Туыстары рұқсатсыз некелескен жастарды өлтіріп тастады

Картинки по запросу рұқсатсыз неке

Пәкістанда бұл «ар өлімі» деп аталады. Қыз бен жігітті өлтірсе, отбасының абыройына нұқсан келмейді деген түсінік қалыптасқан.

Пәкістан билігі кісі өлтіруге қатысы бар 10 адамды тұтқындады. Бұл туралы жергілікті Dawn басылымы жазды. 24 жастағы Абдул Хади мен 19 жастағы Хасина Биби туыстарының рұқсатынсыз некелескендері үшін ажал құшты.

Ұсталған күдіктілердің қатарында күйеу жігіттің әкесі бастаған туыстары бар. Тағы да 5 қатысушы іздестіріліп жатыр. Олар қыздың әкесі мен төрт бауыры.

«Қамшы»