БАС ПРОКУРОР кеңесшісі журналист сауалына ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖАУАП БЕРУДЕН БАС ТАРТТЫ!

14626
67
Бөлісу:

Міне, нақты жетістік!

ҚР Бас прокурорының кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина «Руxани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық байқауы туралы өткен брифингте тек мемлекеттік тілде сөйлеп, журналист сауалына орыс тілінде жауап беруден бас тартты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Бүгінгі тақырыбымыз «Руxани жаңғыру» болғандықтан мен брифингті мемлекеттік тілде өткізгім келіп отыр. Егер сұрақтарыңыз орыс тілінде болса біз оған қазақ тілінде жауап береміз, рұқсат етсеңіздер, кейін өздеріңіз аударып алсаңыздар. Себебі «Руxани жаңғыру» дегенде мұның артында мемлекеттік тілдің мүддесі, ұлттық мүдде деген тақырып жатқанын жақсы түсінесіздер деп ойлаймын. Осы шараны өткізетін кезде баспасөз қызметі арқылы бір мәселе айтылуы керек болған. Біз «Руxани жаңғыру» тақырыбын бастағаннан кейін руxани жаңғырып жатқанымызды дәлелдеуіміз керек. Бүгінгі шараны сіздердің мекемелеріңізде (Орталық коммуникациялар қызметніде – авт.) мемлекеттік тілде өткізейік дедік»,– деді Нұргүл Қарағойшина.

Мұндай шараның ОКҚ-да бірінші рет өткізіліп отырғанын да жасырмады.

Брифинг соңында орыс тілді журналист Нұргүл Қарағойшинадан ресми тілде жауап беруін сұрады. Бірақ ол бас тартты.

«Орыс тілінде өткен шараларды қазақ журналистері аударып жүрді, аударып та келеді, енді сіздер (орыс тілді журналистер – авт.) қазақ тілінде аударып көрсеңіздер деген ниет болды. Бұған дейін тіл мәселесімен айналысып жүргендіктен, сіздердің әріптестеріңіз болғандықтан xалықтың алдында басқа тілде сөйлеп отыруға ұялып тұрмын, шынымды айтсам»,– деді Нұргүл Қарағойшина.

Ол Бас прокуратурадағы қызметкерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін айта кетті.

«Прокуратура – қалыптасып қалған орган. Бізге келетін құжаттарды екі тілде де қарай алатын прокурорлар отыр. Бүгінгі таңда біздің прокуратурадағы өзгеріс басшымыздың екі тілде бірдей шешен сөйлейтінінен көрініп тұрған шығар деп ойлаймын. Талап өзгерді, бұрынғыдай бір тілді білетін маманнан гөрі екі, үш тілді білетін маманға таңдау жасалатын болды. Бәсекелестік заманында, әркім жақсы жерде отырғысы келетін, өзін көрсеткісі келетін, шен-шекпенді болғысы келетін заманда прокурор болу үшін бірінші кезекте мемлекеттік тілді білу – міндет. Басым көпшілігі, 80%-ы дерлік қазақ тілін жақсы біледі»,- деді ол.

Сонымен бірге ҚР Бас прокурорының кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина прокуратураға келіп түсетін құжаттарға байланысты құжат айналымы көбіне орыс тілінде жүретінін жасырмады. Мұның себебі де бар.

«Себебі арыз жазушы көбіне өзіміздің xалқымыз, олар орыс тілінде жазып әкеледі. Біз өзіміз, xалық боп, ұлт боп, талабымызды өзіміздің жеке тарапымыздан бастамасақ, жеке шағым, арыз, айтатын әңгімемізді қазақ тілінде айтпасақ, онда жауап та сондай болады. Сол үшін байланыс екі жақты болсын дегіміз келді»,- деп сөзін түйіндеді.

Назерке Абибулла

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 67 пікір жазылған

  1. Қазыбек Иса 24 Қараша, 2017 01:21 Жауап

    Мемлекеттік тілдің биліктегі жаңа белесін Бас прокурордың кеңесшісі бастады! Нұргүлдің қадамына нұр жаусын!

    • Тарбагатай 24 Қараша, 2017 02:03 Жауап

      Нур жауатын тукте жок, Казак тылы барынен жогары ! Германия превыше всего ! Бул жерде Германия емес Казак. тылы.

  2. Махамбет Ерғали 24 Қараша, 2017 01:30 Жауап

    Нұргүл Қарағойшинаны «ЖЫЛ АДАМЫ» – ЖЫЛДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ аталымына ұсынайық!

  3. Едилбай Курыкбаев 24 Қараша, 2017 01:35 Жауап

    Біз қолдаймыз,дәл солай істеу керек,алғыстан басқа айтарымыз жоқ

  4. Махамбет Ерғали 24 Қараша, 2017 01:36 Жауап

    Қазыбек аға, «ҚАЗАҚ ҮНІ» газет/сайтының дәстүрлі «ЖЫЛ АДАМЫ» таңдауына «ЖЫЛДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» аталымын енгізуіңізді сұраймыз. Біз Нұргүл Қарағойшинаны ұсынамыз.

  5. ХАЛЫҚ. 24 Қараша, 2017 02:01 Жауап

    ЖАСАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ!ЖАСАСЫН ҚАЗАҚ ҮНІ. НҰРГҮЛ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҚЫЗЫ ДЕП АЙТСАҚ БОЛАДЫ.НҰРГҮЛ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНАН ҮЛГІ АЛСЫН КЕРЕМЕТ!МЫНА ЕЛ БАСҚАРЫП ОТЫРҒАНДАР РЕСЕЙ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУДЕН ҰЯЛСЫН, ЖӘНЕ ҮЛГІ АЛСЫН!

  6. Руза 24 Қараша, 2017 06:12 Жауап

    Ой бұл керемет тектілікқой, Нұргүлжан! Апаң сіз сияқты жоғарыда отырмаса да жорналшыларға ылғи да сөйлейді, кімі болсын (ығидағы сұхбаттарым бір қолдың саусағымен санарлық болсадағы)))

  7. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 24 Қараша, 2017 07:15 Жауап

    Қазыбек мырза, Қазақ билігінде жүрген ер азаматтар Ана Тіліне деген қамқор мен қолдауды нақты іспен көрсете алмаған кезде, Қазақтың Қызы Нұргүл Қарағойшина соларға үлгі де, өнеге де көрсетті. Бүгінгі Таңым тағы да Қазақ Үнімен жақсы жаңалықпен басталды, Рахмет Саған Нұргүл Сіңіілім.

  8. Пернегүл 24 Қараша, 2017 08:15 Жауап

    Өте дұрыс бастама. Солай болуы керек еді бұрыннан. Тек менің қорқатыным сізді орысшаға орысша жауап қайтпағаны үшін деп жұмыстан қуып жібермейме. Сондай бір оқиға болған еді ғой жыл басында.

  9. Тоқболат 24 Қараша, 2017 08:42 Жауап

    Жарайсың қарындас.Ой Алла ай,өз тілінде сөйлеген қазаққа осынша мәз болатындай дәрежеге жетіппіз ғой.Шет ел азаматтары мына пікірлерді оқыса мыналар жынды ма дейтін шығар.

    • Қазақ ұлы 24 Қараша, 2017 09:55 Жауап

      Бұл жерде жетістік орыс тілінде жауап беруден салмақты түрде бас тартқандығында болып тұр.

  10. Жария 24 Қараша, 2017 08:54 Жауап

    Керемет 100 пайыз қосыламын. Нұргүл ханымға мың алғыс! Осындай патриот қазақ халқының қамын ойлайтын азамат-азаматшаларымыз көбейе біз қазақ тіліміздің мәртебесін көтере аламыз деп ойлаймын.

  11. Әбдірашит Бәкірұлы 24 Қараша, 2017 09:15 Жауап

    Өткенде Орал қаласында Дос Көшім екеуміз осы тақырыпта Университет студенттермен төрт кездесу, шегаралық аймақта 9 кездесу өткізіп қайттық. Дос қазағы аз жерлерде болашақта қазақ тілін білмесеңіздер «нансыз қаласыздар» деп қатты айтты. Оған ешбір қарсылық не наразылық болған жоқ. Халық мұны мойындап отыр! Тіптен, сол аудандарда балабақшалар жүз пайыз қазақ тіліне көшіпті! Мұны мойындамай отырған біздің жоғары биліктің өзі! Ішнара Мәжілістің өзі шүлдірлеуден жалыққан емес!!!

  12. Ш:З:Д: 24 Қараша, 2017 09:36 Жауап

    Ана тілімізге ақ шапан жауып, абыройын асқақтатқаны үшін, түскен еңсесін көтергені үшін НҰРГҮЛ ҚАРАҒОЙШИНАҒА бас иіп, тағзым етемін! Биліктегі барлық жалтақбайлар мен жалтақгүлдер НҰРГҮЛДЕЙ ҰЛТШЫЛ қызымыздан үлгі алып, Ана тілдерінде сөйлесін!
    НҰРГҮЛ ҚАРАҒОЙШИНА, алған бетіңізден таймаңыз! Сіз НАҒЫЗ ҚАЗАҚСЫЗ!

  13. Қолқоюсыз 24 Қараша, 2017 09:42 Жауап

    ЖАРАЙСЫҢ НҰРГҮЛ ХАНЫМ ! Міне нағыз Қазақ Елінің жанашыры. Тіл жоғалса Қазақ деген Ұлт жоқ. Қазір осындай шенеуніктер орысша сөйлеп қазақша сөйлеуге намыстанып ұялып жүр. Кезінде ҚСРО (СССР) небір «сухой » қазақтар орысша сөйлеп, Қазақстан ол жаққа сонша кіріп кеткеннен қазіргі кезге дейін айырыламай жатырмыз. Қазақша мектеп , ЖОО бітірген қазақтың ұл қыздарын жұмысқа алмайды, осындай мемлекетті көрдіңдерме ? Мемлекеттік орындарға кірсең бәрі орысша сөйлеп крутой немесе крутая болып отырады… айта берсең өте көп…. Күйіп кетесің

  14. Қазақбай 24 Қараша, 2017 09:56 Жауап

    Міне енді ғана «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы іске асты. Біз қаза өзімізді-өзіміз көтермесек, бізді кім көтереді? Сырттан келген өзге ұлт өкілі, алдымен мемлекеттік қолданыстағы тіліңді зерттейді. Егер қазақ тілі басымдық көрсетсе, онда ол өздігінен үйренуге мәжбүр болады. Ол үшін біз, осылайша қазақ тілінің мәртебесін жоғарылатуымыз керек. Жарайсың Нұргүл! сендей өз ұлтына жаны ашитын қандастарымыз көбейсе екен. Ал қазақ тілін менсінбейтін намыссыз шала қазақтар, көп қолданатын ыңғайлы тілін сол мемлекетіне кетіп, сонда қолдана берсін.

  15. Байғали 24 Қараша, 2017 10:09 Жауап

    Айналайын! Мың жаса Нұргүл қарындасым! Тәртіп те, қызметтік мәдениет те Сіздерден бастау алады. Соны ұқтыра білген ұстазыңа, басшыларыңа, ұға білген асыл болмысыңа Рахмет!

  16. калбит 24 Қараша, 2017 12:34 Жауап

    позор позор жумыснан срочно куылсын прокурора не карап отыр ? если оно хочет говорить на казахском пусть Манголия или Китаига барып манка казахша сонда соилесин а то Казахстанда уят емеспе недеген акымак . бундаилар ауылда туру керек гои маскара

    • әгу гәй иги гәй 24 Қараша, 2017 12:46 Жауап

      тебя таранчинский хорёк тикто не спрашивал – живи пока живется на казахской земле. завтра НАН уйдет – мы переименуем йогуртский район обязательно

    • Қолқоюсыз 24 Қараша, 2017 18:10 Жауап

      калбит сам или сама өзің оно-сың.зима дегенді білесіңбе,қыстырып жібереді.
      пішіліп қаларсың,маңқылдамай жәйіңа жүр.

  17. калбит 24 Қараша, 2017 12:40 Жауап

    без русского языка казах баран в казахстане вообще без русского языка без русского народа казахстан существовать не возможно оно должна знать может оно хитрая лиса пиарит себя

    • Қолқоюсыз 24 Қараша, 2017 20:06 Жауап

      Аузынды жайлап аш,улттын намысына тиме.Осы Сен сияктылардан басталады барлык келенсиз жагдай.Казак тили унамаса тили унайтын елге барып тур.Оз еркиниз гой,ешким сизге кедерги келтирмейди.

  18. Айбек аға 24 Қараша, 2017 12:44 Жауап

    Нұргүл Қарағойшина – – МЫҢ АЛҒЫС СІЗГЕ!!! КӨЗІМЕ ЖАС АЛДЫМ!!! … кешіріңіздер

  19. Орыс 24 Қараша, 2017 14:33 Жауап

    Тууууу, бір қызымыз батыл сөз айтып еді, түк көрмегендей бәріміз шуладыққой. Ол батырлық емес, әр қазақтың күнделікті борышы.
    Ол дертен айыққан мыңнан біреуғана.
    Тезірек сауығып, бас көтеріп кетсек болар еді.
    Қарсы күрес басымдық алып, тағы бір 10-30 жылға есеңгіретіп кетпесе болды да.

    • Қазыбек 24 Қараша, 2017 18:27 Жауап

      Біздің елде, Тәуелсіздік Алғанына 26 жыл болған Қазақстанда мемлекеттік қызметкердің Ресей тілінде қойылған сұраққа жауап бермеуі -әрине, Ерлік! Ерліктің көкесі! Сіз басқа елден келдіңіз ғой деймін… Американы ашу мұның қасында айдалада қалады!!!

      • Жəкен 26 Қараша, 2017 00:31 Жауап

        Орыс тіліндегі сұраққа қазақша жауап берген адамды жұмыстан қуыңдар деп еді елбасы прокурорға енді не болады екен

  20. Орыс 24 Қараша, 2017 15:09 Жауап

    Астанадағы өнер универиситетінде ТВ саласына режиссер боламыз деп оқуға түскен 70 қазақ баласының 70 пайызы өз тілдерін мүлдем білмейді, не сөйлеп жазуға қаблеті жоқ.
    Бұларды оқуға қабылдағандар сырттан келген жау емес.
    Қазақша сөйлегенің не керек. Ұрпағыңның қолындағы смартфонды жасақтайтын жасұландарың анау болса.

  21. Қолқоюсыз 24 Қараша, 2017 17:22 Жауап

    Бас прокурордың өзі де қазақша төгілтіп сөйлейтін шешен ғой, ал оның кеңесшісінің мына әрекеті талай басшылар мен қосшыларға үлгі болатындай игі іс!
    Мың сөзден бір әрекет әлдеқайда тиімді, сөзбен емес іспен өнеге көрсету деп осыны айтады!

  22. САЛИХА 24 Қараша, 2017 17:23 Жауап

    Бас прокурордың өзі де қазақша төгілтіп сөйлейтін шешен ғой, ал оның кеңесшісінің мына әрекеті талай басшылар мен қосшыларға үлгі болатындай игі іс!
    Мың сөзден бір әрекет әлдеқайда тиімді, сөзбен емес іспен өнеге көрсету деп осыны айтады!

  23. Мұстафа 24 Қараша, 2017 18:08 Жауап

    Тексіздер текетресі енді басталды.Ақаң Байтұрсын айтқан кандендер көбеймесе азайған жоқ.Бар зардап мəңгүрттік қазақ отбасында .Ұзату Үйлену даңғаза той сымақтарды жөңге келтіру мемлекеттік неке қыйудан басталып Халық алдыңда Атадан Аманат Ұрпақтан Серт қабылдану керек.Заңмен бекітілу керек .

  24. Қазыбек 24 Қараша, 2017 18:29 Жауап

    Біздің елде, Тәуелсіздік Алғанына 26 жыл болған Қазақстанда мемлекеттік қызметкердің Ресей тілінде қойылған сұраққа жауап бермеуі -әрине, Ерлік! Ерліктің көкесі! Американы ашу мұның қасында айдалада қалады!!!

  25. Қолқоюсыз 24 Қараша, 2017 18:37 Жауап

    НҮРГҮЛ құсап,мен Қазақпын деген әр қазақтың көкірек көзі ашылып,сана-сезімі жетілетін уақыт келді,әркім өзінен бастасын.көп тіл білген, әрине жақсы бірақ,бастауы қазақ тілі болсын.

  26. ербол 24 Қараша, 2017 22:47 Жауап

    нұр көсем жазалап жүрер ол әлде не айтып не қойғанын білмейтін болған ба. нұргүл шалбар киіп жүрген жүз шенеуіктен артық екен. олар қатын өсектен аса алмай атамбаев ақиқатты айтса да оған шәулдеп жүр. нұргүлге ұқсап ерлік жасауға к…і шыдамайды.

  27. Алма желтоксанын кызы 25 Қараша, 2017 09:23 Жауап

    Нургул апкемызге д е н ы с а у нагыз журегынде казактын к а н ы б а р жанашыр тылымызды коргайтын колдайтын к а з а к т ы н кызы осындай адамдардын б а р е к е н ы н е т а у б а ш у к ы р к о р ы к п а т е к к а н а а л г а

  28. Амантай 25 Қараша, 2017 13:18 Жауап

    Өзінің жерінде, тәуелсіз елінде, мемлекеттік қызметкер мемлекеттің тілінде сөйлегені үшін қуанып, мәз болып жатырмыз. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан ахуал тұрғысында алып қарасақ Нұргүлдің бұл өжеттігі мақтауға тұрарлық жағдай шығар, бәлкім. «Көкек өз атын өзі шақырады » деген сөз бар. Бірақ бұл қылығымыз арқылы біз өзіміздің рухани деңгейіміздің төмендігін, намыссыздығымызды, таяздығымызды көрсетіп отырмыз.Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілде сөйлесе не болыпты. Бұл қылығымызға дұшпан көздердің айызы қанып, мәз болып отырғаны айдан анық. Өз елімізде өзгелерге күлкі болмайық ағайын. Мемлекет мүддесін ойлайтын жан біткен кез келген жиында шенеуіктерден мемлекеттік тілде сөйлеуін талап етуіміз керек, өйткені қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі!

  29. admin 27 Қараша, 2017 12:39 Жауап

    «Орыс тілінде өткен шараларды қазақ журналистері аударып жүрді, аударып та келеді, енді сіздер (орыс тілді журналистер – авт.) қазақ тілінде аударып көрсеңіздер деген ниет болды. Бұған дейін тіл мәселесімен айналысып жүргендіктен, сіздердің әріптестеріңіз болғандықтан xалықтың алдында басқа тілде сөйлеп отыруға ұялып тұрмын, шынымды айтсам»,– деді Нұргүл Қарағойшина.

Пікір немесе жауап жазу

бір × 1 =