«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылар мұражайға саяхат жасады

1658
0
Бөлісу:

 

Алатау ауданында №41 жалпы білім беретін мектеп қазақ балалар киносының «әкесі», танымал режиссер Абдолла Қарсақбаевтың атында. Мектеп ұжымы руханият тұлғасы, «кино-атаның» есімін ардақтап, жоғары сыныптың әрбір оқушысы мақтанышпен айтып жүреді.

Руханият нәрімен сусындағын А.Қарсақбаев мектебінің оқушылары жаңа оқу жылын «Атлетикалық қалашық» ықшамауданындағы «Пирамида» мұражайына саяхатпен бастады. Мектеп директоры Ләззат Доланбаеваның басшылығымен 200 оқушы 2017 жылы Алматының «мәдени-спорттық паспортына» айналған «Алматы арена», «Алатау» дәстүрлі өнер театры, «Пирамида» мұражайы, т.б. орналасқан «Атлетикалық қалашық» ықшамауданында болды.

Жыл басында Алматыда 28-Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада абыроймен өткені белгілі. Дүниежүзілік қысқы ойындардан соң, Алматы әкімдігі «Универсиада мұрасы» бағдарламасы аясында нысандарды халық игілігіне беруді қолға алды. Шаһар басшысы Бауыржан Байбектің бастамасымен «Алатау» мәдениет сарайы «Дәстүрлі өнер театры» болып қайта құрылымдалып, «Атлетикалық қалашық» тұрғын үй кешені ретінде алматылықтарға беріліп, «Пирамида» ғимаратында мұражай, т.б. руханият ошақтары ашылды, «Алматы аренада» бассейн, жаттығу залдары жұмыстарын бастады. Бір сөзбен айтқанда, мегаполис басшылығының пәрменімен «Атлетикалық қалашық» ықшамауданы әлеуметтік-рухани, мәдени-спорттық саланың бастауына айналды.

Алатау ауданындағы №41 мектеп оқушыларының «Пирамида» мұражайына саяхаты «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы қалалық Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Саяхат барысында оқушыларға мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, мұражайдағы құнды заттарды және рухани құндылық­тарды танытуды, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражайға саяхат жасауда оқушылар ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Осы мұражай бөлмелерін аралау барысында оқушылар көптеген қазақтың ұлы тұлғаларының аспаптары мен олар туралы тың мәліметтермен танысты. Танысу барысында мұражай қызметкері қызықты мәліметтер туралы сыр шертіп, оқушыларды әр түрлі музыкалық үндендердің байланысуынан шыққан әуендерді тыңдатты. Келесі аралау бөлімінде мультимедиялық үлкен залға кіріп, музыка, өнер құдіреті жайлы деректі фильмдер көрсетті. Өнердің өмірден алар басты құндылығы мен сыршылдығын түсіндіріп, елінің елеулі композиторлары мен өнер үшін ерен еңбек еткен жандар жайлы  қысқа монтаждалған бейнебаян оқушылардың назарына ұсынылды.

– Біз «Рухани жаңғыру» аясында оқушыларды мұражаймен таныстырдық. Бұл өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбиеленуіне септігін тигізетін шара деп ойлаймын, – деп атап өтті мектеп директоры.

Оқушылар мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Оқушылар үшін, қоғам үшін  осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он жеті − он үш =