Алматыда құқықтық қызмет көрсететін Орталық ашылды

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында  Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала прокуратурасының құқықтық қызмет көрсету Орталығының ашылуына қатысты.

«Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін құқықтық қызмет көрсету Орталығынан қала тұрғындары нақтылы іс бойынша өздеріне қажет барлық ақпаратты орталық операторларынан алады. Жұмыс форматы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ұқсас, келушілер алдымен ресепшеннен өтіп, кеңес алады. Содан соң өздерін толғандырған мәселе бойынша операторларға барады, олар келушілерді прокурорларға, адвокаттарға, медиаторларға және басқа да мамандарға жібереді, бұлардың барлығы тегін заңгерлік ықзмет көрсетеді.

Құқықтық қызмет Орталығының жалпы көлемі 600 шаршы метр, заманауи инженерлік- техникалық қондырғылармен жабдықталған жайлы кеңсе, мұнда электронды кезек жүйесі,«Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, күту залы және басқа қажетті инфрақұрылымдар бар. Орталық қабырғалары шыныдан жасалған, ол құқыққорғау құрылымдарының ашықтықтығын, жариялылығын қамтамасыз етеді.

«Таяуда ғана біз қалада түрлі нормативті - құқықтық актілермен регламенттелмеген әрі тұрғындардың түрлі мәселелерін шешуге көмектесетін «Open Almaty» қоғамдық қабылдауын ашқан едік. «Бір терезе» қағидасы бойынша түрлі кеңсетер алуға, мемлекеттік органдарға өздерінің өтінімдерін берулеріне болады. Бұлардан өзге, қалада «Visit Almaty» туристік- ақпараттық орталық та ашылды. Қалаға келген әрбір шетелдік қонақ өзіне қажетті мәліметтерді алады және оларға түрлі кеңестер беріледі. Құқықтық қызмет көрсету Орталығының да мемлекеттік органдардың тиімділігін, ашықтығын және есепберуін жақсартудың маңызды құралына айналатындығына сенімдімін», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов орталықтың негізгі міндеттерін атап өтті,олар – құқық қорғау жүйесіне деген сенімділікті күшейту, бюрократтықты және әкімшілік кедергілерді жою, құқтық қызметті қолжетімді ету, құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыру.

«Орталықтың міндеті сапалы құқықтық қызмет көрсету. Орталықтың ашылуы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысын ашық етеді және тұрғындардың сенімін арттырады. Әрбір алматылық құқық қорғау орталығына келген соң сапалы көмек алатынына сенімді болуы тиіс. Бізді қолдаған және орталықтың ашылуына барлық жағдайды жасаған Алматы әкімдігіне алғысымды білдіремін. Орталық қызметкерлерінің басты міндеті – сапалы қызметті қамтамасыз ету», - деді Ж.Асанов.

Бас прокурор Мемлекет бюасшысының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына айрықша назар аударатынын, осыған орай қазіргі кезде ведомствода барлық қылмыстық және әкімшілік процесстерді цифрлы форматқа көшіру үшін ауқымды жұмыстар жүріп жатқанын айтты. Бүгінгі күні «Е-уголовное дело» арнайы бағдарламасы жасалған. Бағдарлама. Қылмыстық процесстің барлық кезеңін, қылмыстың тіркелуінен бастап жазаның орындалуына дейінгі аралықты түгел қамтиды.