Алматылық шенеуніктер сыннан қорытынды шығарды

818
0
Бөлісу:

 

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың бір ай бұрын айтқан ескертуін орындады.
Ол осыдан бір жарым ай бұрын Алатау аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының орталығында болған еді. Жұмыс сапары барысында ол мекеменің жұмысын адамға көрсетілген құрметсіздік деп бағалаған-ды. Қалалық мемлекеттік кірістер департаменті бір жарым айдың ішінде ескертулердің бәрін қаперге алып, аудандық басқарманың орталығын қайта жаңғыртудан өткізді.
Мемлекеттік органдар осынау мерзім аралығында азаматтарға қызмет көрсетудің жаңа алаңын жасады. Ғимаратты күрделі жөнеуден өткізуге 11 млн. теңге жұмсалды. «Бұрын кеңседе кедергі көп болатын. Әйнек қабырғалар орнатылған. Адамдар кезек күтіп тұратын. Үнемі дау-жанжал болатын. Ғимарат жөндеуді талап ететін. Қазір бәрі басқаша, электронды кезек орнатылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалды, пандустар, дабыл тетіктері орнатылды. Қазір азаматтар тарапынан жақсы пікір айтылып жатыр», – деді қалалық МКД басшысының орынбасары Қанат Балтабеков.
Күн сайын мемлекеттік кірістер басқармаларының орталықтарында 7-10 мың жеке және заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетіледі.Жалпы алғанда, Алматыда Наурызбай, Медеу, Алмалы, Алатау аудандық басқармаларының орталығы кедергісіз қағидамен жұмыс істеп келеді. Биыл желтоқсан айында Жетісу ауданының орталығы аталған форматқа көшеді.Қазір онда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кету керек, осыдан бірнеше ай бұрын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында Алматыдағы Алатау аудандық басқармасының жұмысын сынаған болатын.Оның айтуынша, бұл – азаматтарға деген құрметсіздік. А.Шпекбаев орталықты қайта жаңғыртуға бір ай уақыт берген болатын.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

18 + бес =