Теріс пиғыл қалыптастыратын бұл сериалды эфирден алып тастауды талап етеміз!

Ұлттың биік өнерін, бекзат болмысын жер қылған

«Қозы көрпеш – Баян сұлу» сериалы  руханиятымызды өшірмесе, өсірмейді...

 

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мырзаға,   «Қазақстан» РТРК  АҚ Басқармасының  төрағасы Ерлан Қарин мырзаға

         «Қазақстан» телеарнасынан «Қозы көрпеш – Баян сұлу» сериалы көрсетілді. Халық салығынан құралатын мемлекеттік бюджет есебінен жұмыс істеп тұрған бұқаралық ақпарат құралында ұсынылған бұл отандық шығарылымға көрермендердің басым көпшілігі риза емес. Себебі: Баян рөлін ойнайтын қыздың кескін-келбеті де, болмыс-бітімі де, сұлулық пен парасаттың символына айналып, ғасырлар бойы ел аузында аңыз боп келе жатқан Баян сұлуға үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ақша жүзді ай нұрлы, алма мойын, ақ тамақ, аршын төс, жанарының жарқылынан күн ұялған, аузынан шыққан лебізі сылдырлаған бұлақ үніндей, ақылды да биязы Баян – ел білетін Қозы Көрпештің Баяны осындай. Санасы жалаңаш, жанары  ойсыз, әдептен жұрдай, бетің бар жүзің бар демей, орынсыз, ауызекі тілмен сөйлей салатын,  жалғап алған жасанды кірпігі жалпылдап, тасыраңдаған таңқы танау қара қыз – сериалдағы Баян осындай. Халықтың сұлулық пен парасаттылық жайлы биік талғамына нұқсан келтіретін мұндай бейнені кім қанағат тұта қойсын? Қазақ- ежелден тілдің киесін ұққан, сөзге мән берген халық. Аузын ашса сүйегінен өткізіп, жүрегіне жеткізіп айтқан. Оның шұрайлы тілі мен шешендік өнері ең алдымен аңыздар мен жыр-дастандар арқылы халықтық сипат алып, осы күнге келіп жетті. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры да- халқымыздың інжу-маржаны, жауһар қазынасының қатарына жатады. Енді мына сериалдағы кейіпкерлердің аузына салған сөздерді естігенде еңсең түскендей. Қыз басымен әкесінің бетінен алып, төсіне шапқан тасыр мінезді Баян: «Өздері өлейін деп жүрген жалаңаяқ кедейдің қай малын алмақсың?» деп, түйеден түскендей дүңк еткізеді. Әкесінің де оңып тұрғаны шамалы. «Байға беремін, бетімен кеткен қызыңды байы жөндесін, ұрын келсін!» деп айтатын жері тағы бар. Қыз әкесінің аузына мұндай сөз салу сценарий жазған адамның «ұрын» дәстүрін білмейтіндігінен. Ұрын баруға қыз әкесінің тікелей қатысуы ұят саналады, демек сценаристің ұлттық салт-дәстүр жайлы білімі тайыз,  дүбәра деген сөз. Баянның аузына «Қодарға тимеймін, əке-шешемнің өзі тиіп алсын» деген сөз салыпты. Тапа- тал түсте ұрын келген Қодардың  қыз əкесімен едіреңдеп сөйлесуін, одан қыз отауына баса көктеп кіріп келуін қай ғұрыпқа жатқызуға болады? Мынау да сол Баян жайлы сериалдан үзінді: "Бағымыз ба - сорымыз ба, әйтеуір бізді еркектер билейді. Өміріміз солардың қолында".  Ол заманның қыздарында «еркек билейді» деген түсінік болмаған. Ол дәуірдің әйелдері еркекті пір тұтқан. Бүгінгі қыздарымыздың санасына мұндай көргенсіз ұғымды сіңіріп абырой табу қиын. Немесе мына бір тұсқа назар аударыңыз: "Құшағына өзі келіп құлаған қыздан бас тартатын қандай жігітсің?». Сериалдағы жігітке өзі асылған қыздың сөзі...  «Сен бақытты болуға тиістісің» дейді, Баянды шығарып салып тұрып анасы. О заман да бұ заман, қазақ анасы кетіп бара жатқан қызына бұлай сөйлемеген, «Бір Аллаға тапсырдым», «Жаратқан Ием жар болсын», «Барған жеріңде бағың ашылсын» деген. Ал мынау барған жерін бақытты ететін емес, барған жеріне бақыт іздеп баратын, тәрбиесі кеміс ананың айтатын сөзі. Шығарманың тілі жұтаң, әдептен жұрдай, сол заманның сөз саптасын, психологиясын бере алмаған, керісінше ұлттық әдет-ғұрыпты мансұқтаған тұстары жетіп артылады.  Ұлттық арнадан көрермендер түріктің «Ертұғырыл» деген тарихи- көркем сериалын тамашалап, енді келесі маусымдағы көрсетілімін күтіп жүр. Басқасын айтпағанда, қаншама ғасыр бұрынғы киім үлгілері тамсандырмай қоймайды. Стилис өзінің ұлттың киімге қатысты биік талғамын көрсете білген. Қазақтың киіну талғамы бұдан кем деп кім айтыпты? «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сериалын түсірушілер ең болмаса бауырлас елдердің киноларындағы ниет-пиғылды ұғынып, өз ұлтын өзі масқараламай, керісінше мерейін өсіруді үйренсе ғой. Соншама жұпыны киімдерге, шаңы бұрқыраған тұрпайы көріністерге қарай отырып, бір кездері жер бетінде мал соңында тентіреп, тілім-тілім боп көшіп-қонып жүрген, эстетикалық, этикалық тәрбиеден жұрдай қазақ деген халық болған екен-ау, мына сериалды түсірушілер болмаса, бұл «жаңалықтан» мақрұм қалмақ екенбіз-ау деп ойлауға мәжбүр боласың. Орысша тəрбиеленіп, орыс мінезді санасына сіңірген шығармашылық адамы еш уақытта ғасырлар  қойнауынан келе жатқан қазақтың асыл қазынасын, рухани құндылығын өз деңгейінде жарқыратып көрсете алмайды. Өйткені ежелгі сарын оның жан дүниесіне жат. Болмысында қазақи құндылықтың жұрнағы да болмаған соң, белгілі сыншы Әшірбек Сығай марқұм айтпақшы "Қарагөз болып толқытып, Қамар болып жылата алмайды, қыз Жібек болып егілтіп, Еңлік болып елжірете алмайды...". Тарихи көркем фильмдердің сценариін жазуда, түсірілім, қойылым жасағанда тізгінді кімнің, қандай маманның қолына ұстатуды ойланған абзал болар еді. Ұлттың биік өнерін, бекзат болмысын, дәстүр-салты мен әдет-ғұрпын жер қылған шығарылым руханиятымызды өшірмесе өсірмейді. Жас ұрпақ санасында теріс пиғыл қалыптастыратын мұндай сериалға мемлекет қаржысының бос рәсуә болғанын қаламаймыз. Сондықтан бұл сериалды ұлттық арна эфирінен алып тастауды талап етеміз. 1. Халық қаржысы зиянды киноға кетті .  2. Руxани жаңғыру жылы көрермендерді руxани күйзеліске түсіріп, елге теріс ықпал етті. Сондықтан, ҚР Ақпарат министрі Дәурен Абаев мырза және Ұлттық арна басшысы Ерлан Қарин мырзадан жауап күтеміз. Неге шала дүниені,  ең бастысы оспадарлыққа толы, ұлттык құндылықтарымызды аяқ асты еткен сериалды эфирге шығарып, халыққа ұсындыңыздар? Көркемдік кеңес талқысына салдыңыздар ма?  Салсаңыздар қайда қарағансыздар? Неге жол бердіңіздер? 1.Анар Төлеуханқызы – журналист; 2.Гүлмәрия Барманбекова – ардагер тележурналист, 3.Өмірзақ Ақжігіт – ардагер журналист, 4.Жолымбет Мәкіш – журналист, 5. Шара Елеусіз- тәуелсіз журналист. 6.Бақыт Жаншаева – «Үш таған» журналының бас редакторы 7.Мырзагелді  Кемел - ғылым докторы, профессор 8.Құралай Қуатова- журналист 9.Ләтипа Досмұрзаева 10.Нағима Барақ 11.Қарақат Саурықтегі 12.Мәлік Орақов 13.Ләззат Тұрмағамбетова 14.Мира Бараказатқызы 15.Айнұр Тауенова 16.Сағадат Мұсағалиева 17.Рабиға Сүлейменқызы 18.Рауан Бақжан 19.Том Сейітмұхамбетова 20.Динара Қыдырбайқызы 21.Ләтипа Хамидоллақызы 22.Майра Шөкен 23.Сәуле Досжанова 24.Назым Төлеубай 25.Нұрасила Атаханова- Атырау мем. университеті 26.Сәуле Әбділханқызы 27.Талғат Нұрмолда 28.Мұстафа Асылбек 29.Гүлмира Әшірбекова 30.Бақыт Досжан 31.Гүлназ Хамидоллақыз 32.Нұрлан Бөкенов, филолог 33.Қайрат Тарбаев, журналист 34Жомарт Нұрманов, журналист 35.Жалғасбай Смағұл, Арқалық қаласының тұрғыны 36.Абикаев Боке 37. Анар Сатай, Атырау 38.Омарбек Бейсалы,Тараз қаласы 39. Қанзада Алиева, Қызылордадан, ұстаз 40.Дина Жүсіпова Өтешқызы 41.Әбзел Әжімолдаева, Алматы 42.Қойшыбай Алпысұлы, Астана 43. Еркебұлан Кәрімұлы 44. Нұртай Ерназар 45.Әбдірейім Өміров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 46. Абзал Серікбай 47. Рысбике Мекебаева, Астана, зейнеткер 48.Сахиева Мараш-зейнеткер 49.Сахиев Бүркіт- компания қызметкері 50.Сахиева Дина- жеке кәсіпкер 51 Жасұлан Наурызалиев 52. Жамбыл Артықбаев - тарих ғылымының докторы, профессор 53. Самат Әділбаев 54.Нұрлан Әшір 55.Бану Дүйсембаева 56. Жанна Төленгіт 57. Майра Сажлиева 58. Қазыбек Иса, ақын, "Қазақ үні" газеті  президенті 59. Жүсіпбек Тілеубергенов 60.Сафура Сейдуәліқызы Төлектегі 61.Гүлнар Кушелекова 62. Асан Әзімханұлы-докторант 63. Сараш Қоңырбаева-педагог 64.Гүлмира Мусина, Астана 65. Ерқанат Тұрсынжанұлы 66 Сабыржан Тайфин 67. Гүлбарам Түгелбаева, ардагер ұстаз 68. Алмаша Жайлаубаева 69. Сәбит Сүлейменов- Қазақстанның құрметті журналисі 70. Асқар Садықов 71. Бегалина Орынбасар Абусағитқызы, Астана қаласы 72. Сандуғаш Алитманова, оқытушы 73.Қанат Жаңабергенов 74.Жанбота Сұлтанмұратқызы 75. Мұрат Ашкеев 76. Марат Исхаков 77.Мақпал Орынбетова, журналист 78. Мұхит Нұрманов 79. Қасым Орманбетұлы, журналист 80. Аяпберген Утова 81. Жанкелді Нұржанов 82. Перизат Қонақбаева 83. Сәуле Сейдахметова 84. Темірбек Ибрашев 85. Айзада Тұрмұқашева 86.Аман мырза 87. Құрманғазы Рахметов "Нағыз Желтоқсан" ҚҚ Президенті, Астан 88.Бауыржан Сейітов , Тараз Құлан ауылынан 89. Әлия Жексенова 90.Ләззат Нүрке 91.Көшен Жұматаев, зейнеткер 92.Ділдар Мамырбаева 93. Айгүл Шынбергенқызы 94.Таңат Қожанапесов 95. Нұрлыбек Досымбетов- ҚР Мем. орталық музейінің ғылыми қызметкері 96. Отаркүл Мұқатова 97. Сәбира Шербайқызы 98.Жұмагүл Тохтахан 99.Назым Қосанова 100.Қымбат Елеусізова 101.Сатиева Шолпан Серікбосыновна, профессор 102.Мәншүк Жұмашбаева 103. Сағат Батырхан 104.Ерболат Орынбайұлы 105. Әбдіқадыр сабыр 106.Алуа Төлеуханова 107.Серік Пірназар, журналист 108. Альберт Мурсалимов 109.Ерденова Рысты,КСРО мəдениет ісінің үздігі .Мəдениет ардагері. 110.Базарбай Иман Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. 111.Гүлмира Серікбаева 112.Несипкул Утебаева, журналист, мұғалім. 113. Қайрат Кенжебаев 114.Қуандық Шамахайұлы 115.Қарлығаш Ноғаева 116. Балкүл Жалғасбаев 117.Әдемау Есмағамбет 118. Арайлым Орынова 119. Әсел Басшыбек 120.Елена Әбдіxалықова- ақын, әнші-композитор. Филология ғылымдарының кандидаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 121.Нұрболат Арзамасұлы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері 122.Ернар Домақов, дәрігер 123.Мұрат Бекей 124.Перизат Орманбекова 125.Айгүл Дадинбекова 126. Гүлмира Қапасова 127.Жанат Нұрғалиева, "Мұнайлы өлке" газеті, Ақтау 128. Жайық Нағымаш 129.Ханзада Сахипова 130.Жорабек Абралиев 131.Бағдагүл Биманалина 132.Тұрсын Батырбаев 133.Айдар Бексұлтанов 134.Азамат Тасқара 135. Жаңылсын Омарова 136. Раушан Торбаев, Астана 137. Әлестегі Мәруа Мұқасқызы, зейнеткер 138. Нұржанов Тоқбай, Ақтөбе 139.Нұржан Баймахамбет 140.Сандуғаш Хамидулла 141.Ақмарал Қасымова 142.Ақсымбет Төлеуханов, ардагер ұстаз, Астана 143. Күлән Берікболова, журналист, аудармашы 144.Тәжігүл Есренова, ұстаз, Астана 145.Мадина Ахматова 146. Базаргүл Сейітжанқызы, журналист 147.Дархан Уәлиев тарихшы. Қарағанды.   148.Айгүл Қали 149.Камшат Хангелді 150.Жақсыбек Мырза 151.Жақсыбек Қақан 152.Бауыржан Назаралиев, 153. Айғаным Өтеулиева 154. Жұма-Назар Сомжүрек- әдебиет сыншысы 155..Рәзия Қасымова, режиссер Атырау 156.Ахмет Қален 157.Ақшагүл Рамазан 158.Нұрсұлу Өскенбаева 159.Жанар Әбдішева 160.Талғат Қатауов, Орал 161.Қиса Қосайұлы, Қарағанды 162.Гүлзағира Молдағалиева, логопед, Ақтөбе 162.Сәуле Алипова 163. Мұсағали Дауылбаев 164.Құдияр Боранбаев 165.Болат Ауғанбаев 166. Файзулла Сырғабаев 167.Анарбек Атығайұлы 168. Марат Қабанбаев 169. Әкімжан Әбдіуәлиұлы 170.Артық Нұралиев 171. Нұртай Күркебаев 172. Бақтылы Бекбергенова,мұғалім, Жезқазған 173. Саят Өмірзақов 174. Гүлнара Обаева 175.Нұржігіт Мырзабаев 176. Жазира Әуезова 177. Хамит Әубәкіров 178.Әлия Ортаева 179.Нұрбай Елмұратов 180.Атырау Құрмангүл 181.Жанар Есенбеков 182.Нұрлан Әлжанов 183.Едіге Есіркепов 184.Баян Ахатаева 185.Аманбике Мейірханова 186.Өмір Есқали, журналист 187.Бағдагүл Есмұрзаева 188.Арман Жарылғапов, Ақтау 189. Сақыпжамал Матенова 190. Серікбай Қойбағаров, журналист 191. Айша Тұрмағамбет, журналист 192.Мария Еділханова 193. Сәуле Батаева 194. Ғабдол Айтпағанбет 195. Ардақ Құбашева 196.Дастан Сұльанұлы 197. Бибі айша 198. Қасымхан рысдәулетов 198. Дінмұқанбет Жоламанов 199. Анар Рақымжанвоа 200. Елмұра Жаңабергенова 201. Мұхаметхан Ақпеков 202. Мария Хабибулина ардагер ұстаз 203. Ерік Суханберлин, мұғалім 204. Еркін Әсет 205. Бақытжамал Жанаева 206. Нұрлыгүл Асқарқызы 207. Әзірбай Тұрмағамбет 208. Серәлі Тайтин 209. Әлібек Шапшаңбай 210. Бозжан Құрақбай 211. Бағдагүл Татарбаева 212. Қазыбек Құлан 213. Гүлнар Бұқарбаева 214. Тұрсын Батыхова 215. Қали Сүлей 216.Айжан Тұрғанбекова 217. Камшат Айкелбаева 218. Азамат Тасқараұлы 219. Әбдіғаппар Айдаров 220. Гүлмира Садық 221. Жарылқасын Дәулет, баспагер, сазгер Фейсбук әлеуметтік желісінде бір тәулікте қол қойғандар. Қол қою жалғасуда qazaquni.kz