Есірткі жеткізу каналы жойылды

Астана қаласы ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде елордаға есірткі заттарын жеткізу каналын жойған. Сондай-ақ, елорда аумағына есірткі заттарын жеткізу және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің алдын алған. Кешенді жедел-тергеу және іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұйымдастырушы және негізгі жеткізуші, бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған Жамбыл облысының тұрғыны 1982 жылы туған «Д» есімді азамат ұсталған. Бір уақытта Астана қаласында ЕБҚКБ қызметкерлері фигуранттың қылмыстық байланыстарын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Нәтижесінде оның екі мүшесі Астана аумағында есірткі заттарын тасымалдауға, сақтауға және өткізуге қатысы бар 37 және 39 жас шамасындағы жергілікті тұрғындарды ұстады, олардан тұрғылықты жері бойынша жабдықталған жасырын орыннан жалпы салмағы 15 келі «гашиш» есірткі заты тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 297-бабы «Адамдар тобының алдын ала келісуі бойынша аса ірі көлемде есірткі заттарын сату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Барлық ұсталған тұлғалар Астана қаласы ІІД УҰИ қамалған. qazaquni.kz