Алматыда БЖЗҚ-дан жымқырылған қомақты қаржы бойынша куәгерлерді тыңдау басталды 

Алматыда БЖЗҚ-дан жымқырылған қомақты қаржы бойынша куәгерлерді тыңдау басталды

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотта «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-нан жымқырылған қомақты қаржы бойынша куәгерлерді тыңдау басталды.

Акционерлік қоғамның есепшісі Армида Қуатованың мәліметінше, зейнетақы қоры мен «Бузгул Аурум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы келісімді қор төрағасының экс-орынбасары Дабыр Медетбеков бақылаған. Тергеу нәтижесінде анықталғандай келісімді іске асырғаны үшін Дабыр Медетбеков 700 мың доллар шамасында пара алған.

Сонымен қатар, ол инвестициялық комитеттің мүшесі болған. Есепшінің айтуынша, барлық қаржылық операциялар аталған экс-басшының рұқсатымен іске асырылып келген. Бұл қылмыстың кесірінен мемлекетке 5 млрд. теңге шығын келген.  Айта кетейік, аталған дәйек бойынша алты адам күдікті деп танылып отыр.

24.kz