"Рухани жаңғыру" аясындағы келісімді нығайту мәселелері талқыланды

3604598Алматыдағы  Достық үйінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Философия, саясаттану жә­­не дінтану институты Алматы қа­ласы Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы Ғылыми сараптамалық тобымен бірге «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруді жүзеге асырудың әлеу­меттік-саяси аспектілері» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция жұмысына танымал қазақстандық ғалымдар, философ­тар, саясаттанушылар, әлеумет­тану­шылар, қоғамдық қызмет­кер­лер және журналистер қатысты. Ғалымдар, мамандар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің аталған кон­ферен­циясы латын графикасына қазақ тілін ауыстыру бойынша ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын іске асырудың әлеуметтік-мәдени, саяси және әдіснамалық аспек­тілерін талдауға арналды. Аталған конференция барысында Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам –Ұлт жос­пары», болашақтағы біртұтас ұлтты қалып­тастыру және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Мемлекет басшысының бағ­дарла­малық мақаласы бойынша жалпы­қазақ­стандық бірегейлік және Қазақстан этностарының бірлігі мен келісімін нығай­ту шеңберінде қазақ әліпбиінің алдағы реформасын іске асырудың өзекті мәсе­лелері жан-жақты талқыланды. Қазақ әліпбиін реформалау тарихи алғышарттармен астасып жатыр және әлемдік технологиялық, коммуникациялық кеңістікке енуге бағытталған. Сонымен бірге, бұл мәселе қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту аясында жалпы­қазақстандық ұлттық бірегейлікті нығайту мен рухани жаңғыру үшін үлкен мәнге ие. Сондықтан 2012 жылдың 14 жел­тоқсанында Президент өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемле­кеттің жаңа саяси бағыты» атты Жол­дауында «аталған әлеуметтік-экономи­ка­лық және рухани өмірді жаңғырту Қа­зақстан халқын топтастырушы болуы тиіс»  деп атап көрсеткен болатын. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары қазақ жазуының латын әліпбиіне өтуі «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламалық құжаттарында және «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясында аталған ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырма­сына сәйкес, Қазақстанның әлемдік ақ­парат кеңістігіне енуі және уақыт талабы­мен байланысты рухани және қоғам өмі­рінің тағы да басқа көптеген мәселе­лерін шешу қоғамдық сананың маңызды фак­торы болып табылатындығын атап көрсетті. Ғалымдар мен мамандар, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының және республи­калық ғылыми қауымдастығының өкілдері конференция тақырыбы мен ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану инс­титуты жүргізген зерттеу нәтижелерін тал­қы­лау барысында төмендегідей ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар мен қорытындылар шығарды:
  1. Институт жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік зерттеулер нә­тижелері республиканың көптеген тұр­ғындары қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуін қолдайды және жағымды қабыл­дайтындығын көрсетті. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің этномәдени бірлес­тіктері атынан, ғылыми қауым­дастықпен бірге этносаралық сұхбат пен ынтымақ­тастықтың көпжылдық жеке тәжірибесін қолдана отырып, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін сақтау мен дамыту мақсатында алда тұрған мемле­кеттік тілді латын графикасына көшіруді әлеуметтік-мәдени және саяси қолдауға барлық күш-жігерін жұмсайды. Оның кепілі ретінде әрбір қазақстандық мемле­кеттік социо-лин­гвистикалық рефор­масы арқылы ашылатын мүмкіндікті тәжірибеде іске асырады: бизнесте, әлеу­меттік салада, идеология мен мәдениетте және қоғамның барлық саласында.
  2. Тұрғындар үшін ақпараттың негізгі көзі теледидар және интернет басылым­дары болып табылады. Сондықтан тұр­ғындар арасында кең танымал аты аталған электронды БАҚ-да ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту керек. Сонымен бірге, баспа БАҚ-да ақпараттық-түсіндіру жұ­мыстарын жалғастыру қажет. Бұл ретте танымал қазақстандық және шетелдік саясаткерлер, ғалымдар мен қоғамдық қызметкерлер қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуінің ұтымды тұстарын нақты дәлел­дермен жеткізуі тиіс.
  3. Аталған әлеуметтік зерттеулерде айтылған аға буын өкілдерінің кейбір бөлігінде мемлекеттік тілдің латын графи­касын игеруде қиындықтар туын­дауы мүмкіндігін ескере отырып, реформаның бастапқы кезде мүмкін ресми құжаттарда текстерді латын және кириллица әліп­биінде қатар қолдану қажет болады. Латын әліпбиіне өтудің бастапқы кезеңінде осы екі графиканы қоғамдық кеңістікте де сақтауға болады, ол қазақ­стан­дықтардың аға буын өкілдерінің тез бейімделуіне көмектеседі.
4.Қоғамдық кеңістікте, жарнаманың барлық түрінде жаңа әліпби белсенді түрде насихатталуы керек: сауда-саттық, бизнес-жарнама, мекен-жайлық, әлеуметтік жар­на­ма және т.б. БАҚ баспа құрал­дарында қа­зақ тілінің латын әліпбиінде әрдайым жұ­мыс жасайтын ақпараттық бағана болуы қажет. 5.Қазақстандық интернет-кеңістікте әрбір қиналған адам тәулік бойы барлық графикалық таңбаларды қолдану бойынша толық түсініктеме ала алатын қазақ тілі үшін латын әліпбиінің ерекшеліктерін түсіндірудің тегін ақпараттық жолдарын құру керек.
  1. Ғылыми қауымдастықта «Ғылым ордасы» базасында гуманитарлық бағыт­тағы жеті институттың пәнаралық әдісте­мелік семинарын тұрақты ұйымдастырып отыру қажеттілігі туындады. ҚХА, ҮЕҰ және басқа да азаматтық қоғам институт­тарымен бірге «Рухани жаңғыру» және «Қазақстан-2050» Стратегиясының тапсыр­малары аясында мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшірілу үрдісін жетілдірудің жаңа механизмдерін ұсынатын сұхбат алаңы ретінде осы семинарды қолдануға болады.
  2. ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты 2018 жылы Ал­маты қаласы Қазақстан халқы Ассамб­лея­сымен бірге қазақ тілінің латын графи­касына өтуін табысты жүзеге асыру бойын­ша біріккен жұмыс және біздің азамат­тардың мәдени дәстүрлерінің өзара кірігуі мен алдағы уақытта жақындасуына бағыт­талған іс-шаралар мен кездесулер ұйым­дастыруды көздеп отыр.
  3. Еліміздің білім саясатын іске асыру шеңберінде қазақ жазуының латын әліп­биіне өтуінің әр түрлі аспектілеріне ар­налған ғылыми-танымал басылымдар әзірлеу, латын әліпбиіне өтудің кезеңдік жаңа ғылыми салмағы бар әдістерді дайындау қажет деп есептейміз.