Алматыда салық төлеушілерге арнайы орталық ашылды 

576
0
Бөлісу:

Алматыда салық төлеушілерге арнайы орталық ашылды

Алматыдағы мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау ауданындағы бөлімі толықтай жаңартылып, қызмет көрсету деңгейі жоғарылады. Салық төлеушілерге арналған қызмет көрсету орталығындағы 30 маман күніне 500 адамды қабылдауға қабілетті.

Сонымен қатар мұнда электронды кезек, екінші деңгейлі банктер мен Қазпошта кассалары жұмыс істейді. Салық төлеушілерге құқықтық қызмет көрсететін мамандар да қарастырылған. Қазіргі кезде қала бойынша салық төлеушілерге арналған бұл орталықтарда күніне 10 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіледі.

Қанат Балтабеков, қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

– Бүгінгі таңда 20 мыңнан аса жеке кәсіпкер бар. Төрт мыңнан аса заңды тұлға бар. Жылдан жылға 10 пайызға өсіп жатыр. Сондықтан аудан өскеннен кейін салық төлеушілерге барлық жағдай жасап жатырмыз.

24.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

5 × 3 =