Алматының этномәдени бірлестіктері мемлекеттік тілді білу бойынша сайысты

Алматыда «Тіл – татулық тірегі» атты байқау өтті
Бүгін Алматы қаласының Достық үйінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша «Тіл - татулық тірегі» атты байқау өтті.

Іс-шараға Алматы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, профессор, тарих ғылымдарының докторы Кан Георгий Васильевич, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Алматы қаласы жоғарғы оқу орындарының студенттері, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері және қаланың белсенді жастары қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы, 2017 жылдың 31 қаңтарынан жолдауына негізделе отырып, инновациялық дамуға өту – қазіргі кездегі қазақстандық қоғамның маңызды мақсаты екенін айтуға болады. Осы мақсатты жүзеге асырудағы басты бағыттардың бірі біздің мемлекетіміздегі білім беру жүйесінің рөлін ауыстыру болып табылады. Инновациялық ойлау және оған негізделген инновациялық қызмет, өз кезегінде, әлеуметтік өзгерулерге бейімделу стратегияларының бірі болып табылады. Осы мақсатқа жету векторы Қазақстан Республикасының жастары болып табылады.

Мемлекеттің дамуындағы жастардың үлкен үлесі осындай іс-шараларды өткізу қажеттілігін туындатады. Іс-шара қазіргі кездегі өзекті мәселелерді айқындауға, дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға және заманауи жастардың мәдени деңгейін жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы іс-шараны өткізе отырып, ұйымдастырушылар, жастарды, этносаралық келісім мен отансүйгіштік идеяны тарата отырып, қоғамдық қызметке тарту мақсатында, өз алдына осы міндеттерді қойды.

Іс-шара біткеннен кейін жеңімпаздар естелік жүлделер мен дипломдарға ие болды.

Осы ретте айта кету керек, Алматыда Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдігі аймақта болып жатқан барлық оқиғаларға белсене атсалысып келеді. Этномәдени орталықтардың өкілдері түрлі қайырымдылық шараларын өткізіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созудан жалыққан емес. Әсіресе, Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ардагерлерге көмектессе, 1 қыркүйек – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын киіндіріп, мектепке дайындайды.