ОҒЫЗ ДОҒАННЫҢ ЖЕҢІСІ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖЕҢІСІ!

18127

Ал, ОҒЫЗ ДОҒАННЫҢ ЖЕҢІЛГЕНІ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖЕҢІЛІСІ!

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАДІРЛЕУДІ НАҚТЫ ІСІМЕН КӨРСЕТКЕН  БАУЫРЫМЫЗҒА БӘРІМІЗ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК!

 

 

Қазақстанда Қазақстан азаматтарына Қазақ тілін қорлатпай, қорғап жүрген оғлан Оғыз Доған бауырыма мың да бір рахмет! Мемлекеттік тілді талай табанға таптаған «Эйр Астана» компаниясының стюардессасының мемлекеттік тілде сөйлеуден бас тартқан тірлгі  заңға қарсылық болып табылады.

« Маған жолсерік қыз келіп, орысша сөйледі. Менің қарындасым сияқты қыз ғой, дауыс көтермедім. Мәдениетті түрде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін, өзімнің орыс тілін түсінбейтінімді талап етіп, сұрадым. Жолсерік қыз сосын ағылшынша сөйледі. Жаным-ау, мен Қазақстанға келіп тұрмын ғой. Қазақ тілінде қызмет алуым керек қой.  Маған Қазақстанда тұрып, бөтен мемлекеттің тілінде қызмет көрсеткені ұялтты. Бұл Қазақстан. Оның тілі – қазақ тілі. Мен түрік болсам да, қазақ тілін өз ана тілімдей құрметтеймін. Біз түріктер Қазақстанды анажұртымыз, атажұртымыз деп білеміз. Мен Қазақстанға бірінші мәрте келіп тұрған жоқпын.

Бұл жақтағы кейбір азаматтардың, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді білмейтінін, тіпті білгісі де келмейтінін жақсы білемін. Әйтпесе, Қазақстан Тәуелсіздік алғалы қанша жыл өтті. Қазақ тілін үйреніп алатын уақыт жетті, тіпті асып кетті ғой.

Мен журналистпін. Қазақ тілінде докторлық диссертация қорғаған адаммын. Неге мен Қазақстанда қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап ете алмаймын?!

Өкінішке орай, сол ұшақта отырған талай қазақ азаматтардың біреуі, «мына түріктің айтып отырғаны дұрыс қой», деп қолдау білдірген жоқ.

Маған келіп, «орындықты көтеріңіз, белдемшені тағыңыз» десе, мен сөзсіз ережені орындайтын едім. Өйткені мен қазақ тілін түсінемін. Мұнда айыппұлдың мәселесі емес. «Эйр Астанамен» дау 6800 теңгені төлеу арқылы бітер. Бірақ, мұның сыртында қазақ тілінің мәселесі көмулі қалады ғой. Ол Халықаралық әуе қызметі.

Мен секілді шетелдік туристер, қонақтар қаншама келіп-кетіп жатқан. Солар айтпайды дейсіз бе? Айтады, әрине. «Қазақстанда мемлекеттік тілдің құны бес тиын екен» деп ертең өз елдеріне өсек апарады.

Олар неге олай айтады? Себебі, дүкен, тіпті әжетханаларға дейін орыс тілінде қызмет көрсетіп, маңдайшаларына жайнатып жазып қойған, «Туалет» деп. Бұл бұл ма? Екі аттап, біреуден жол сұрасаң «Вам в ту сторону» деп бейпіл жауап береді.

Мұны көрген кез келген турист қазақ тілінің бар екенінен де бейхабар кетері анық. Ал енді, сол туристердің ең бірінші көретіні әуе қызметі. Сол жерден, яғни, қазақ топырағына табандары тиместен жатып, бөтен тілде сөйлеп тұрса, менде не ақы.

Өкінішке орай, Қазақстанда жүріп, қазақ тілінде қызмет сұрағаным үшін осындай жағдай орын алып отыр. Мен 6800 теңгеден қашпаймын.

Әуелі, қазақ халқынан мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін «Эйр Астана» кешірім сұрасын. Мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген компания қызметкеріне компанияның ішкі тәртібіне сәйкес шара қолданылсын!- дейді   Оғыз Доған.

Осылай деп мемлекеттік тілдің мүддесін қорғаған  Оғыз Доған  «Эйр Астана» компаниясын сотқа бергені мәлім.

«Оғыз Доған «Эйр Астананы» сотқа берсе жеңуіне  кепілмін» деп, Оғыз Доған бауырымыздың соттағы қорғаушысы болған, ұлт мүддесін қорғап жүретін заңгер Абзал Құспан:  

«Бірінші айтқым келгені, Оғыз Доған ағамыздыкі нағыз азаматтық, негізі қазақтар, яғни Сіз бен Біз жасау керек, бірақ жасай алмай жүрген істі атқарып, үлгі көрсетіп отыр.

Екінші айтайын дегенім, Оғыз Доған ағамыздың талабы 100% заңды әрі негізді. Егер талабы мұқалмай, мәселені сотқа дейін жеткізер болса бұл істен нәтиже шығарына мен кепілмін. Оған мына жағдайлар негіз бола алады;

Кез-келген салада,олардың қызметін реттеп отыратын өзінің салалық, яғни профильді заңдары болады. Әуе саласына қатысты заң, ол – «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы болып табылады.

Аталған Заңның 56 бабы, 6 бөлігінде былай деп көрсетілген (сөзбе-сөз) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің кабина экипажының мүшелері жолаушыларға қызмет көрсетуде қазақ тілін еркін меңгеруге міндетті».

Одан бөлек, Оғыз Доған ағамыз «Эйр Астана» компаниясының қызметін тұтынушы, ал компания қызмет көрсетуші ретінде, екеуара қарым-қатынасы «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының 24, 25, 26 баптарында қызмет көрсетушінің тұтынушыға ақпараттарды қазақ және орыс тілінде жеткізу міндеті тайға таңба басқандай анық көрсетілген!

Мен Тіл туралы Заңға немесе Конституцияға сілтеме жасамай ақ қояйын, жоғарыдағы екі заңмен ақ, «Эйр Астананың» мәселесін май шаммен қарауға болады» деп мәлімдеді.

Соттың  бірінші отырысына «Эйр Астана» өкілдері сотқа келмей, сот отырысы кейінге қалған болатын. Ал екінші сот отырысында «Эйр-Астана» өкілі құжаттарының толық еместігіне,  яғни жарғысыз дайындықсыз келгендеріне байланысты сот төрағасы сот ұйғарымын кейінге шегерді. Ал, үшінші сот отырысында «Эйр Астана» өкілі «Оғыз Доғаннан бізге ресми кешірім сұрау туралы ресми талап түскен жоқ»-деп тайқып шығып,  Оғыз Доғанның   талабын қараусыз қалдыруына өгініш, арызын ұсынды .Сот осы өтініш бойынша Оғыз Доғанның  талабын қараусыз қалдыруына ұйғарым шығарды.

 Оғыз Доған аппелияциялық шағым беріп, «Эйр Астанаға» талабын қайтадан тағы да жіберді. Соттың үшінші отырысында сот көңілге қонымды, мемлекеттік мүдде тұрғысынан  шешім шығарып, «Эйр Астана»  ұшақтағы оқиға болған күнгі әуесеріктерінің мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтау үшін оларды соттың келсі отырысына алып келуге міндеттенді.

Соттың бірінші отырысына да, екінші-үшінші отырысына да отыз шақты ұлт патриоттары қатысты. Енді ең шешуші  сәтте бәріміз бірге қатысайық ағайындар! Қазақ тілін – біздің мемлекеттік және ана тілімізді қорғап жүрген Оғыз Доғанды біз қорғамасақ, кім қорғайды? Ерлік жасап отырған бауырымыз жеңіліп жатса, елдігіміз қайда біздің?!.

Бірінші отырысқа әкімдермен тіл үшін күресіп жүрген жұмысын жиып қойып, сонау Керекуден кеше ғана Ақордада «ТІЛ ЖАНАШЫРЫ» ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ» марапатын иеленген Руза Бейсенбайтегі екі-үш күнге арнайы келгенде, Алматыда отырып алып, ана тілін қорғауға бір-екі сағатын қимайтын, тек әлеуметтік желіде ғана бостекі сөз  айтқанына семіріп жүргендерге сенім жоқ.

Біз сөзімізді айтқанын тек іспен ғана көрсете алатын нағыз ұлт патриоттарына арнап отырмыз! «Эйр Астана» тіл мәселесі бойынша бірінші рет сотты болып тұрған жоқ, қай кезде де өз есебімен мәселесін шешіп кетіп отырды Енді xалық, тіл жанашырлары бұған көз жұмып қарап отыра алмайды. Мемлекеттік тіл әр мекемеде өзінің биік тұғырына көтерілмейінше, xалық болып, қоғам болып аяғына дейін күресуге ниетті екенімізді білдіремз.

Оғыз Доған, Саған Қазақ халқының атынан зор АЛҒЫС айтамыз.

Жерде де, суда да, әуеде де алдыңнан Ақ жол ашыла берсін, Алла жар болсын!

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАДІРЛЕУДІ ОСЫЛАЙ НАҚТЫ ІСІМЕН КӨРСЕТКЕН  НАҒЫЗ ҚАЗАҚ ОҒЫЗ ДОҒАН БАУЫРЫМЫЗҒА БӘРІМІЗ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК!

ОҒЫЗ ДОҒАННЫҢ ЖЕҢІЛГЕНІ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖЕҢІЛІСІ!

ОҒЫЗ ДОҒАННЫҢ ЖЕҢГЕНІ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖЕҢІСІ!

Сот  Түрксіб аудандық сотында  4 желтоқсан күні, сағат 16-00-де  болады! Мекені Спартак көшесі. 11 үй.

Қазыбек ИСА

Qazaquni.kz

 

Қазақстандықтарға Қазақ тілін қорлатпай, қорғап жүрген Оғыз Доған бауырыма зор алғыс!