: Баян Есентаева актрисаны подсознательно өзінен (!) сұлу болмауын қалады Бейсаналы сондай таңдай болады Яғни эгоизм, ұлттың намысын емес – өзін жарнамалай беру ҰЯТ!

  53. Белгісіз 27 Қаңтар, 2018, 22:45

    Енді Баян үйінде жатып алып Турсун екеуі қартайғанша көрсін, басқа не деймін

  54. Белгісіз 10 Ақпан, 2018, 15:47

    Дұрыс болған егер тарихты дұрыс білсе кәсіби актёр мен актрисаларды алатын еді.Сұмдыққой қалай болса солай түсірген.Өзі жазғанғой деймін.Қазақ тілін меңгеріп алсыншы,тарихты қойып

  55. Белгісіз 10 Ақпан, 2018, 16:21

    Қазақстан Ұлттық телеарнасынан «Баян Сұлу» фильмін алып тастағаны – дұрыс болыпты, енді Бірінші Евразия Арнасынан «Қалаулым» бағдарламасын алып тастаса – тіптен дұрыс болар еді!!!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.