«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДА» ҰСТАЗДЫҢ ҮЛЕСІ ЗОР

%d1%81%d3%99%d0%bd-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d0%b4%d0%b8%d0%b7%d0%b0%d0%b9%d0%bd-%d1%80-%d0%b5

Биылғы жылы  құрылғанына 70 жыл толып отырған Алматы сән және дизайн колледжінің инженер-педагогтары отаншылдық рухты жасөспірімдер бойында қалыптас­тырудың жолдарын ұжымдық тәр­бие, ұжымдық іс-шаралар арқылы қарастырылып, сол шаралардың туған қала өмірімен, тыныс-тірлігімен бітеқайнасуы көзделіп отыр. Білім алушы жастардың өз іс-шараларымен қала өміріне арала­сып, Алматы қаласының беделді  мекемелері өкілдерінің оқу орнына келіп кездесулерге, семинарларға, шеберлік сыныптар мен  дәрістерге, конференцияларға қатысу үрдісі жолға қойылған.

Қазіргі қоғамның ортақ дерті сан­алатын сыбайлас жемқорлыққа, есірткі дертіне шалдығуға қарсы күрес жолдары туралы жақында ғана конференция өткі­зілді. Осы тақырыптағы колледж өнер­паздарының флеш-мобы да іс-шараның жарқын көрінісі болды. Келген қонақтар арасында «Алматы қалалық кинология қызметінің» қызметкерлері де болды. Олардың қызметтік иттерімен көрсеткен құтқару жаттығулары да студенттер үшін әсерлі болды.

Колледждің 1-курс студенттерінің қа­тысуымен «Динамо» стадионында пат­риоттық әндер мен спорттық жарыс түр­лерін қамтыған  іс-шара өткізіліп, оған жастар атақты спортшылар, қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләз­зат Жылқыбаева, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова қаты­сып, сөз сөйледі.

– «Отаншалдық  – отбасы тәрбиесінен, оқу орны тәлімінен бастау алады» деп өз сөзін бастаған колледж директоры Надеж­да Яковлева оқу орны туралы кеңінен мәлімет берді. Осылайша «Динамо» аспа­нында рухты әндер қалықтап, түрлі спорт ойындарының тартысы басталды.

Бұл шара негізінен қала  әкімі Бауыр­жан Байбектің «Қала туризмін жетілдіру – алматылықтардың өз қолында» деген пікірін қолдау мақсатында және студент­тердің туған қаламызға деген сүйіспен­шілігін жетілдіру мақсатында өткізіліп отыр. Әсіресе, 1-курстықтар үшін 7 автобус жалдап,  Тұңғыш  Президент   саябағына, 28 Панфиловшылар саябағына, Медеу спорт кешеніне саяхат жасалды. Дәл қазір сту­дент­тер алтын күздің шуақты күніндегі саяхат туралы қалам тербеп, эсселер жазу үстінде.

«Адам баласы шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі», – дейді Елбасы «Рухани жаңғыру» атты бағдарла­малық мақаласында. Оқу орны Ұлы Жібек жолы бойындағы Райымбек даңғылында орналасқан. Райымбек батыр мазары да жақын. Колледж ауласында оқу орнының киесіндей болып алып ескерткіш тұр. Ол – кемі үш ғасыр жасаған, алып емен ағашы. Еменді колледж студенттері ерекше қастерлейді, кие тұтады. Олар осынау емен ағашын «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енгізіп, Райымбек батыр есімімен байланыстырғысы келеді. Мәселен, «Райымбек батырдың қара емені»  деген мәртебе берілсе дейді. Өйткені, Елба­сымыз «Рухани жаңғыру» атты мақала­сында «Туған жердің әрбір сайы мен қыр­қасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шер­теді… Талай аңыздар мен әңгімелер бар» деді емес пе!?