Қазақстанның сыртқы қарызы 167,9 млрд долларға жетті

Бөлісу:

Похожее изображение

Ұлттық банк қазіргі уақыттағы сыртқы қарыздың көлемін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметовтің айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 167,9 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Оның ішінде 7,9 пайызы немесе 13,2 млрд доллар мемлекеттік сектордың, 3,7 пайыз немесе 6,2 млрд доллар банк секторының, 25,2 пайыз немесе 42,4 млрд доллар басқа да секторлардың, қалған 63,2 пайызы немесе 106,1 млрд доллар фирмааралық секторлардың қарызы.

«Мемлекеттік сектордың сыртқы қарызы халықаралық қаржы нарығына шығарылған еркін еврооблигациялардың құнының өсуіне байланысты және Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарына резидент емес тараптардан сұраныстың артуына байланысты 0,4 млрд долларға көбейді. Банктердің (екінші деңгейлі банктер мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ) сыртқы міндеттемелері 1,0 млрд АҚШ долларына азайды. Оның ішінде, қазіргі сыртқы қарыз бен еврооблигацияларды жоспарлы түрде өтеу бар», – деді ол.

Алпысбай Ахметов фирмааралық қарыздардың 1,8 млрд АҚШ долларына дейін көбеюінің себебін түсіндірді. «Мұнай-газ жобаларын қаржыландырудың жалғасуына әрі инвесторлардың алдындағы дивиденттермен қарыз сыйақыларын өтемеу себептеріне байланысты фирмааралық қарыздар 1,8 млрд АҚШ долларына дейін көбейді», – деді ол.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 19 пікір жазылған

  1. Есауыл 23 Қараша, 2017 19:15 Жауап

    Не деген тойымсыз тажалдардын мемлекетымыз, Кудай сактасын галамшардын баска мемлекеттерын быз сиякты тажалдардан ! О субханАлла. Карыз азайганнын орнына, керысынше кобейып келеды. О мандай соры бес елы Казак. Аллам озын жар бола кор Казакка.

  2. Қолқоюсыз 23 Қараша, 2017 19:46 Жауап

    Қазақты тонап, байып, есіріп, аяқтарының астындағы жерді сезбейтіндердің ақшасын, дүние мүлкін, көліктерін, дворецтарын тартып алып елге мемлекетке қайта қайтару керек. Өздерінікін балалары мен немерелерінің ұрлап байыған баолық мүлкін конфискациялау керек

  3. Түңілген 23 Қараша, 2017 21:52 Жауап

    бұл жерде қарыздан қорқатындай ештеңе жоқ. Қарыз қатты қысып бара жатса көреген елбасымыз өзінің жеке шотынан ақша бөліп қарызды өтей салады. Мен елбасымызға толықтай сенемін. Сондықтан, мен еш саспаймын.

    • Қолқоюсыз 24 Қараша, 2017 11:53 Жауап

      Шетелден ақшалай алнған қарыз текқана заттай қайтарып алады олар солай келісіп береді қу қағазды не қылсын оларға жер жəне жер байлықтары керек осыны ұмытпаң қазақтар.

  4. Үмітсіз шайтан деген 23 Қараша, 2017 22:59 Жауап

    Түңілгенге қосылам , біздің елбасы тұрғанда неден қорқамыз , қиналып бара жатсақ елбасы қарызды жаба салады жеке шотынан????

  5. Сумдык ай 25 Қараша, 2017 18:55 Жауап

    Халыкты пайызы коп карызга отыргызды. Казир банкке карызы жок адам калмаган шыгар. Енди ертен елбасына бир жагдай бола калса, жерди тартып алса тиридей жер астына кирермиз. Шенеуниктер 7 урпагын канымдайтын акшаны урлады. Ал карапайым халык кул болармыз!

  6. БЕК 26 Қараша, 2017 11:06 Жауап

    Елбасымыздың Сарабдал Саясатының Арқасында Менделеовтың Бүкүл Таблицасы Бар Елді Осыншама Қарызға батру Надо же Қандаи Бас керек

  7. ан тан 27 Қараша, 2017 16:22 Жауап

    мен тусинбеимин бугин МИД бастыгы аузын толтырып кезге деин 260милярд доллар инвестиция казахстанга кирди деди карыз 167милярдт доллар болса бул калай болганы инвестиция кирген ел баюы керек емеспе уакытша халык саилаган менеджерлер каида караган.

  8. Омар 1 Желтоқсан, 2017 11:37 Жауап

    Дана қазақ бұрындарда айтқан екен: «Несие жеме етті, сүйек жыртар к…тті» деп, елбасы мен олигархтар ертең елден кетіп қалса, сонда оны қазақ қалай төлейді?

  9. Жанаозен 1 Желтоқсан, 2017 19:16 Жауап

    ертен сол карыз болгандарга жумыс жасаймыз баягы патшанын кезындегындей карада тур .бул жемкорлардын барлыгы шетелге таиып турады

Пікір немесе жауап жазу

13 + жеті =