Байбек «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балалар алаңдарын ашты

623
0
Бөлісу:

02

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында С.Сейфулллин атындағы саябақты қайта жасаудың, «Жұлдыз» ықшам ауданындағы жүргінші аймағын аббаттандырудың барысын, сонымен қатар мегаполистің Түрксіб  ауданындағы аулаларды тексерді.

Түрксіб ауданында да аулаларды қайта жасау  жұмыстары жүріп жатыр, биылғы жылы мұнда 80 аулаға асфальт, резинка және  кеспе тас төселген, орындықтар мен урналар қойылған, спорт және балалар алаңдары жарық көздерімен қамтылған. Бұлардан өзге, аудан әкімі Павел Кулагиннің айтуы бойынша ауданда «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында бірнеше спорт және балалар алаңдары салынған.

«Бүгінгі күні  Президентіміз Сіздер үшін барлық жағдайларды жасауда. Қалада соңғы екі жылда 732  аула алаңдары абаттандырылды. Бұл — әрбір бесінші аула. Бұл жұмысты біз келер жылы да жалғастырамыз. Тек қаланың орталығы ғана емес, барлық аулалар көркейеді, жастар спортпен шұғылданып,  балалар өздерінің қауіпсіз аулаларында ойнайтын болады. Қазіргі кезде «Менің ауламдағы спорт» жобасы аясында 6 мың бала 75 спорт алаңдарында кәсіби  нұсқаушылармен бірге  тегін жаттығуда. 2020  жылдарға дейін қаланың барлық  600 спорт алаңын қамтитын боламыз», -деп атап өтті  Бауыржан Байбек.

03

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек «Жұлдыз» ықшам ауданындағы жүргінші аймағын абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Жүргінші  жолының аумағы кеңейтілген, кейін оған түрлі ағаштар, бұтақтар  мен гүлдер отырғызылады. Сонымен қатар, мұнда таяу арада спорт және балалар алаңдары ашылып, оларға кіші  архитектуралық пішіндер, орындықтар қойылады және қоғамдық тамақтану нүктесі  және басқалары пайда болады.

Алматы әкімі қайта жасалған С.Сейфуллин атындағы саябақта болды, мұнда жаңадан асфальт төселген, арық желісі жаңарған, жаңа веложолдар жасалған, гүлдер мен жасыл желек отырғызылып, балалар мен спорт алаңдары жасақталған, антивандальды орындықтар және басқалары қойылған.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

1 × бес =