Қамқоршылық кеңесі құрылтайшылармен кездесті

Алматыда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың Transparency Kazakhstan қамқоршылық кеңесінің құрылтайшылары және мүшелерімен кездесуі өтті. Іс-шараны ашқан Агенттік төрағасының орынбасары Мемлекет басшысының саяси ерік-жігері мен бастамалары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға, бизнес-қауымдастықтарға қатысуы және Қазақстан азаматтарына қолдау көрсетуінің арқасында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша маңызды қадамдар жасағанын атап өтті. Қамқоршылық кеңесі құрылтайшыларының пікірінше, Transparency Kazakhstan стратегиясы мен көзқарасы уәкілетті органның ұстанымымен сәйкес келеді. Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттің, қоғамның және бизнестің күш-жігерін біріктіретін ашық және транспаренттік принциптеріне негізделген мемлекеттік орган болып табылады. Іс-шара барысында мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар мен кеңестер айтылды. Мәселен, қамқоршылық кеңестің мүшелері мемлекеттік қызметкерлерге арналған бейдждерді қолдану арқылы олардың жауапкершілігін едәуір арттыруға болады деп санайды. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің кірістерін, активтері мен мүліктерінің қатынасы туралы декларациялау процедураларын жедел енгізу қажеттігіне тоқталды. qazaquni.kz