«Ақ жол» жетекшісі Алаш Орданың 100 жылдығымен құттықтады

1374
1
Бөлісу:

Осыдан дәл жүз жыл бұрын, 1917 жылдың 13-желтоқсанында жал­пықазақ съезінде Алаш автономиясы құрылып, оның басқару кеңесі – Алаш Орда Үкіметі жа­сақталды. Сәрсенбі күні өткен Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев депутаттарды осынау айтулы датамен құттықтады.


– Биылғы жылы Мәдениет министрлігінің, жергілікті әкім­ші­ліктердің қолдауымен еліміздің барлық аймақтарында Алашқа арналған конференциялар өтіп, алаш астанасы болған Семейде Әлихан Бөкейханға еңселі ескерткіш тұрғызылды.
Ұлттық арнада деректі және көркем фильмдер түсіріліп, көр­сетілді.
Аталмыш датаны айқайлатпай, той ретінде емес, жұмыс ретінде мазмұнды атап өтуіміз көпшіліктің көңілінен шықты.
Осыған байланысты, атсалыс­қан Мәдениет министрлігі мен әкімшіліктерге, қоғамдық ұйым­дарға ризашылығымызды білдіріп, баршамызды халқымыздың азат­тығы үшін күрескен Алаш Орда­ның 100 жылдығымен құттық­таймыз!
Алашты ұлықтау бір ғана 100 жылдықпен шектелмейді. Оның ұстанымдары елімізге мәңгі қызмет етеді. Бабаларымыздың Ұлы арманын іске асыру – Елбасының жетек­шілігімен тек біздің замандас­тарымызға бұйырған екен», – деді депутат өз сөзінде.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу

6 − 1 =