"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Салтанат Байқошқарова: «Адамның бір қызығы – бала деген…»

Салтанат Байқошқарова, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарына Алматы қаласы атынан енген танымал дәрігер, биология ғылымдарының докторы: 

                                «АДАМНЫҢ БІР ҚЫЗЫҒЫ БАЛА ДЕГЕН…»

 

                   БІЗ ҚИЫНДЫҚПЕН КҮН САЙЫН БЕТБЕ-БЕТ КЕЛЕМІЗ

– Салтанат Берденқызы, сіз Қазақстанның ең танымал 100 тұлғасы қатарына кірдіңіз. Құттықтаймыз. Алғшақы сұрағым, бүгін Қазақстанда экстракорпоральды, яғни, денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) зертханасын алғашқы болып ұйымдастырып, ашқаныңызды жұрт жақсы біледі. «Экомед» орталығының жұмысын қалай бастағаныңызды айтып берсеңіз…
– Ия, 100 жаңа есім қатарына кіру мен үшін үлкен қуаныш. Үлкен сенім. Мен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдаймын, Мемлекет басшысының әр бастамасына үлкен үмітпен қарайтын адамдардың қатарынанмын.

Ал, алғашқы сұраққа келсек, 1995 жылы бедеулікті емдеу орталығы – «Экомед» емханасын ашуды ұйғардық. Бұл іске бастамашы болып, қолдау көрсеткен жолдасым Батыр болатын. Сонымен қатар, емханамыздың бүгінгі жоғары дәрежеге жетуіне Мәскеудегі «ЭКО» орталығының директоры, профессор В.М.Здановскийдің және ҚР Президенті Іс басқармасы медицина орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Б.С. Құралбаевтың көп көмегі тиді.
Жұмысты жүйелі жүргізе білгендігіміздің нәтижесі болар, клиника ашылғаннан кейін, 9 айдан соң, дәлірек айтқанда, 1996 жылдың шілде айында, денеден тыс ұрықтандыру әдісінің көмегімен орталығымызда алғашқы бала дүниеге келді.
– «Экомед» емханасының бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктеріне тоқталып өтсеңіз…
– Қазақстанда ДТҰ саласы бойынша жұмысты бастағанымызға 17 жылдан асты. Осы уақыт аралығында көптеген жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні де жас мамандар даярланып, жаңа технологиялар енгізілуде.
Сондықтан, емделушіле­ріміздің көбісі нәтижелі болып қайтуда. Біздің көмегімізге тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдік азаматтар да жүгініп жатады. Америка, Англия, Ресей, Германия, Түркия сынды елдерден келіп ем қабылдаған науқастарымыздың дені сауығып, бала сүю бақытына қол жеткізіп жатыр.
Жалпы, орталығымыз ашылғалы бері көптеген бала дүниеге келді. Бірақ, нақты санын айтпай-ақ қояйын, Құдай санатпай-ақ қойсын. Тек қазақ елінде дүниеге келер сәбилер көбейе берсін деп тілейік.
Қазіргі таңда Астана қаласында «Экомед Плюс» деп аталатын «Экомед» орталығы филиалының жұмыс жасап жатқанына 5 жылдан асты. Және Тараз қаласында да филиалымыз жұмыс істейді.
Біз тек орталыққа келген науқастарға ем жүргізіп қана қоймаймыз, Қазақстанда осы саланы дамыта түсу үшін шет елдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, түрлі ғылыми іс-шаралар өткізіп келеміз. Бұйыртса, алдағы уақытта бас қаламыз – Астанадан қазіргі заман талабына сай «Экомед» адам ұрпағын өрбіту және эмбриология институтын ашуды жоспарлап отырмыз.


– Жұмысыңызда кездесетін қиындықтар бар ма?
– ДТҰ саласындағы ең қиыны – маман дайындау мәселесі. Қазіргі таңда Қазақстанда кішісі бар, үлкені бар 10-ға жуық ДТҰ лабораториялары бар. Маман тапшылығы барлық жерде байқалатын үрдіс. Біздің салада қиындықтар сирек кездеседі деп айта алмаймын. Біз қиындықпен күн сайын бетбе-бет келеміз. Күнделікті жұмысымыздың өзі күрделі. Жоқтан бар жасау дегеніңіз оңай шаруа емес. Оның үстіне, біздің пациенттеріміздің көпшілігі жәй ғана бедеулікпен ауырмайды. Олардың біразы – дұрыс ем қабылдамай, уақыт өткізіп алғандар немесе басқа емдеуден нәтиже көрмеген жастары ұлғайған кісілер. Кейбір отбасылардың бала сүйе алмауына кей жағдайда жүйелі емделуге әрекет жасамаған ерлі-зайыптылардың өздері себепші болса, кейде дұрыс емдеу тәсілдерін жүргізбеген дәрігерлердің біліксіздігі де себеп болып жатады. Әрбір жүктілік біз үшін де, біздің пациенттеріміз үшін де қымбат. Шынын айту керек, ДТҰ әдісін қолдану қаржылай жағынан да қымбат. Өйткені, бұл технология – дүниежүзі бойынша қымбат технологиялардың қатарында. Сондықтан, біз бұл әдісті кез-келген науқасқа қолдана бермейміз. «Экомед» емханасы деп аталғанымызбен, тек қана қолдан ұрықтандыру әдісімен айналыспаймыз. Біздің емхананы негізінен бедеулікті емдеу орталығы деп есептеуге болады. Денеден тыс ұрықтандыру әдісін біз басқа ешқандай тәсіл көмектеспеген жағдайда ғана қолдануға мәжбүр боламыз. Қолданар алдында толыққанды зерттеу жұмыстары жүргізіліп, әрбір науқастың денсаулығына қарай ем тағайындалады.
Қалыпты жағдайдың өзінде адамдарда жүктілік процесі төмен болып келеді. Дені сау ерлі-зайыптыларда жыныстық қатынас ретті болған жағдайда, 20 жастағы әйелдің бір етеккір циклында бала көтеру мүмкіндігі – 15-20%, 30 жаста – 10%, ал, 40 жаста – 5%. ДТҰ әдісінде көрсеткіш екі есе көбейеді, яғни 30-40 пайызға дейін барады. Егер ерлі-зайыптылардың жасы ұлғайып қалған болса, ер азаматтың ұрығы аз, әрі әлсіз болатын болса, онда біз жоқтан бар жасай алмаймыз. Мұндай жағдайда басқа тәсілдерді қарастыруға тура келеді.

КЕЙБІРЕУЛЕР АҚШАҒА БӘРІН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ ДЕП ОЙЛАЙДЫ

– Сіздердің көмектеріңізге жүгінетін науқастар бұл әдісті қалай қабылдайды? Түсіністікпен қарай біле ме?
– Бізге келетін науқастардың барлығы ДТҰ әдісіне түсіністікпен қарайды деп айта алмаймын. Өмір болған соң, әртүрлі адамның болатыны заңдылық қой. Сондықтан әрбір науқаспен, жұмыс жасау барысында, түсіндіру жұмыстарына жете мән беруге тырысамыз. Біздің көмегімізге жүгінетіндердің дені ең әуелі: «Кепілдік бересіз бе?» деген сұрақ қояды. Кейбір түсінігі таяз адамдар қалтамды ақшаға толтырып келсем болды, аяғым ауыр болады деп ойлайды. Оларға бұл әдіс құдды бір дүкенге барып бала сатып алғандай көрінеді. Біздің жұмысымызда «ДТҰ әдісін бір рет қолданғаннан кейін, жүкті боласың» деген кепілдікті ешкім бере алмайды. Бұл – дүниежүзінде қалыптасқан тәжірибе. Негізінен, қалыпты жағдайда әйелдің бір айдағы бала көтеру қабілеті, бар болғаны 15-20 пайызды құрайтынын айтып кеттік. Ал, енді табиғат бермегенді мен 100 пайыз кепілдік беремін деп қалай айта аламын? Жалғыз бұл салада емес, медицинаның кез-келген саласында «аурудан жүз пайыз айығасың» деген кепілдікті ешкім де бере алмайды. Бірақ, бізде гормондық дәрілерді қолданудың арқасында бала көтеру мүмкіндігі екі есеге өседі. Біздің орталықта ем қабылдағандардың егізден, үшемнен босанатыны да сондықтан. Осылайша түсіндіріп айтқаннан кейін барып, көпшілігі түсінеді.
– ДТҰ әдісіне үкімет қаншалықты көңіл бөліп келеді?
Денеден тыс ұрықтандыру әдісіне мемлекет тарапынан соңғы жылдары жақсы көңіл бөлініп жүр.Үш жылдан бері өздігінен бала көтеру қабілеті жоқ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнайы квота бөлініп келеді. Алғашқы жылдары 100 квота бөлінген болса, қазіргі таңда 600-ге жетті. Бірақ, Қазақстан сияқты демографиялық ахуалды көтеруді жолға қойған ел үшін мұның өзі аздық етеді. Алайда, бұл әдісті жүзеге асыру үшін білікті мамандар қажет. Маман тапшылығы да, көп шаруаға қолбайлау болып отырған жайы бар. Сондықтан, алдағы уақытта денеден тыс ұрықтандыру әдісі бойынша арнайы мамандар дайындауға, бұл әдістің көмегіне жүгінуші науқастарға жеңілдік жасауға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, артықтық етпес еді.
– Ерлі-зайыптылардың бала сүюіне көбіне қандай жағдай кедергі келтіріп жатады…
– Ұрпақсыздық мәселесімен айналысқаныма 25 жылдай уақыт болып қалыпты. Бедеулікке шалдыққан әйелдердің 80 пайызға жуығы кезінде жасанды түсік жасағандар екенін қыз-келіншектердің есіне салғым келеді. Біреулері ақымақтықпен жасаса, көпшілігі оқу, мансап қуып, кейбіреулері әлеуметтік жағдайларына байланысты болашақ ұрпағына пышақ ұрғандар, өзінің тамырын кескендер. Бір кезде Алланың берген сыйын кері қайтарып, енді қайтадан ала алмай жүргендер. Әрине, бүгінде зар жылайды, өкінеді, бірақ, амал нешік, кеткен қатені түзету мүмкін емес. Кейін, кейін деп жүріп жүктіліктен сақтанып бізге келетін әйелдердің көбі – 40 жастағылар. Бұл жаста көбінесе аналық ұрық тапшылығының байқалатыны айдан анық. Таң қалатыным, бүгінде адам өзін Жаратқаннан, жаратылыстан кейде асық көреді. Бірақ біз өмір жолы адамның айтқанымен жүрмейтінін, ақшаға уақытты кері кайтара алмайтынымызды ұмытпауымыз керек. Ақшаға баланы оңай сатып алуға болады деп ойлайтын адамдарға қайран қаламын. Өмір бойы мансап, дүние қуып жинаған ақшасына «бала сатып ала алмай» әлек болып, дәрігерге, тағдырға кінә артып налып жүргендерді көріп жаның ауырады. Адам баланы да ойыншық дүниеге айналдырып алған, керек кезінде ақшаға жасатып аламын деп. Бірақ, еңбектеніп қаржы жинаған кезі әйелдің ұрығы таусылатын жасымен ұштасатынын өмір күнде көрсетіп жүр.

 «АДАМНЫҢ БІР ҚЫЗЫҒЫ БАЛА ДЕГЕН…»

– Қазіргі таңда ажырасу мәселесі қоғамның дертіне айналды. Осы тұрғыда сіз «бала – отбасындағы тұрақтылықты сақтаудың басты себепшісі» деген пікірмен келісесіз бе?
– Бұл пікірмен келіспеймін дей алмаймын. Сөз жоқ, бала деген екі жастың арасындағы дәнекер. Бірақ, белгілі бір дәрежеде ғана. Кейбір адамдар баласы барлар ғана бақытты деп ойлайды. Бұл – дұрыс емес. Бала сүймеген ерлі-зайыптылардың өзі де бақытты. Егер де олардың араларында шынайы махаббат пен сыйластық болса. Бірақ, балалы болғанға не жетсін, әрине.
Ұлы Абай атамыз айтады ғой, «Адамның бір қызығы бала деген» деп. Көрдіңіз бе, бала деген адамның бар қызығы емес, бір қызығы ғана. Бар мәселе балаға келіп тіреліп тұрған жоқ. Мәселен, бала сүймей-ақ қаншама жыл бірге тұрып, кейін балалы болғасын, ажырасып кетіп жатқан отбасыларды да көзіміз көріп жүр.
Ерлі-зайыптылар бір-бірін сыйлай білсе, кешірімшіл болса, онда отбасында тұрақтылық орнайтыны сөзсіз. Көп жағдайда әйел заты ерінің бетінен алмай, жолдасын мақұлдап, оның ығына жығылып отырса, отбасында жарасымдылық болады деп ойлаймын. Әйелінің көрсеткен сый-құрметін ер азаматы бағалай білсе, нұр үстіне нұр болары анық.
– Бүгінде жас отбасыларға бала санын шектейді деген сыни пікір жиі айтылып жатады. Бұл қаншалықты қисынды?
– Барлығы көбіне әлеуметтік жағдайға келіп тіреледі. Бұл тұрғыда жас отбасыларға бала санын шектедіңдер деп мін тағу орынсыз. Өйткені, олардың барлығы дерлік мемлекет тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз етіліп жатқан жоқ. Сондықтан да, бүгінгі күні жас отбасылар бірінші баланы дүниеге әкелгеннен кейін, одан кейінгісіне ойланып барып әрекет қылады. Әсіресе, Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда тұратын жас отбасылардың дені баспаналы болудың қамымен жұмыс жасап жүр.
Мемлекет осы тұрғыда жас отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, баспаналы болу мүмкіндіктеріне және балалы болғаннан кейін жеткілікті дәрежеде жәрдемақы алуына жағдай туғызса, мүмкін, жастар да табиғаттың ұрпақты болуға берген алтын уақытын дұрыс пайдаланып, еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға ықпал етер еді. Бірақ, барлығын мемлекеттің міндетіне аударып қана қоймай, жастар өз тағдырына саналы тұр­ғыдан жауапкершілікпен қараса, жағдай дұрысталатыны күмәнсіз.


– Қазіргі таңда қазақ әйелдері­нің арасында белсенділік танытып жүрген жанның бірі өзіңіз. Егер билік тізгінінің бір тармағынан ыңғайлы орын ұсынылып жатса, барар ма едіңіз?
– Жоқ, бармас едім. Неге десеңіз, мен өзімнің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым бойынша жұмыс жасап жүрмін. Әрі белгілі бір дәрежеде халқыма пайдам тиіп жатыр деп айта аламын. Меніңше, билікке бару үшін де адамның оған бейімділігі болуы керек. Соған қарай ұмтыла білуі керек. Маған биік лауазымды қызмет атқарғаннан гөрі, ақ халатты абзал жан ретінде қаншама отбасының алғысын арқалағаным әлдеқайда артық сияқты көрінеді. Оның үстінде ел алдындағы еңбегім елеусіз қалып жатқан жоқ. Елбасымыз Н.Назарбаев денсаулық саласындағы ерен еңбегім үшін, алғыс хаттармен, мақтау грамоталарымен марапаттап, «Құрмет» орденін тапсырды. Мұның өзі еңбегімнің еленгендігі деп білем.
– Бүгінгі қазақ әйелінің, қазақ қызының бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
– Меніңше, қазақтың әрбір қызы «қазақтың қызы» деген ғажап атқа лайық болуы керек. Мен қазақ әйелінің, қазақ қызының бойынан қазақи қалпымызға ғана тән қасиеттерді көргім келеді. Олардың әрбірінен салт-дәстүрдің иісі аңқып тұрса екен деймін. Жастардың көпшілігі бүгін «сүйем, күйем» деп үйленіп алып, ертеңіне-ақ ажырасып жатады. Тіпті араларында баланың барына да қарамайды. Осындайда маған қазіргінің қыздары келін болудан қалып бара жатыр ма деген ой келеді. Бәріне бірдей күйе жағудан аулақпын, әрине. Бірақ, қазақылықты бойына сіңірген, инабатты, ибалы келіндерді сирек кезіктіріп жүргеніміз ащы да болса шындық. Бұрынғының келіндері ата-енесінің қас-қабағына қарап қимылдайтын болса, қазір керісінше ата-енесі келіннің қабағына қарайтын болды. «Келінге келін болсаң, жағасың» деген сөз шындыққа айналып бара жатқандай.
«Тәрбие басы – тал бесік» демекші, мұның барлығы отбасындағы берілетін тәрбиеге, бағыт-бағдарға байланысты деп ойлаймын. Өкінішке орай, бүгінде кейбір түсінігі таяз ата-аналар «ішіме сыйған қыз, сыртыма да сияды» деп, қайтып келген қызын қабылдауға дайын тұратын болды. Бұл біздің психологиямыздың кері кетіп жатқандығы болса керек.
Шынын айтуымыз керек, бүгінгі күні қыздарымыз оқуда да, қызмет атқару барысында да белсенділік танытып жүр. Бұл бір жағынан дұрыс болғанымен, екінші жағынан көп қыздарымыз қызметтің соңынан жүгіремін деп, тұрмыс құруды кейінге шегеріп қойды. Әйел затының басты бақыты – тұрмыс құрып, балалы болу екендіктерін естен шығарып алды. Бұл тұрғыда дұрыс тәрбие беруі тиіс ата-аналарымыздың өзі «қызымыз анда оқиды, мында қызмет атқарады» дегенді мақтан көретін болды.
Сондықтан да, аналарымыз қыздың ең бірінші міндеті – ана болу екендігін жете түсіндіріп, осы бағытта, тәлім-тәрбиесін бергені дұрыс. Ұл-қызымыздың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, қазақы салт-дәстүрден аттамау керектігін құлағына құя білсек, онда болашағымыз да жарқын болмақ.
«Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады, бір қозы туылса, бір уыс шөп артық шығады», дегенді атам қазақ бекер айтпаған болар. Қыз балаларымыз мансапты бірінші орынға қоймай, отбасын құрып, балалы болып, Ана бақытына бөлену – негізгі мақсат екенін ойланса құба-құп болар еді.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Гүлмира САДЫҚ

qazaquni.kz

 

 

 


Осыған ұқсас:



187 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 25 Желтоқсан, 2016, 18:46

    Салеметсизбе? Сиздерде менин де маткам жок, аплазия деген диагноз. Сиздерде суррогат аналар барма . Не истесем болады,

    • Айгерім 26 Желтоқсан, 2017, 13:22

      Сәлеметсіз бе! 8 800 080 0220 тегін номерге хабарласып, дәрігер-репродуктологтын қабылдауына жазылыңыз!

  2. Қолқоюсыз 26 Желтоқсан, 2016, 03:52

    Саламатсыз ба?Салтанат Байқошарова мен Шымкент каласында турамын 3 улым бар,турмыстамын .мен жагдайыма байланысты суррогат ана болгым келеди.сиздердин бул жакта клиникаларыныз барма? отиниш мына тел хабарласуын отинем 87076294487 Жасым 29 да бойым 165 салмагым 60 Аллага шукир балаларымнын дендери сау,озим босагам.Кан тобым 1 отр. Сиге рахмет.

    • Айгерім 26 Желтоқсан, 2017, 13:28

      Сәлеметсіз бе! Бар, Шымкент қаласында клиниканың мекен- жайы Тауке хан даңғылы,125. 8 800 080 0220 тегін номерге хабарласыңыз!

      • Айгерім 28 Желтоқсан, 2017, 10:08

        Сәлеметсіз бе! Шымкент қаласында клиниканың мекен-жайы мкр. Нурсат Астана даңғылы 16.8 800 080 0220 тегін номерге хабарласыңыз!

  3. Клара 6 Қаңтар, 2017, 09:10

    Саламаатсыз бс Салтанат Байкошкарова мен Мақтарал ауданы Асык ата онириндеги Ақниет ауылында тұрамын. Жасым 36 да бир улым бар 2002 жылгы аллаға шукир.Копсинбеймин.содан бери көтере алмай журмин.Сөзбен жеке ұялы телефонынызбен немесе электрон поштанызды қалай алсам болады.Арманым улыма серик бауыр тусам деиимин.Сизден отиниш қалай сойлесе аламын сизбен.

    • Қолқоюсыз 25 Сәуір, 2017, 23:00

      Салтанат апай менің үйленгеніме 4жылдан асып барады. сізге барып қаралу менің арманым Аллам тілегімді қабыл етсе екен шыр еткен саби сыйласа екен.Алла сізге жар болсын…көріп жатсаңыз осы нөмерге хабарласыңызшы.. 87472248298

  4. Жəудір Мырзағалиқызы 10 Қаңтар, 2017, 22:15

    Саламатсызба Салтанат Байкошкарова !Мен Қызылорда да қаласынан болам, жасым 27 де, 2013 жылы тұрмысқа шыққам, Бірінші балам 2015 жылы 2 январьда 20 – 21 аптада толғақ басталып түсіп қалды, екіншісі 2016 жылдың 2 июльда 20 – 21 апталық болып түсіп қалды, енді нестесем болады, нақты диагноз айтқан жоқ врачтар, Сізбен қалай хаб аламын өтініш сізден жауап жазыңызшы?

  5. алия туленова 11 Қаңтар, 2017, 20:45

    Мен де Ана болгым келеди. Жасым 36 да. Салтанат Байкошкарова жайлы кооп естигем. Астанадамын . Мекен жайын жазсаныздар екен.

  6. Феруза 24 Қаңтар, 2017, 14:06

    Салеметсизбе!мен атымЖекибаеваФеруза мен Костанай обылысы Рудный каласынан жазып отырмын менин турмыс курганыма 5 жыл болды больницага 1 жылдан кейин барып каралдык куйеуимиз екеумиз куйеумнин спермасында сперматазой жок болып шыкты,сондыктан ЭКО жасаткым келеди жасатайын десек карды жагы киындау болып тур,сол ушин сизден сурайын дегем кандай кенес айтасыз квота жайлы калай кайда барып билуге болады.Балалы болгым келеди катты .тел ном 87024869939

  7. Феруза 24 Қаңтар, 2017, 14:07

    Салеметсизбе!мен атымЖекибаеваФеруза мен Костанай обылысы Рудный каласынан жазып отырмын менин турмыс курганыма 5 жыл болды больницага 1 жылдан кейин барып каралдык куйеуимиз екеумиз куйеумнин спермасында сперматазой жок болып шыкты,сондыктан ЭКО жасаткым келеди жасатайын десек карды жагы киындау болып тур,сол ушин сизден сурайын дегем кандай кенес айтасыз квота жайлы калай кайда барып билуге болады.Балалы болгым келеди катты .тел ном 87024869939 :oilanu:

    • Гулназ 18 Сәуір, 2017, 15:37

      Саламатсызба мен 15- жылдан бері бала суйалмай журмын меныңда бармаған жерым жоқ натйже болмады не истесем болады

  8. ФЕРУЗА 24 Қаңтар, 2017, 14:13

    Салеметтсизбе!мен Костанай обл Рудный каласында турамын,менин турмыс курганыма 5жыл болды .1жылдан кейин больницага каралдык жолдасымнын спермасында сперматазойлар жок болып шыкты,сол себептен Эко жасаткым келеди бирак каржы жагынан киналып журмиз.Сизкандай кенес бересиз 87024869939

  9. Перизат 30 Қаңтар, 2017, 22:26

    Менм Астанадамын уйленгениме 4 жыл болды бала котере алмай журмин.куйеуимнин урыгы алсиз болып тур енди калай балалы болуга болады

  10. Айгерим 1 Ақпан, 2017, 18:22

    Сəлеметсізбе. Мен Алматы қаласынан боламын 4 жыл болды тұрмыстамын. Қатты балалы болғым келеді,көмектесіңізші. Киеуімнің ұрығы 75%. ЭКО жасамай емделуге болама? Солай көтере аламын ба? Хабарласыңызшы немесе нөмеріңізді бересіз бе? 87026879707

  11. Самал 3 Ақпан, 2017, 14:36

    Саламаатсыз бе Салтанат Байкошкарова мен Қарағанды қаласы Бұқар жырау аданы Үміткер ауылынанда тұрамын. Жасым 40 та бір улым бар 2002 жылгы аллаға шукир.содан бери көтере алмай журмин.Сөзбен жеке ұялы телефонынызбен немесе электрон поштанызды қалай алсам болады.Арманым улыма серік бауыр тусам деиимин.Сізден отініш қалай сөйлесе аламын сізбен.

  12. Ханым 4 Ақпан, 2017, 11:43

    Сәлеметсіз бе Салтанат Байқошқарова,сізге көрінгім келеді,бірақта ақшам жоқ,қарану тегін болса бір көрінгім келеді,жауабыңызды күтемін

  13. Қолқоюсыз 5 Ақпан, 2017, 18:29

    Салеметсиз бе салтанат байкошкарова апай. Мен де 9 жыл болды котере алмай келе жатканыма калай бала котерсем болады.

  14. Лаура 12 Ақпан, 2017, 00:22

    СƏЛЕМЕТСІЗБЕ!САЛТАНАТ БАЙҚОШҚАРОВА. МЕН СІЗДІҢ ЕМХАНАҢЫЗДА ҚАРАЛЫП,ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ДАЙЫНДАЛЫП ЖҮРМІН. ЛƏЗЗАТ АЙТҚОЖИНА ҚАРАДЫ. БҮКІЛ АНАЛИЗДЕРІМДІ ТАПСЫРДЫМ. ЛАПАРОСКОПИЯМЕН ЖАСАЙДЫ. ЕНДІ МЕНІҢ СҰРАҒЫМ, ӨЗІҢІЗ ДЕН ЖАУАП АЛСАМ ДЕЙМІН. МЕНДЕ ЯЙЦОКЛЕТКАМ 0,29 ӨТЕ ТӨМЕН, ҚАЛАЙ ЕМДЕЛ СЕМ БОЛАДЫ?ӨТІНІШ. АНА БОЛУ БАҚЫТЫН 15ЖЫЛ БОЛДЫ АҢСАП ЖҮРМІН.

  15. Салтанат 17 Ақпан, 2017, 00:57

    Саламатсызба Салтанат Берденқызы? Мен сіздерге очередке жазылайын деп едім. Қалай жазылсам болады. Менің тел.номер 87026504470 жасауыңызды күтемін.

  16. Салтанат 17 Ақпан, 2017, 01:09

    Меннің отбасы құрғаныма 12жыл болды. Жасым 32де, жолдасымның жасы 44те. Бір қызым бар. Ол қызымды 2006жылы аяқпен келіп, кессервамен алған.Одан 3жыл көтеруге болмайды деп, 4жылы екіншімді көтергенмін. 4айында острый приступпен емханаға түстім. Емханада врачтар 4айлық екіқабат опендицить деп ота жасады. Ол ота олай болмай шықты. Разрыв матка болды, ол неден болды білмейміз. Содан баланы алып тастап мені ажалдан əзер алып қалды. Сол отада екі трубамды жауып тастады. Енді біз сізге қаралып балалы болсақ деген арманымыз бар.

  17. Бакыткызы Гаухар 23 Ақпан, 2017, 14:23

    Салеметсиз бе Салтанаи апай. Мен кызылорда облысы,арал ауданынанмын. Турмыс курнаныма 5 жыл болды сабили бола алмай журмыс. Сизбен калай хабарласуга болады.Саби суйгим келеди.

  18. Аида 24 Ақпан, 2017, 18:11

    Ешкимге жауап бермептиго колдан урыктану 2 милонга шыгады ди диго

  19. Аида 24 Ақпан, 2017, 18:13

    Менде бари. Жаксы диди жолдасымдада даксы диди бирак мен али котере алмаи турм. Ендиги жерде аллага синам тек

  20. гулсим 25 Ақпан, 2017, 00:07

    Салтанат ханым салеметсизбе менин 2 кызым бар ушиншиге аягым ауыр жолдасым ул калайд узи 70 пайызга кыз дид 15апта 4 кун болганда жасаттым бул каншалыкты рас жауап жазынызшы отинем 7479456545

  21. кымбат 3 Наурыз, 2017, 03:39

    салеметсизбе менин жазым 18де сизден сурайын дегеним мен спирал салдырганмын содан саби котере аламынба осы жакында турмыска шыкканмин калай саби котеруге болады маган комектесинизши комегиниз катты керек маган 87754543998 менин номерим

  22. кымбат 3 Наурыз, 2017, 03:40

    салеметсизбе менин жасым 18де сизден сурайын дегеним мен спирал салдырганмын содан саби котере аламынба осы жакында турмыска шыкканмин калай саби котеруге болады маган комектесинизши комегиниз катты керек маган 87754543998 менин номерим :zhlau:

  23. Бану 10 Наурыз, 2017, 15:42

    Керемет сұхбат. Аллахтын нұры жаусын сіздерге.

  24. мақпал 29 Наурыз, 2017, 16:54

    саламатсызба мен сизбен қалай хабарласам менде анецафлия дейген2015жылы сол жайлы сөйлессем дегем?өтініш

  25. Қолқоюсыз 2 Сәуір, 2017, 17:11

    Саламатсыздарма мен 3жылдан бери бала котералмай жакында котердим ол замершы боп калды оны тазалатпадым ози тусти калганын системамен емдеди сосын етек кирим келди каныр виделене пайда болды оны калай емдеуге болат и неден болат ол

  26. Фариз 4 Сәуір, 2017, 12:03

    Саламетсизбе!!! бизде балалы болгымыз келеди,5 жыл болды бир сабиге зармыз…Сизге калай хабарлассак боллады Салтанат ханым!!! :zhlau:

  27. Жансая 15 Сәуір, 2017, 13:25

    Салеметсизбе Салтанат ханым мен 1 улым бар содан кейин бала котере алмадым арада 5 жыл отти эрозия болды оны емдетип едим енди еркек гормон коп дейди енди не истесем болады

  28. Шакирова Назипа 18 Сәуір, 2017, 20:29

    Саламатсызба Салтанат ханым менің сұрағым апайым 5 жылдан бері климакс ауырады қан қысымы қайта қайта көтерілуде омының емі барма?

  29. Ерсағым 25 Сәуір, 2017, 23:57

    Салеметсіз бе?Салтанат апай ! 5 жылдан бері көтере алмай жүрмін көмектесіңізші. нөмерім
    87472248298

  30. Гули 30 Сәуір, 2017, 08:22

    Сәлеметсызбе! Салтанат ханым, меның бұл бесыншы жүктылыгым еді, үш балам бар, Аллаха шұкір бырақ осы жұктылкте менде бірнеше рет қан кетті, көп емес, қазыр бізге 14-15 апта бұл бала денсаулығына зиян келтырмейме? Деген сұрақ мазалайт. Қазыр дәрі ышып жатырмын баланы сақтайтын 16- аптасына дейін қабылдауым керек екен, сыз бұл туралы не дейсыз екен? 87759352218

  31. Кымбат 26 Мамыр, 2017, 23:44

    Салеметсизбе Салтанат ханым!Мен Караганды каласы, Шет ауданынанмын Турмыс курганыма уш жыл болды али бала котере алмай журмин жолдасым екеумизде бари жаксы бирак али саби суйе алмай журмиз бизге комектесинизши отинемиз Алланын нуры жаусын! Экога канша акша кетеди айтынызшы! Менин номерим 87711950576, Сотка номеринизди беринизши немесе отинемин, ораза айында кабыл болатын шыгар ниетим

  32. Айжан 31 Мамыр, 2017, 19:34

    Салеметсизбе. Салтанат апше сиз окымайсыз гой колыныз тимейди. Экога акшамыз жок, бирак Алладан умит егер жолым болса, жукти болсам екен. Айтпесе енди семьямнан айрылдым куйеуим кет немесе токал алам дид.жуйкем жукарды , озимди Тауекел менде де бари жаксы болады деп тилейм. Ажыраскым келмейди, ана болып, куйеуимди куанткым келеди

  33. Қолқоюсыз 6 Маусым, 2017, 13:55

    Сəлеметсіз бе. Құрметті Салтанат Байқошқарова сіз сияқты халқының болашағына алаңдайтын жігерлі ханымдар көп болса екен. Өмірде əр түрлі себептермен бала көтере алмай жүрген жандарға көмек қолын созғаныңызға Алланың ризашылығына бөленіңіз.

    • ГУЛДАНА 10 Шілде, 2017, 15:30

      Саламатсызба Салтанат апай мен биринши балам тусип калган болатын 3 4 недельде тусип калды сосын 3ай ем алып котерип алды екиншисин ол бала акауы бар деди ми жакта ми ашык деди мен оны озиме калдырам дедим ол бала 7ай омир сурип ишимде шетинеп кетти сосын босандым маган онай тимеди енди мен неше жылдан кин котерсем болады кандай ем алсам болады

  34. Сымбат 14 Шілде, 2017, 15:47

    Салеметсызба Салтанат апай сызге жолдасым екемыз каралсак дер ем сызге калай жолыксак болад?

  35. Перизат 20 Шілде, 2017, 18:22

    Саламатсызба апай.Менин сурайын дегеним мен 2 баламды да кесеровамен босандым.аралары 4жас.улымды 2014те кесеровамен босандым.содан спираль салайын денем бирак врачиар маган спиральдын салыбайтынын айтты.маткан жогары тур оны томен иартсак тигисин согилип кетеди деди.Сактану кшин депо провера уколын берди оны 3 ай сайын салып ту етеккир келмейди котермейсин деди мен 1жыл колдандым.гамональный болгасынба катиы толып кеттим .содан уколды койдым котерсем котерейин дедим.бирак менде али етеккир жок не котерген жокпын 2 жылга карап бара жатыр .Врачыма барсам дюфастон иш деди.мен 1каробкасын и7тим бирак етеккир жок кайта бардым тагы 1 каробкасын иш деди оныда тауыстым.Бирак али етеккирим жок не ист5сем болады жауап жазынызшы отинемин.Бул кауиптиме.жасым 30да алдын ала рахмет.

  36. Шынар Балабеков 22 Шілде, 2017, 12:31

    Саламатсызба?Салтанат апай сиздин колыныз шипа,менинде арманым балалы болу,ана бакытын сезгим келеди,акшанын жетпеунен дурыс караламай журмин,сиздин колыныздан балалы болсам дейм,калай барып озинизге коринип ем алсам болады,13жыл болды котереалмай келем,жаным 40та,отинем хабарласынызшы 87023029495

  37. Қолқоюсыз 26 Шілде, 2017, 10:42

    Экодан туылган ул баладан бала туылмайды деген рас па?

  38. Гулназ 6 Тамыз, 2017, 02:47

    Саламатсыздарма? Менин бир балам бар 4 сыныпта аллага шукир екиншиме жукти кезимде балам иште канга тун шыгып 8айында шетинеп кетти ишимде операциямен алды маткамдыда алып тастапты кан токтамагансон. сурагым балалы болгым келеди кандай жолдары бар комектесиниздерши отинем рахмет

  39. аижан 8 Тамыз, 2017, 19:57

    менде правый яишник и правый труба удалена тек сол жак кана бар калай мен котере аламба

  40. Серекенов Хорезм 16 Тамыз, 2017, 13:31

    Салтанат Байқошқарова қазақ халқына өлшеусіз үлес қосып жүрген азаматша,Бұл кісінің өлшеусіз еңбегінің арқасында,қанша жанұя шаңырағын шайқалтпай ұстап отыр,Баға жетпес еңбек десек те болады,Дүния жүзі продуктолок дәрігерлерімен қатар тұру оңай шаруа емес,Оның үстіне денсаулыққа ешқандай зиан келтірмей,бала таппай зарлап жүрген қыз келіншектердің қуанышын көру,не деген бақыт десеңші,Бұл қуанышты басынан өткен адам ғана түсінуі мүмкін,Бағыңыз жана берсін Салтанат ханым,қолдарыңыз дерт көрмесін,Әрқашанда халықтың алғысына бөленіп жүре беріңіз,Қазақ медецина тарихы саласында атыңыз мәңгіге қалсын,

  41. Айнур 29 Тамыз, 2017, 20:17

    Салтанат апай сизге айтарым бар еди менин бурын етекирим.келмей калган кызымды туганда.11 жыл одан дари ишип едим етекирим келди енди еки айдан асты токтамай жатыр бул неден

  42. Айман 30 Тамыз, 2017, 22:53

    Салемесизбе Салтанат апай сизден сурауга болама мен шымкент каласында турамын менин бир кыз бир улым бар баламды туган кезде сперал салдыргамын содан балам 3жаска келгенде коркып калганан спералым тусип калды оны алдырып бир аптадан сон кайта салдырдым сол сперал 4жылдай турды етекирим шыгар келип жаткан шыгар деп журе бердим 1 ай журдим озимиздин полекнйкага барды чапаевкадагы врашым айты спералын тусип тур деп алып тастаймыз деди бир аптадан сон кайта салып беремиз деди етекирим кеттин кезде кел деди бир аптадан сон бардым анализ тапсыр деди мен айтым етекирим токтап калдыгой дегенде озимиз келтирип саламыз деди келтирип саган спералынан кайта кан токтамады олар кайтта алып тастады алып тастаганан кан токтамады кайта барганымда саган апай алган апайга бар деп екеуи басын алып кашты мен жыладым екеуи бир аспа уколды жазып берди сон салдырыныз токтадады деди сол уколды салдырдым содан бери етекирим келмей калды куйеуим апармаган жери калмады котерейн десем етекирим жок етекирди калай келтиуге болады балама кызыма серик тусамба деген едим сизден отинемин жауап жазып жиберинши телефоным 87056881328 сизден жауап кутемиз

  43. Меруерт 5 Қараша, 2017, 15:44

    Салеметсіздерме! Менің жасым 41де. Бала көтере алмай жүрмін. Миома бар 5см. Сіздерге барып эко жасатуға болама. Əлде миомамен болмай ма. Эко жасатсам қанша ақша керек. Номерім 87029440676

  44. Гульнур 8 Қараша, 2017, 00:28

    Саламатсыз ба Салтанат Байкошкарова .Менин жасым 30да.Менин бала суигим келеди бала котеру арманым.менин 2 ши трубамнын биреуине киста осип алып тастады казир бир трубам бар .енди сол бир трубамнын комегиме бала котергим келеди.телефон номирим.87083729488.

  45. Мария Едигеевна 19 Қараша, 2017, 01:27

    Салеметсизба Байкошкарова Салтанат.Мен Актау каласынын тургынымын.Мен 2010 жылдан бери ауырамын диагноз ревматойдный поле артрит.Куйеуге 2013 жыл шыктым торт жыл болды бирак али сабили болган жокпыз себеби мен дари ишемин.Осы диагнозбен бала котеруге болама алде Эко жасау керекпа? Бирак мен дари кабылдаймын.

  46. Гуля 4 Желтоқсан, 2017, 01:02

    Салеметсизбе Салтанат апай менин сурайын дегеним 1 улым бар куйеуим 79 жылгы озим 90 жылгымын куйеуге бала котерип шыктым арине куйеуимнен казр 2 жыл болды екиншисин котере алмай журмин куйеуимнин маган кумани бар неге котермей журсин деп кунде айтады жасы келди куйеуимнин тагы биреуин туып бергим келеди маган комектесе аласыз ба нестеуим керек

  47. Қолқоюсыз 5 Желтоқсан, 2017, 21:48

    Сәлеметсіз бе Салтанат апай?менің жасым 34 те.Көп баланын анасы болғым келген бірақ жақында бірінші баламды 3 айлығында іште шетінеп опреациялық жолмен алып тастады.Шеечная беременность деді оны Узи де ешкім көрмеген деді,сол себепті көп қан кеткеніне байланысты жатырымды алып тастады.Енді менде ана болу мүмкіндігі жоқ.Өзегімді өртеп барады.Маған суррогат ана керек.

  48. Гүлім 17 Желтоқсан, 2017, 19:37

    Қызылорда қаласында жақсы гинеколог бар ма.болса адресі мен номерін аты жөнін ай саңыздар

  49. Қарақат 17 Желтоқсан, 2017, 19:38

    Қыздық салуға бола ма.болса адрес айтсаңыздар

  50. айнура 26 Желтоқсан, 2017, 22:35

    Диабетпен. ауырамын 2 рет босандым шетинеди 4 рет тусик. тастадым.Енди. не истесем. болады шаршадым отиниш. кенес. беринизши отинемин

  51. Қолқоюсыз 3 Қаңтар, 2018, 08:48

    Саламатсыз бе Салтанат ханым Менің жасым 37 де бір ұлым бар Баламдан кеіін бір рет көтердім ол 2 айлығынла шетнеп кетті Денсаулығым жақсы Балалы болғым келеді Дегенмен күеуімнің денсаулығы нашарлап бұгінде гемодиализ.кабылдайды мен кайта бала сүйе алам ба?

  52. Марал 11 Қаңтар, 2018, 14:53

    Сəлеметсіздер ме? Мен ана болу бақытын сезінгім келеді. Сіздерге көрінуге қанша қаражат апару керек? өтініш айтып жібересіздер ме?

  53. Жамиля 16 Қаңтар, 2018, 05:13

    Саламатсыз ба?!Сатанат апай.Есимим Жамиля Кызылорда каласынанмын.Тумыс курганыма 7 жыл болды бастапкы 2 жылда 2 тусик болды каралганымда инфекция бар болып шыкты.Одан сон котеруим киындау болып алды былтыр калалганыда еки трубам да жабылып калган екен.Жасым 33те ЭКО га мундай диагнозбен тиркелуиме бола ма?Алдын ала рахмет!

  54. Фариза 17 Қаңтар, 2018, 00:57

    Салтанат əпке мен сиздин ауылданмын маган сиздин комегиниз оте кажет сизбен калай хабарласаламын кайын синтлиниз боламын балам болмай жур отиниш хабарлас алсамгой ширкин 87074581838 Фариза

  55. Айгул 87088647287 30 Қаңтар, 2018, 22:00

    Салеметсиз бе Салтанат апай мен балалы болгым келет калай балалы болсам болат менде еки труба жок матким бар бала суигим келеди сизден отиниш жолдарын аитынызши

  56. Улбосын 6 Ақпан, 2018, 16:26

    Сәлеметсізбе? Салтанат апай! Менің алла берген екі қызым бар енді ұл балалы болгым келеді!сізден өтініш қалай ұл бала котеруге болады Жасым 37де

  57. Улбосын 6 Ақпан, 2018, 16:29

    Сәлеметсізбе? Салтанат апай! Менің алла берген екі қызым бар енді ұл балалы болгым келеді!сізден өтініш қалай ұл бала котеруге болады Жасым 37де сот87771732627

  58. Айна 9 Ақпан, 2018, 00:48

    Менің тағы алланың қалауымен екінші рұқсатыңыз бен қыз баласын дүниеге акелсем деп едім менің бір трубамды байлап тастаған докторлар себебі үш рет кесирива болдым сізден өтініш менің сол арманым орындай аласыз ба өтініш

  59. Зауре 9 Ақпан, 2018, 18:32

    Саламатсызба Салтанат Байкошкарова апай мен Астанадвн боламын 3балам бар басым 34те жалгыз басты анамын сурагат Ана болсам деп едым озым киналгансон сондай шешымге келып едым жолын аитсаныз Алла сызге узак гумыр берсын

  60. Зауре 9 Ақпан, 2018, 18:36

    87787393251

  61. Байбосынова баян калиаскаровна 9 Ақпан, 2018, 22:31

    Сәлеметсіз салтанат тате менің уш кызым бар мен улды болғым келеді мен ушрет кесерва болдым содан кейін турбаны байлап тастады енді калай істесем болады біррет маған көмкетісінші өтінем сізден.

  62. Қолқоюсыз 19 Ақпан, 2018, 11:48

    Салметсiзбе Салтанат апай жас отбасыга калай квота алуга болады 2 жылдан берi котералмай журм жас отбасыларга калай алуга боласын квота жайлы акпарат береаласызба?

  63. Қолқоюсыз 21 Ақпан, 2018, 23:41

    Салеметсизбе мен 5жыл болды бала котере алмадым енди буйрегим ауырып гемодиалез алып журмин енди бала котеруне болмай ма со ны айтыеышы отиниш

    • Меруерт 1 Сәуір, 2018, 18:21

      Салеметсизбе Салтанат апай мен Алматы каласында турамын мен бала котере алмай журмин турмыс курганыма 4 жыл болды бирде бир бала котере алмадым эко жасатуга каражат жок озимиз жалдамалы патерде турамыз баласыз омир мансиз врачтарга каралдык бари жаксы дейди отинем Салтанат апай комектесиниши менде ана атангым келеди сизден хабар кутем 87078364426

  64. Аманова Ақпейіл 87476052187 3 Наурыз, 2018, 13:10

    Салеметсізбе мен бала котере алмай журмін ЭКО жолымен бала котеру қымбат сіздер ЭКО жолымен тегін комектесе аласыздарма.Өтініш

  65. Қолқоюсыз 6 Наурыз, 2018, 16:06

    Саламатсызба мен урпак кабылдаитын клинка Актобе каласында барма мен тапсыраиын деп едим Ватсап номер жазып жиберндерши 87773385782

  66. Шпанбекова Гулнара 28 Наурыз, 2018, 08:03

    Салеметсызба Салтанат апаи сызды жаксы есытем маган балалы болгым келеды куиеуым бар быр бала тусамда мына омырде арманым жок еды жасанды жолмен тусам болама жасым отызда сызден отынем жаубын аитынышы Алланын нуры жаусын сызге менын балалы болгым келеды 87472078255

  67. Лаззат 18 Сәуір, 2018, 16:53

    Саламатсызба Салтанат.Менім жасым 43те Кызым 2000жылгы.жолдасым кайтыс болган,екінші рет куйеуге шыктым,жолдасымнын денсаулыгы жаксы,кінарат менен климакс болып калдым,сабилі болгымыз келеді сіз кандай совет берер едініз,эхо жасатуга мумкіндік барма?тел ном.87781976484

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.