Қазақстанда кімдер 1 млн теңге жалақы алады?

2826
12
Бөлісу:

Қазақстанда жалақысы 1 млн теңге және одан да көп болатын вакансия саны 1,5%-ға артты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Аналитикалық орталықтың зерттеу нәтижесіне сәйкес, «Анкор» кадрлық холдингі 2017 жылы қабылдаған вакансиялардың 2%-ында жалақы мөлшері 1 млн теңге деп көрсеткен. Мұндай жалақы басқару қызметінде тәжірибесі бар менеджерлерге тағайындалған.

«Маркетинг, қаржы және заң саласындағы мамандарға жоғары жалақы төленетіні анықталды. Ережеге сай, корпорациялардың мұндай көлемдегі жалақыны өздерінің саласында топ деңгейге жеткен және әртүрлі бизнес процессте жоғары құзыретке ие кандидаттарға төлейтіні анықталды», – делінген компания хабарламасында.

2017 жылы сауда-саттық саласындағы мамандар жоғары сұранысқа ие болған. Әртүрлі саладағы техникалық мамандар екінші орында, ал қаржы саласындағы мамандар үшінші орында тұр. 500 мың теңгеден жоғары жалақы сауда-саттық, қызметкерлер басшысы, заң, активтерді басқару, логистика сынды мамандарға төленген.

«Бас мамандар – кез келген бизнес үшін стратегиялық маңызы бар ресурс. Олар үшін әрдайым еңбек нарығында шарттары оңтайлы ұсыныстар табылады. Жұмыс берушілер сенімді сапалы кадрлық резерв жинау арқылы бизнестің тұрақтығылы мен табысын арттыру үшін саналы таңдау жасайды. Компаниялар HR стратегиясының дамуында өздерін сенімді сезінеді. Аталған саладағы бизнес түрлері алдағы уақытта тұрақты түрде дамитын болады», – дейді Қазақстандағы Анкор кадрлық холдингінің директоры Валерия Петрунина.

Бүгінгі таңда қазақстандық жұмысшылардың орташа жалақысы – 149,9 мың теңгені құрайды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 12 пікір жазылған

  1. анкау 21 Желтоқсан, 2017 16:47 Жауап

    Казахстаннын нацфондын 22милярд долларын СШАда заморозить етип тастапты озимиздин орыс саиттар жазып жатыр неге не ушин бир казах саиты табылармекен тусиндиретин кеше онн да рессеиди жактап еки колымызды котерип едик сонын кесири емеспекен казах уни жанау сиздер еситпединдерме.

  2. жұмыссыз қазақ 21 Желтоқсан, 2017 16:57 Жауап

    Орташа жалақы деген пəлені айтпай – ақ қойыңыздаршы ????? 90% – бюджеттегілер 60, 70 мың теңге алады . 10% –1 -МЛН жəне одан да көп алатындар ???? Орташа жалақы көрсеткішімен кімді алдамақ , бұл билік

  3. дархан 22 Желтоқсан, 2017 10:32 Жауап

    мен 100 мың аламын ал бастық 510 мын алады орташа жалақы сонда екеуміздің 305 мың болады. Мысалы дегенім.

  4. Анкау 2 22 Желтоқсан, 2017 21:28 Жауап

    Өзбекте ООН да екі қолын көтеріп ресейді қолдап еді марқұм өзбек көсемі Ислам Каримов диктатор болып атақ алып және қызыда МАГНИТСКИЙ САНКЦИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ.ДИКТАТОРЛАРҒА ЖЕМҚОРЛАРҒА АРНАЛҒАН САНКЦИЯ!

  5. Қолқоюсыз 23 Желтоқсан, 2017 00:01 Жауап

    Трампты өлседе қызықтырмайды,себебі ол өлседе режим жасап тұр,осыны көздеп тұр.Андижан 2005 жыл.

    • Қолқоюсыз 23 Желтоқсан, 2017 08:21 Жауап

      Казеке акамызды кайтесын озымыздын некесыз шатамыздын шуын Жинап алайык. Кун ысып курттамай турганда.

      • Қолқоюсыз 23 Желтоқсан, 2017 08:58 Жауап

        Өңкей тексіз,құл-құтан,күң-қалаштан туған сайтан-сапалақтан не қадір,не тәрбие сұрайсыңдар.тұрған жерде етегі,жатқан жерде арты ашылып жатып,күлген немізді алған,жан-жақтағы көрші-қолаң мемлекеттер бізден көш ілгері.

  6. САНКЦИЯ 24 Желтоқсан, 2017 10:03 Жауап

    ӨЗБЕК БАСШЫСЫ САҚ БОЛ МИРЗИЁВ!КАРИМОВҚА АҚШ ЕЛІНІҢ ӘЛЕМДІК МАГНИТСКИЙ САНКЦИЯСЫ БЕРІЛДІ.ЖӘНЕ ӨЗБЕКСАННЫҢ ҚЫЛМЫС ӘЛЕМНІҢ СЕРКЕСІ ГАФУРҒА САНКЦИЯ БЕРІЛДІ.МАГНИТСКИЙ САНКЦИЯСЫ БЕРІЛГЕН РАМАЗАН ҚАДЫРОВ ШЕШЕН БАСШСЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТҮГЕЛ БҰҒАТТАЛДЫ.

Пікір немесе жауап жазу

екі + 13 =