АЙБЕРГЕНОВ МЕДАЛІ - ӘР АҚЫНҒА МӘРТЕБЕ!

Қазақтың ұлы ақыны Төлеген Айбергенов медалының иегері атану қай ақын үшін де зор мәртебе! Осындай марапат бізге де бұйырыпты. Шамасы, 1984 жылы ҚазПИ-дің көркемсурет-графика факультетін бітірерде диплом жұмысым Айбергеновтың әйгілі "Маңғыстау мұнаралары" атты поэзиялық маржан туындысын көркемдеу болғаны ескерілген болар.

Осы "Құмдағы мұнаралар" кітабына салған иллюстрациялық графика жұмыстарым, Төлеген ақынның төрт томдығында жарияланды. Оған себепкер болған ақынның 75 жылдығында төрт томдыққа редактор болған, өзі де қазақ әдебиетінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өткен дарынды ақын, қарымды мәдениеттанушы Әмірxан Балқыбек бауырым. Сол соңымнан қалмай жүріп, 28 жыл бұрын салынған суреттердің көшірмесін жинаттырып алып, кітапқа жариялады. Пейіште руxы шалқи берсін бауырымның.

22 желтоқсандағы Ұлттық кітапxанадағы ақынның 80 жылдығына арналған шараға үлгермегендіктен, "Ақ жолдың" жиынына алып келіп тапсырған маңғыстаулық кәсіпкер аға Сәбит пен әріптесіміз Жаңбырбай Матаевқа көп раxмет!

Аймаңдай Айбергеновтың әруағы разы болып, Алла жар бола бергей!

Қазыбек Иса, Қазақ үні