"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«ЖЫЛ АДАМЫ -2017» АНЫҚТАЛДЫ

«ЖЫЛ АДАМЫ -2017» АНЫҚТАЛДЫ

«Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының

«Жыл адамы – 2017»

таңдаулылары анықталды!

«Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының 2017 жылғы «Жыл адамдары» сараланды . Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан осынау жоба аясында оқырмандар қалаған тұлғасына дауыс берді.

Еліміздің еңселі болуы үшін еңбектеніп жүрген ел азаматтарының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларын атап өту мақсатында «Жыл адамы» жобасы жасалған еді.Дауыс беру 24 қарашадан – 25 желтоқсанға дейін, бір ай бойы жалғасты.

Телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарлары және әлеуметтік желі арқылы мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. Арнайы құрылған Сарапшылар алқасы 2017 жылдың үздіктерін анықтады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына және Қазақ тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Жыл адамы – 2017» байқауының жеңімпаздарымен таныс болыңыздар!

 

Жыл датасы – Алашорданың 100 жылдығы

Жылдың басты оқиғасы – Латын әліпбиіне көшу

Жыл жетістігі – «Экспо-2017» халықаралық көрмесі

 

Картинки по запросу дулат исабеков

Жыл драматургыДулат Исабеков.

Көрнекті жазушы-драматург Дулат Исабеков Англияда драмалық шығармаларының апталығы табысты өтіп, Лондонның лордар палатасында сөз сөйлеген тұңғыш қазақ. Ағылшын тілінде таңдамалы шығармалары жарық көрді.

Картинки по запросу ұлықбек есдәулет

Жыл ақыныҰлықбек Есдәулет, Моңғолияда өткен Дүниежүзілік 37-ші ақындар конгресі – Әлемдік поэзия фестивалінде маңдайы жарқырай көрініп, қазақ поэзиясы туралы сөз сөйледі. Бірнеше қазақ ақынымен бірге ЮНЕСКО Әлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі атанды. Аталмыш академияның Алтын медалімен марапатталды. Парижде ЮНЕСКО мінберінде Қазақ әдебиеті туралы баяндама жасады.

Картинки по запросу тынымбай нұрмағамбетов

Жыл жазушысыТынымбай Нұрмағамбетов, шығармашылық жетістіктері үшін. Белгілі жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың бірінші республикалық «Рух» әдеби байқауында Бас жүлде алған «Рухтар жерден кетеді» атты романы тәуелсіздік алған кездегі қиындықтарды көркем сипаттаған. Жер сатып алған кәсіпкердің ауыл адамдарымен алысуы, соңғы жылдары елімізде өзекті болған үлкен мәселе – жер сатуға қарсылықты роман жанрында жазып шықты.

Похожее изображение

Жыл саясаткеріАзат Перуашев. Бейжіңде өткен Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының алғшқы форумында «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Алашорданың 100 жылдығымен құттықтап, Алаш партиясы туралы баяндама жасады. Қытайдың Коммунистік партиясы ОК Халықаралық істер департаменті басшысының орынбасары Дэн Шэйлиге (Сыртқы істер министрінің орынбасары дәрежесіндегі) Қытайдағы қандастарымыздың жағдайы жайлы жазылған, қамауда отырған 112 қазақтың тізімі бар хат тапсырды.

Азат Перуашевтың парламентте оффшорсыздану мәселесін ұдайы көтеруі арқасында таяуда Елбасы оффшордағы ақшаларда елге қайтару жөнінде нұсқау берді.

 

Картинки по запросу бақытбек смағұл

Жыл депутатыБақытбек Смағұл, ұлттық теңгемізге қатысты өткір ойлары үшін. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Мәжілістің пленарлы отырысында төл теңгемізге қатысты депутаттық сауал жолдап, онда жаңадан шыққан 500 теңгелік банкнотты сынға алды. Атап айтқанда, жаңа теңгеде бейнеленген Астанадағы «Москва» бизнес орталығы Тәуелсіз Қазақстан үшін еш символдық мәні жоқ екенін мәлімдеді.

Жыл сенаторыНұрлан Қылышбаев. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев. Сенатор биыл қазан айында Үкіметтен Қытайдағы қазақ диаспорасына қысым көрсетілуі жайлы ақпаратты тексеруді сұраған болатын. Депутаттық сауалға басқа мемлекеттердің азаматтығын алған қазақ ұлты өкілдері құқықтарының шектелуі туралы мәселе түрткі болды. Өйткені Қытайда қазақ диаспорасы ең көп шоғырланғаны белгілі.

Картинки по запросу дәурен абаев

Жыл министрі Дәурен Абаев, медиа саласының дамуы мен елімізді интернеттендіруге қосқан елеулі үлесі үшін. Өзі кәсіби журналист болғандықтан да Дәурен Абаев еліміздің ақпарат саласына жақсы өзгерістер енгізуде. Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын табысты жүргізіп келе жатқан Дәурен Абаевтың бастамшылығымен таяуда БАҚ, соның ішінде интернеттік ақпарат құралдары үшін елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізген заң қабылданды.

Жыл әкіміБауыржан Байбек пен Алтай Көлгінов.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек оңтүстік астананың дамуына елеулі үлес қосты. Алматының ажарын арттыруда бірқатар жұмыстар атқарылды. Идеологиялық салада да Рухани жаңғыруда Алматы қаласы алдыңғы қатардан табылды. Әсіресе, Наурыз мейрамында Б.Байбектің пәтер кілтін алып тұрып, Ресей тілінде сөйлеген қазақ қызына «Қазақша сөйлеу керек» деп, ақыл айтқаны «Қазақ үні» сайтында бірден 20 мыңға жуық адамның оқып, қолдауына ие болды.

Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов өңірдің әкономикалық-әлеуметтік тынысын арттыруда көп үлес қосуда. Орал қаласының тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи дамуына басымдық беруде. Жас әкімнің назарынан өңірдің ешқандай жері шет қалмауда, Түкпірдегі аудандарға да барып, биыл Рухани жаңғыру жылы 20 жыл бойы мәдениет ошағы салынбаған ауылға да Мәдениет үйін салдырды.

Жылдың тіл қайраткеріРуза Бейсенбайтегі мен Оғыз Доған.

Мемлекеттік тіл мүддесін қорғаған батыл да, табанды жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан күресі үшін биыл Руза Бейсенбайтегі «Тіл жанашыры» Құрмет белгісіне ие болып, Ақордада марапатталды.

Оғыз Доған «Эйр Астана» қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білуін талап етіп, аталмыш алпауыт компанияны сотқа беріп, жеңіп шықты. Сот шешеімімен «Эйр Астана» қазақ халқынан кешірім сұрап, мемлекеттік тілді білуге міндеттелді.

Жыл заңгері – Айгүл Тұрсынқызы Тұрсағұлова. Оғыз Доғанның «Эйр Астана» компаниясын мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін сотқа берген ісін қараудан екі судья бір ғана отырыстан өткізіп, бас тартты. Ал Алматы қаласы Түрксіб ауданының судьясы Айгүл Тұрсағұлова сот төрешісі болып, істі қолға алғаннан іс объективті жүргізіле бастады.  Алғашқы сот отырысында-ақ, сот «Эйр Астана» қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруін тексеру үшін оқиға блған күнгі бортсеріктерді келесі отырысқа шақыртты. Олардың қазақ тілін білмейтіні анықталып, ақыры іс Оғыз Доғанның пайдасына, яғни, мемлекеттік тілдің мүддесіне шешілді. Сот төрешісі Айгүл Тұрсынқызы «Эйр Астана» қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білуін міндеттеп, қазақ халқынан кешірім сұрау туралы шешім шығарды.

 

Картинки по запросу абзал құспан

Жыл адвокатыАбзал Құспан. Оғыз Доғанның «Эйр Астана» бортсеріктерімен болған дауын біле сала, «Мен Оғыз Доғанға қорғаушы болып, сотта жеңуіне кепілдік беремін» деп мәлімдеген әйгілі тіл қорғаушы адвокат Абзал Құспан өз айтқанын іс жүзінде дәлелдеді. Шеберлікпен шегелей берген Абзалдың бұлтартпас дәлелдеріне қарсы тарап ешнәрсе дей алмады. Сондай-ақ, Қытайдан Қазақстанға көшіп келмек болғанда шекаралық тексеру кезінде 50 мың долларға жуық бар жиған-терген ақшасынан айырылып қалған Гүлжан Мәуітханқызына қатысты сот отырысын соңына дейін жеткізіп, оралман қандасымыздың мүддесін қорғап қалды.

 

Картинки по запросу нұргүл қарағойшина

Жылдың мемлекеттік қызметкеріНұргүл Қарағойшина. Бас прокурордың кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина Коммуникациялық қызмет орталығында өткен Бас прокуратураның Рухани жаңғыруға байланысты брифингінде тек мемлекеттік тілде сөйледі. Орыс тілінде сұрақ қойған журналиске Ресей тілінде жауап беруден бас тартып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерді. Бас прокурордың кеңесшісі бұл ісімен мемлекеттік мүддені қорғауды және заңды сақтауды іс жүзінде көрсете білген нағыз мемлекеттік қызметкердің үлгісін көрсетті. Нұргүлдің айтуынша, «Прокурордың бірінші міндеті – қазақ тілін білу» болып табылады.

Жыл қайраткеріГеройхан Қыстаубай пен Айдын Егеубаев.

Қоғам қайраткері Геройхан Қыстаубай ұлт мүддесіне байланысты бірнеше сот істеріне белсене араласты. Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ұлтаралқы араздықты қоздырды деген негізсіз айыппен сотқа тартылған төрт қазақтың ісіне қоғамдық қорғаушы ретінде араласпы, оң шешілуіне ықпал етті.

Айдын Егеубаев жер қорғауда табанды күрес жүргізуде. Жер мәселесіне қатысты жарияланымдары үшін сотқа тартылуда.

Картинки по запросу ғалым мутанов

Жыл ректорыҒалым Қайыр Мұтанов. Академик Ғалым Қайыр Мұтанұлы басқарып отырған қазақ білімінің қарашаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті QS World University Ranking рейтингі бойынша әлемдегі ең озық жоғары оқу орындарының қатарынан табылды. Оқу ордасында Рухани жаңғыру орталығы ашылып, өнімді жұмыс істеуде.

Жыл ұстазыӘбдімәжит Өтеш пен Аятжан Ахметжан.

Өнегелі өмірін балалардың білімін жетілдіруге арнаған Әбдімәжит Өтеш биыл 17 қарашада Алматыдағы №178 мектеп-лицей директоры болып жүріп, алпысқа толуға бір жыл қалғанда қайтыс болды…

Әбдімәжит Өтешті жақсы білетіндер ол қай мектепке ауысса да, балаларын сол мектепке ауыстырып, артынан еріп жүретін еді. Оның жемісі – жетістігімен оқып жатқан және мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орнын аяқтап, үлгілі еңбек етіп жатқан ұл-қыздар! Өйткені, Өтеш Әбдімәжит қай мектепке ауысса, кез келген артта қалған мектеп болсын, әйгілі физика-математика мектептері болсын, дүр сілкініп, биік белеске көтеріліп шыға келетін еді… Еліміз бойынша ең үздік мектепке айналатын еді… Өтеш Әбдімәжиттің балалардың білімін арттыруға сіңірген орасан еңбегі ұмытылмай, серіктері мен шәкірттері арқылы жалғасын таба береді деп сенеміз!

Аятжан Ахметжан білім саласындағы күрделі мәселелер бойынша жарияланымдары мен жемісті істері үшін ел ықыласын иеленді. Ол биыл бірнеше рет өзінің Астанадағы білім орталығында жоғару оқу орнына дайындау мақсатында мектеп оқушылары үшін тегін дәрістер өткізді, Әсіресе, Аятжанның балаларын орыс мектептеріне беретін ата-аналарға аяушылық ақылы қоғамның зор ықыласын аударды. Бұл мақала «Қазақ үні порталында үш тілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланды.

Картинки по запросу дулыға ақмолда

Жыл актеріДуылға Ақмолда биыл «Сахнагер – 2017» ұлттық театр сыйлығының лауреаты атанды. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының ұжымы «Ұлы Дала Елі» атты Ұлт руханиятын ұлықтайтын концерттік бағдарламамен «Ақтастағы Аxико» спектаклін Токиода жапондықтардың назарына ұсынған-ды. Жапонияда аншлагпен өтіп, жергілікті халықтың жанарына жас алдырған спектакльде басты кейіпкер Ахиконың бейнесін Дулыға күшті сомдады. Атап өтерлігі, Дулыға «Оралман» фильмінде де басты рөлді сомдап шығып, аталмыш рөлі үшін Қазан қаласында өткен Халықаралық кинофестивальде «Үздік актер» атанған болатын.

Картинки по запросу сәбит құрманбеков

Жыл режиссеріСәбит Құрманбеков. Иранның астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінде режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі шетелдік фильмдер арасынан топ жарып, Бас жүлдені – «Азияның үздік фильмі» жүлдесін жеңіп алды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген аталмыш фильм осы фестивальдің «Шығыс Панорамасы» секциясында 12 елден келіп түскен 15 толықметражды картинамен бақ сынады.

Картинки по запросу димаш кудайбергенов

Жыл әншісіДимаш Құдайберген, халықаралық ән байқуындағы жетістіктері үшін. Қытайда өткен «Мен әншімін» халықаралық ән байқауында екінші орын алып, ерекше дауысымын миллиардтарды баураған Димаш, бүгінде халықаралық аренада үлкен сұранысқа ие жас талант. Сондай-ақ, ол ағымдағы жылы музыка әлеміндегі ең беделді сыйлықтың бірі – MTV Music Awards марапатына ие болды.

Картинки по запросу дүйсенхан сыздықов

Жыл сазгері – Дүйсенхан Сыздықов композиторлық шығармашылық жетістіктері үшін. Дүйсенханның соңғы жазған әдемі әндерін әйгілі әншілер орындаған Алматыда өткен «Гүл сыйлайық анаға» атты ән кеші биыл табысты өтті.

Жыл суретшісіТоққожа Қожағұлов пен Бақытбек Мұхамеджанов

Суретші Тоққожа Қожағұловтың Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Орталық көрмеде өткен «Үнсіз музыка» атты жеке шығармашылық көрмесі өте табысты өтті. Тоққожаның әсіресе, портреттік жұмыстары ел ықыласын аударып келеді.

Мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов биыл Алаштың 100 жылдығында Алаштың ордасы болған Семейде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханға еңселі ескерткіш жасады. Ал Атырауда әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі мүшелеріне ескерткіш кешенін тұрғызды.

 

Картинки по запросу салтанат байкошкарова

Жыл дәрігеріСалтанат Байғошқарова. Қазақстанда экстракорпоральды, яғни, денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) зертханасын алғашқы болып ұйымдастырып, ашқан репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымының докторы Салтанат Байқошқарова медицина саласында үлкен жетістіктерге жетті. Ол бүгінде «Экомед» адам ұрпағын өрбіту емханасының жетекшісі. ДТҰ саласындағы ерен еңбектері үшін ағымдағы жылы Салтанат Байқошқарова Қазақстанның «100 жаңа есімі» тізіміне кірді. «Алаштың 100 ізбасары» атағына да ие болды.

Картинки по запросу рәтбай мырзақұлов

Жыл ғалымыРәтбай Мырзақұлов. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, физика математика ғылымдарының докторы, профессор Рәтбай Мырзақұлов Қазақстан ғылымының қарқынды дамуына қосқан өлшеусіз үлес үшін жақында ғана Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолынан Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.

Картинки по запросу ермұрат бапи

Жыл журналисіЕрмұрат Бәпи, «ДАТ» жобасында жарияланған қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты өткір сындары үшін. Ермұрат елдік мақсатта, мемлекеттік және ұлттық мүдде тұрғысында Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыруға бірге тізе қосып, латын әліпбиін енгізуге өз үлесін қосты.

Похожее изображение

Жыл порталыҚамшы сайты. Ұлттық мүдделерді қорғауда және рухани шараларды іске асыруда «Қамшы кз» сайты атына сай қамшы салдырмай алда келеді. Белгілі журналист Біләл Қуаныш басқаратын, биыл шыққанына 5 жыл толған «Қамшы» порталы қаңтар айында «Алашорда – 100 жыл» жалпыхалықтық 5 шараны іске асыратынын жариялаған болатын. Сайт осы 5 іс-шараны да табысты өткізді.

Картинки по запросу әбдімәжит сыздықбеков

Жыл меценаты – Рухани дүниелерге қамқор болып жүрген Әбдімәжит Сыздықбеков Алаштың 100 жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында Алаш арыстарына арнап халықаралық конференция өткізді. Алаш аллеясын ашты.

Жыл кәсіпкеріХадиша Бижан мен Нұралы Әбішев. Алматыдағы «Бижан» ет өнімдері комбинаты президенті Хадиша Бижанова биыл өнімді еңбегі үшін Елбасы қолынан «Алтын сапа» сыйлығын алды. Хадиша Нұртайқызы ОҚО Арыс ауданы Байтоғай ауылындағы мектепке спорт кешенін салып берді.

Нұралы Әбішев өңірдің экономикалық-әлеуметтік саласын дамытуға үлес қосқаны үшін. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаты Нұралы Әбішев басқаратын «Комбиқұрылыс» компаниясы облыста ет дайындау зауыты мен сүт өнімдерін шығаратын заманауи жаңа зауытты іске қосты.

Похожее изображение

Жыл спортшысыАйбек Нұғымаров. Айбек биыл Ашхабадта өткен Азия біріншілігінде қазақ күресінен Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол елордада өткен «Әлем барысында» жеңімпаз атанып, қазақ күресінің нағыз үздігі екенін дәлелдеді.

Картинки по запросу өмірхан алтын

Жыл диаспора үздігіӨмірхан Алтын. Германиядағы қандасымыз Өмірхан Алтын биылғы Дүниежүзілік Қазақ қауымдастығының құрылтайында Елбасы алдында Қытайдағы қазақтардың мәселесін көтерді.

ЖЫЛ АДАМЫ – 2017: СІЗДЕР АНЫҚТАЙСЫЗДАР!





70 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 26 Желтоқсан, 2017, 21:38

    Ана Б.Смағұлов не бітірген?

  2. Руза 26 Желтоқсан, 2017, 22:13

    Өзім үшін қуанғаным әдепсіз болар, бірақ рахметімді жаудырамын! Қаты силайтын адамдарымның номинацияға ие болғандарына жас балаша, алақай дегім келеді! Барлығы әділ деп есептеймін! Бастысы, теперіш көріп жүрген Айдынды халқы қолдағанына дән ризамын! Оған сәл де болса рухани демеу! Қазақ үні порталына, асыл бауырым Қазекеме мың алғыс жыл сайын өткізіп отыратындарына! Келесі жылы жаңа адамдардың жаңа жетістіктерін көруге жеткізсін!

    • Aisulu Taizhan 26 Желтоқсан, 2017, 23:48

      Ардақты Руза сіңлім! Қуанышымның шегі жоқ! Әділдігіміз бар елміз!
      Құтты болсын номинацияға ие болғаның! Алда жеңістіктерің көп болсын!

      • Руза 27 Желтоқсан, 2017, 07:41

        Жүрегі даласындай кең тәтем! Дүниеде тек жақсылық көріңіз!

        • Қолқоюсыз 27 Желтоқсан, 2017, 17:57

          Құтты болсын ! Қазақ Тіліміз дамысын ! Қазақ Тілін білмейтін Қазақ Елінің азаматтары барлық салаларда жұмыс істей алмайтын статус енгізілсін.

  3. Қанат Атырау 26 Желтоқсан, 2017, 22:40

    Жақсы таңдалған ! Құттықтаймыз.

  4. Қолқоюсыз 26 Желтоқсан, 2017, 23:13

    Байбек, Көлгінов, Абаев Смағұлов, Қылышбаевтар не бітіріп жүр, соларсыз рейтингтің сәні келмей ме

  5. Ержан оспан 26 Желтоқсан, 2017, 23:23

    Барлығы марапатқа лайықты.
    Еліміздің болашағы үшін аянбай қызмет ете берсін!
    Құтты болсын.

  6. мурат 26 Желтоқсан, 2017, 23:27

    быратала медаль согып бересалмадындарма жыл адамы 2017деп немере шоберелерине корсетип мактанатын.

  7. Серік Пірназар 26 Желтоқсан, 2017, 23:37

    Шынында барлығы да лайықты кісілер! Негізі, өте жақсы таңдап алынған. Дулат, Тынымбай ағаларымыз жөнінде әңгіме жоқ, Ұлықбектің биылғы атқарған еңбектері жетерлік. Руза мен Оғыз турасында да пікіріміз өте жоғары. Ал саясаткер ретіндегі Перуашев кейінгі кездері өзіме қатты ұнап жүр. Қоғамдық мәні бар қаншама өткір мәселелерді көтерді. Кей жерлерде тіпті біз күтпеген батылдықтарға да барды. Бәрі үшін қолдап дауыс берер едім.

    • Руза 27 Желтоқсан, 2017, 08:06

      Аға, сіздің айтқандарыңызға толық қосыламын! Азат та азаматтық көрсетіп жүргені шын! Өзіңіздің аузыңыздан жылы сөз есту мен үшін мәртебе екенін айтқым келді..

  8. Айдын Егеубаев 26 Желтоқсан, 2017, 23:39

    Жыл қайраткері деген қолдауларыңызға үлкен рахмет… Бұл менің азаматтық парызым.. Жыл бойы қайраткерлік танытып жүрген ағаларымыздың еңбектері Халықтың жүрегінде… Отан үшін отқа түс күймейсің… Жер тағдыры баршамызға аманат… Осы байқауды ұйымдастырып отырған азаматтарға көп рахмет… Жыл диаспорасы Өмірхан Алтын ағамызға, Жыл қайраткері атанған Геройхан Қыстаубаев ағамызға, Тіліміз үшін тіпті өмірін қиюға дейін барған апамыз Руза Бейсенбайтегіне жəне барлық азаматтарға алғысымыз шексіз…

    • Руза 27 Желтоқсан, 2017, 07:45

      Рахмет, құлыным бауырым, бірақ мен тоқтап тұрған трамвайдың алдында тұрдымғой, жүргізушіні адамдұрысты, осы мемлекеттің тіліне қарсы емес жүргізушімен ауыстырсын деп…

    • Бахытжан Курманов. Ақтөбе. 27 Желтоқсан, 2017, 22:25

      Айдын Еліңнің Елімі , Жеріміз үшін Күресіңді көріп, Еңбегіңді бағалағаны,
      Ол Үлкен Ерлік.
      АЛЛА Ақ Жолдан Сүріндірмесін.
      От басыңа қолдағаны үшін мыңда бір Рахмет.
      Еңбегің АЛЛАдан Қайтсын.
      Ұзақ Өмір, Қажымас Қайрат, Ел Жұртымыздың Амандығын Тілеймін.

    • Қолқоюсыз 27 Желтоқсан, 2017, 23:29

      Иә,Айдын бауырымыз осы заманның батыры!
      Жақсының жақсылығын айт,нұры тассын!
      Атаққа да,мадаққа да лайық жансың.
      Өзіңдей қайсар ұлдарға,қайратың мұқалмасын,еңбегің жемісті болсын демекпін.

  9. Салтанат Арын 26 Желтоқсан, 2017, 23:40

    Байбек, Көлгінов, Абаев Смағұлов, Қылышбаевтарға не үшін берілгені мақалада анық және тура жазылған ғой. Лайықты таңдау бәрі де.

  10. Kaba Seilgasin 26 Желтоқсан, 2017, 23:42

    Өте ҚУАНЫШТЫМЫН! Әділ таңдау. Болашақта Қазақ Елі билігінде болатын əділдіктер осылай болуы керек.Бастамасы ЖАҚСЫ.

  11. Мамбет Курманбаев 26 Желтоқсан, 2017, 23:44

    Ел үшін, ұлттық мүддеміз үшін күрескендер,тағы басқа да қоғам қайраткерлері марапаттарыңыз құтты болсын!

  12. Мамбет Курманбаев 26 Желтоқсан, 2017, 23:45

    Ел үшін, ұлттық мүддеміз үшін күрескендер,тағы басқа да қоғам қайраткерлері марапаттарыңыз құтты болсын!.

  13. Нұрғали 26 Желтоқсан, 2017, 23:46

    Руза апай, Айдын Егеубаев, Оғыз, Димашқа келісем, қалғандары не бітіріп жұр. Мешоктар.

  14. Гүлімай Әбішқызы 26 Желтоқсан, 2017, 23:47

    Тамсана-тамсана қуаттап,құттықтаймыз!
    Осылай да адаспай,шатаспай табуға болады екен ғой!
    Тамаша! Аман болсын бар таңдаулылар!!!.

  15. Өмір Шыныбекұлы 26 Желтоқсан, 2017, 23:49

    Аятжан әріптесімді «Жыл ұстазы» атануымен құттықтаймын!
    Еңбегі жанды деген осы..
    Өрлей бер, өсе бер бауырым!

    Жыл ұстазы – Әбдімәжит Өтеш пен Аятжан Ахметжан.

    Өнегелі өмірін балалардың білімін жетілдіруге арнаған Әбдімәжит Өтеш биыл 17 қарашада Алматыдағы №178 мектеп-лицей директоры болып жүріп, алпысқа толуға бір жыл қалғанда қайтыс болды…

    Әбдімәжит Өтешті жақсы білетіндер ол қай мектепке ауысса да, балаларын сол мектепке ауыстырып, артынан еріп жүретін еді. Оның жемісі – жетістігімен оқып жатқан және мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орнын аяқтап, үлгілі еңбек етіп жатқан ұл-қыздар! Өйткені, Өтеш Әбдімәжит қай мектепке ауысса, кез келген артта қалған мектеп болсын, әйгілі физика-математика мектептері болсын, дүр сілкініп, биік белеске көтеріліп шыға келетін еді… Еліміз бойынша ең үздік мектепке айналатын еді… Өтеш Әбдімәжиттің балалардың білімін арттыруға сіңірген орасан еңбегі ұмытылмай, серіктері мен шәкірттері арқылы жалғасын таба береді деп сенеміз!

    Аятжан Ахметжан білім саласындағы күрделі мәселелер бойынша жарияланымдары мен жемісті істері үшін ел ықыласын иеленді. Ол биыл бірнеше рет өзінің Астанадағы білім орталығында жоғару оқу орнына дайындау мақсатында мектеп оқушылары үшін тегін дәрістер өткізді, Әсіресе, Аятжанның балаларын орыс мектептеріне беретін ата-аналарға аяушылық ақылы қоғамның зор ықыласын аударды. Бұл мақала «Қазақ үні порталында үш тілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланды.

    • Руза 27 Желтоқсан, 2017, 07:53

      Аятжанның азаматтық позициясын көп қазақ бағалайды десем қателеспейтін шығармын! Тек кейде түк өзгермейді деген пессимистік позициясы көңілді құлазытады..Өзіңдей Азаматтар көп болып жұмыстана берсеңіздер, артыңыздан біз жүрсек, барлығы жақсы болатынына сенемін ардақты бауырым! Сен де ауыр ойларды алып таста

  16. Калдыгуль Ералиева 26 Желтоқсан, 2017, 23:50

    Аятжан інім, құтты болсын! Əр уақытта еңбегіңнің жемісін көр,шəкіртерің өзіңе ұқсаған білімді, ұлтын сүйетін азамат болып жетілсін.

  17. Алма Бахыт 26 Желтоқсан, 2017, 23:50

    Құтты болсын марапатқа лайықты адамдар

  18. Малик Ибраев 26 Желтоқсан, 2017, 23:53

    Құтты болсын жақсы адамдар. Алла ұлтшыл қазақ көбйтсін деп тілейік.

  19. Жүрсін Иса 26 Желтоқсан, 2017, 23:58

    Барлығы лайыкты тұлғалар!!! Құтты болсын!!! Азат Перуашевтың депутаттығы мен қайраткелігіне ел риза.

  20. Zhukel Khamay 26 Желтоқсан, 2017, 23:59

    Əділ бағалау, құтты болсын!

  21. Baten Otyzbaeva 26 Желтоқсан, 2017, 23:59

    Барлықтарыңызға құтты болсын!
    Бірлесіп жетістіктерге жете берейік.Алла сіздерге күш-қайрат берсін.

  22. Бану Дос 27 Желтоқсан, 2017, 00:02

    Құтты болсын!!!! Міне əділетті таңдау!!!

  23. Kairat Baitolla 27 Желтоқсан, 2017, 00:05

    Алға,ұлт жанды азаматтармен азаматшалар біз сіздермен біргеміз.

  24. Задаш 27 Желтоқсан, 2017, 00:06

    Елимизде енбеги елерлик биз билмейтин каншама адамдар бар. Бари ушин куанамын. Кызганбайыкшы. Кутты болсын. Э

  25. Aqberen Elgezek 27 Желтоқсан, 2017, 00:12

    Өзім Ұлы Ағама дауыс бергем. Ризамын! Баршаңызға құтты болсын!

  26. Амантай Долькейұлы 27 Желтоқсан, 2017, 00:15

    Әділ бағалау, барлығыда «Жыл адамы» атағына сай тұлғалар! Құтты болсын!

  27. Айдын Егеубаев 27 Желтоқсан, 2017, 00:28

    ЖЫЛ ҚАЙРАТКЕРІ ДЕП ТАНЫҒАН ХАЛҚЫМНЫҢ ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСЫ…

    Мен үшін күтпеген жағдай…
    Жыл адамы – 2017 атты байқауын ұйымдастырып отырған азаматтарға рахмет айтамын…

    Барлық байқаудың жеңімпаздарын Ел игілігі үшін жасаған еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін…

    Еліміздің, Мемлекетіміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын қашанда..

    • Руза 27 Желтоқсан, 2017, 08:00

      Ендеше, асыл бауырым! Халықта көз бар, жүрек бар, осы БАҚ-тар, белсенділер, халықтың бірінші өкілдері демей көр? Жерім деп жан алысып-жан берісіп сол үшін, әділсіз билік бөлігінен жапа шегіп отырғаның неге елеусіз қалсын!

    • Мұратхан 30 Желтоқсан, 2017, 09:46

      Дұрыс тандау Айдын жыл қайраткері болуыңмен құтықтаймын.Аман бол бауырым кұлыншактарынның қызығын көр.

  28. Зада 27 Желтоқсан, 2017, 08:12

    Бұл айтқаныңыз өте артық кетті. Халық таңдап отыр ғой.Сіз бұл жерде халықпен келісуіңіз керек, қарсы шықпай. Қай қайсысы да лайық таңдалған! Өзіңіз осылардың орнында болсаңыз түсінер едіңіз қандай еңбек, қандай тəуекелдікке қадам жасалғанын! Халық айтса қалт айтпайды!

  29. Зада 27 Желтоқсан, 2017, 08:20

    Қадірлі халық таңдаулылары! Барлығыңызды осы жақсы атағыңызбен құттықтаймын! Өте өте дұрыс таңдау деп санаймын. Əрқашан да халықтың қалайлысы, еліміздің елеулісі болып жарқырап жүре беріңіздер! Халықпен бірге болсаңыздар əрқашан абыройда болатыныңыз белгілі. Еңбектеріңізді халық ұмытпайды! Еңбектеріңіз жана берсін!

  30. Дос 27 Желтоқсан, 2017, 09:58

    Керемет, адал рейтинг.
    2017 жылы тарих үшін маңызы зор саяси құбылыс пен тұлғалар тізімі

  31. Аятжан Ахметжан! 27 Желтоқсан, 2017, 10:49

    Рахмет баршаңызға, Алланың нұры жаусын!
    Өзім сыйлайтын ағалардың қатарында тұрғаныма бақыттымын!

  32. оз оиым 27 Желтоқсан, 2017, 11:32

    сиздерди билмедим мен мына дауыс беруге сенинкиремеи турмын калаиша жер дауында жерим сатылмасын деген кеин исти
    болган аидынмен жер сатылсын деген депутат бакытбек жыл адамы болу керек чаикадан кеин Москваны коре салганы ушинбе жыл депутаты деп косеревты аитса болады жер дауында шахтерлер забостовкасында оз оиын ашып халыкпен бирдеи оилаитынын аиткан.

  33. Қолқоюсыз 27 Желтоқсан, 2017, 11:57

    Бәрі лайықты деп айтуға ауыз бармайды, бірақ шешілгеннен кейін не айтамыз

  34. Аслан 27 Желтоқсан, 2017, 16:48

    лайықты баға. әділ таңдау. әкімдердің ішінен жас та болса іскер екенін көрсете білді.

    • Мангурт. 28 Желтоқсан, 2017, 06:05

      Аттегене ай ЖЫЛ-КАЙЫРШЫСЫ деген атактыда енгызу дурыс еды. Быр дуние жасалса екыншысы умыт калып жаталы, келесы жылы мындетты турде енгызындер. Мысалы КАЙЫРШЫЛЫК толеранттылык пен отаншыл-патриотизмнын ЭТАЛОНЫ деп. Мулде катып кетер еды !

  35. Қолқоюсыз 28 Желтоқсан, 2017, 09:52

    Қазақтар утылсырье дегенді,тілі келмей не өз тілімізге ыңғайлап, жіпсырия дейтін.сол жіпсырияға темір-терсек, сүйек-саяқ, ескі шүберекпе, әйтеу тозған,ақ жем болған бірдемелерді өткізіп шар алатынбыз не тиын-тебен, жеті тиынба, есте жоқ. көше-көшені аралап, жинайды, балалар қарық болатынбыз.сондай арбакеш шалдың біреуі Баянбай деген болған. жұлма-жұлма киініп, сары ала жазда тынбайтын, бөтелке де жинайтын. сол шал, артынан білгеніміздей, ешқандайда қайыршы емес, шіріген бай болып шықты, волгасы бар деп естідік, артынан. мына номинацияңыз сондай боп шықпасын.

    • Қолқоюсыз 28 Желтоқсан, 2017, 13:04

      Жок, ол мартебелы-дарежеге коп баласы бар жалгыз озы гана уйы, жумысы бала пособие жок, баланын быр екеуы коммерция-ЖООда студент, мойнында банкылердын тузагы ылынген, еш кайдан комек кутпейтын жануядар ылынуы тиыс, Ауылдагы осы параметрге келетын жануялар, уйы бар болсада баспанасы жок деп есептелуы тиыс.
      Атак былай аталуы лазым, улы мартебелы курметты кайыршы деп.

      • Қолқоюсыз 28 Желтоқсан, 2017, 14:15

        Миллиондап ақша табатын депутат, министр, әкім, шенеуниктер, еріккен әншісымақ, айтыссымақ, тұсау кескіштер, қыз жетектеп ұзатқыштарға жылына жағдайы жоқ студенттердің он шақтысының оқу ақысын төлету керек.сонда қайыршы болмайды,әрі студенттердің жағдайы түзеледі.

  36. анши 28 Желтоқсан, 2017, 14:48

    жыл индюкы деген атакта коссандар еди клент табылып тур .

  37. Сұлтан Бекболсын 28 Желтоқсан, 2017, 19:12

    Әділ таңдау! Мемлекеттік марапаттардан «Қазақ үнінің» «Жыл адамы» таңдауының дүбірі мен қадірі асып кетті.

  38. Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ 29 Желтоқсан, 2017, 02:43

    Тәуелсіз «Дат» гәзеті, кейінде талай құқай көріп, атын неше рет өзгертуге мәжбүр болған, бүгінде «ДАТ-ОП» болып шығып тұрған бұл гәзет қашанда батыл, әділ. Шындықты тауып, шымырлап жазады. Бұл гәзетті биліктің ауласындағы шенеуніктердің, парламент депутаттарының, ассамблея дегеннің мүшелерінің көбі жасырып оқиды, оған көзім жеткен. Яғни «ДАТ» бір көзі биліктің табағындағы тарыда болатын анау үлкен-кіші «қабырға гәзеттер» емес. Шын мәніндегі тәуелсіз гәзеттің әділдік, шындық туын сонау 1989-жылдан бері жоғары ұстап, қаймықпай, қажымай, қандай қиындық көрсе де қарсы тұрып, төтеп беріп келе жатқан Ермұрат Бапиға «Жыл журналисі» атағының берілгені өте дұрыс болды! Солайша ұйғарым жасаған «Қазақ үні» гәзеті мен порталы ұжымына, басшысы Қазыбек Исаға әділетті шешімдері үшін 1001 алғыс! Осы ақжүрек азаматтығың үшін, Қазыбек Інім, саған «Көңіл көгінде» атты естеліктер жинағымды силауға «қаулы қабылдадым», хабарласалық. Ал осында пікір жазған ағайындар, ешбірің Ермұратты ауызға алмадыңдар, әлде сендер де жасырып оқып жүрсіңдер ме? (Әзіл).

  39. Рая 30 Желтоқсан, 2017, 16:11

    Оаовллвлвлчддчдч

  40. Раxима Сакенова 30 Желтоқсан, 2017, 16:22

    Лайықты таңдау ! Халық таңдауы !Әрқайсысы ел жадында xалыққа ұнаған бір қырынан танылды .»xалық айтса ,қалт айтпайды деген осы болар .Өз басым бір ғана өлеңімен Семей полигоны құрбандарының ащы қасіретін айтқан Ұлықбек ақынның еңбегін ерекше атар едім

    • Қолқоюсыз 30 Желтоқсан, 2017, 16:32

      Ермұрат,Ұлықбек,Қазыбек,Айдын сияқты азаматтар халқына шапағатын тигізе берсін,келе жатқан ит жылы құт-береке әкелсін,еліміз аман,жұртымыз тыныш,тек жақсылықтар болғай.

  41. Жания 6 Қаңтар, 2018, 19:54

    Бахытбек Мухаметжанов Алаштын атын котерди. Алихан атамызга биринши рет ескерткиш койылды.Коп Рахмет.

  42. Қолқоюсыз 6 Қаңтар, 2018, 21:00

    Әділ таңдау!

  43. Суретші 6 Қаңтар, 2018, 21:36

    Бақытбек Мұхаметжанов Дос Мұқасан ескерткішімен Әлихан Бөкейхан ескерткішін қойып халықтың ықласына бөленді.Елдің рухын көтерді.Жыл адамына лайықты баға.

  44. Қолқоюсыз 6 Қаңтар, 2018, 22:45

    Бақытбек Мұхаметжанов досыма шығармашылық және ғылымдағы еңбегіңе табыс тілеймін халық ықыласына бөлене бер әлі сенің туындыларыңнан керемет жұмыстарды көруге сенімдімін. Нұралы Адамқұлов

  45. Роза Есекешова Арал қаласы 10 Сәуір, 2018, 18:19

    Мен үшін ең бақытты есім.Менің сүйікті әншім,бүкіл әлемнің сүйікті әншісі,қымбатты Димаш інімнің осынау үлкен таңдауға ие болу.Димашты осы марапатымен құттықтай отырып,өнерде үлкен жеңіс,қазағымның алтын мұрасын барша әлемге танытып еліңнің сүйіктісі болып жүре бер.дегім келеді.аман болсын,жеке өмірінде де табыс тілеймін.

  46. Роза Есекешова Арал қаласы 10 Сәуір, 2018, 18:22

    Мен үшін ең бақытты есім.Менің сүйікті әншім,бүкіл әлемнің сүйікті әншісі,қымбатты Димаш інімнің осынау үлкен таңдауға ие болу.Димашты осы марапатымен құттықтай отырып,өнерде үлкен жеңіс,қазағымның алтын мұрасын барша әлемге танытып еліңнің сүйіктісі болып жүре бер.дегім келеді.аман болсын,жеке өмірінде де табыс тілеймін.Мен өз сөзімді айттым,өзгелердің пікірі мені қызықтырмайды.Мен барша әлемде Димаштай әнші жоқ.Мен оның әндеріне ғашықпын.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.