ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚАРЖЫСЫ ЖЕКЕ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ БАСҚАРУЫНА БЕРІЛЕДІ

2348
0
Бөлісу:

ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев зейнетақы қаржысын жеке компаниялардың басқаруына беру мерзімін атады. Бұл жайында Премьер-Министрдің депутаттық сауалға берген жауабында мәлім болды.

«Аталған мәселені егжей-тегжейлі пысықтау үшін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына зейнетақы активтерін беру бойынша шараларды орындау мерзімі 2018 жылдың соңына дейін белгіленді»,–деп атап өтілген сауалға берілген жауапта. Үкімет басшысы ҚР Ұлттық банкі жеке басқарушы компанияларға зейнетақы активтерін беру тұрғы­сында ұсынысты әзірлегенін еске салып өтті. 2016 және 2017 жыл­дардың барысында бұл ұсы­ныстар Экономикалық саясат жө­ніндегі кеңесте бірнеше мәрте талқыланды, сондай-ақ қазіргі уақытта Қзақстанның қаржы ұйымдарының қауым­дастығы алаңында бизнес-қоғамдастықпен талқылануда. Зейнетақы актив­терін ішкі нарықтағы жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру рәсімдерін анықтаумен қатар, Ұлттық банк зейнетақы активтері бөлігінде индекстік инвестициялау үшін шетелдік басқарушыларды тарту бойынша жұмыстарды жүргізуде. «Қазіргі уақытта жаһандық акциялар мен облигациялардың мандаттары бойынша шетелдік басқарушы компаниялардың сыртқы басқаруына зейнетақы активтерін беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол компаниялар -Қазақстанның Ұлттық қорының активтері және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің сыртқы басқарушылары. Сондай-ақ, «Жаһандық белсенді акциялар» мандаты бойынша жаңа сыртқы басқарушыларды таңдау жұмыс­тары жүргізілуде», – делін­ген Сағынтаевтың жауабында. Зей­­нетақы активтерін сыртқы басқаруға беруді ағымдағы жыл­дың соңына дейін бастау жоспарлануда.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он үш + 2 =