Руза Бейсенбайтегі: Өмірімнің ақырына дейін қазақ тілін насихаттаймын

1644
28
Бөлісу:

Белгілі ұлтшыл-патриот өз балаларының неге қазақша сөйлемейтінін түсіндірді. Оның айтуынша, марқұм күйеуінің қазақылығы болмаған, ал 35 жасында жалғыз қалып, отбасындағы бар бейнетті өзі көтергендіктен, қыздарына қазақы тәрбие беруге уақыты болмапты.

Павлодарлық Руза Бейсенбайтегі өзінің Фейсбуктегі парақшасында осыны айтып, ағынан жарылды, деп хабарлайды Caravan.kz.

Оның үлкен қызымен араласпай жүргеніне 7-8 жыл өткен. Одан кейінгі екі қызына қазақы тәрбие беруге барынша тырысқан. Бірақ олар да көзден тайса болды, орысша сөйлейді екен.

«Әсіресе, соңғы жұмыс орным – жеке кәсіпкерлікке дейін зауытта күндіз орысша, кешке, түнде қазақшаға барлық күндізгі жұмысымды аударып, кабинетімде 4 тақта қойып, ұйықтайтын кездерім де жиі болатын. Орыс басшым: «Руза, мы же не перешли на стандарт казахского языка» дегеніне қарамай, қол қойғызатынмын… Ақсуға күнде барып-келіп істейтінмін (6:30-да шығып, 8-де келіп…). Сонда қыздарымды жіберіп алдым ба, білмеймін. Жаппай дерлік орысша ТВ. Оны үйге кірген бетте өшіртем. Ғалымдар геннің рөлі бар деп те айтады. Әкелері тірі кезінде сен ұлтшылсың деп кінәлайтын. Өзі өз тілін жаман білетін, сөйлегісі де келмеді… Жастайымнан шықтым тұрмысқа, өзім «орыс» болғанда. Бір жағынан, барлық посткеңестік республикалар өз тілін тұғырына қондырғанда, Қазақстан билігі бізді әлі күнге орыс тілінің көлеңкесінде ұстап отыр… Қоғам, олардың қоршаған ортасы, баршамыз осы көлеңкеде өмір сүріп жатқандықтан, қыздарым да сонда. Өкінішке қарай, өзімдегі рух, ұлтшылдық оларға жетпей қалған секілді. Не әкелерінің гені басып кетті ме… Кейде «мен сияқты тілі үшін арпалыспайтын басқа аналардың балалары қазақша сөйлеп жүр ғой, менікі неге солай» деп жылаймын» дейді Р.Бейсенбайтегі.

Десе де, қоғам белсендісі кейінгі екі қызынан үлкен үміт күтетінін айтқан.

«Өзім 28 жасымда ояндым. Мүмкін, бұлар да оянар, мен секілді ұлтшыл болар. Үмітсіз өмір сүру мына арпалысқан өмірімде тіпті ауыр. Тек айтарым, қыздарым сондай екен деп үндемей тағы отыра алмаймын, өмірімнің ақырына дейін шамам келгенше насихаттап, талап етіп етем тілімді. Менің қыздарыма өмір жолында кездесетін адамдар, әсіресе, өзі сияқты жастар насихат жасаса, ол да сеп болар ма еді ұлтшылдықтың оянуына. Міне, достарым, даттасаң да, кінәләсаң да, тілі деп өмір сүретін Рузаның өз өмірі осындай» дейді жазба авторы.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 28 пікір жазылған

  1. Түңілген 16 Қараша, 2017 14:29 Жауап

    Сананың оянуы адамға көп салмақ түсірсе де, өмір үшін үлкен бақыт. Оның дәлелі, адам бұл өмірден келесі дүниеге өтерде бұл өміріне риза болып, қиналмай кетеді. Ал, санасы оянбай бұл өмірдің ағысымен ғана өмір сүрген адам «кетерінде» бұл өмір бекерге өткізгенін сезініп, мәнсіз өмір кешкеніне қиналып кетеді.

  2. Мұстафа 16 Қараша, 2017 14:58 Жауап

    ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖОҚТАУШЫСЫ ЖАЛҒЫЗ РУЗА МА.КЕРЕКУ ПАВЛОДАР ОРЫС ЖАЙЛАҒАН ҚАЗАҒЫ ОРЫС БОЛҒАН АЙМАҚ.ОРЫС ОЗБЫРЛЫҒЫ НАДАНДЫҒЫНА БОЙЫ ҮЙРЕНГЕН ҚАЗАҚ ҮНДЕЙ АЛМАЙДЫ.БІР ҚАЗАҚ РУЗАНЫ ҚОЛДАП СӨЗ АЙТПАЙДЫ.БИЛІК ҚАЗАҚ АЗАМАТЫ БОЛСА ДА ЖАЛТАҚ.ЕРТЕҢГІ КҮНІМ НЕ БОЛАДЫ ДЕГЕН ҮРЕЙ.БАЯҒЫ РАЗДЕЛЯЙ ВЛАСТВУЙ.ТАЙЧИБЕКОВ ВПЕРЕД.

  3. Қазақ 17 Қараша, 2017 23:05 Жауап

    РУЗАНЫ ТҮСІНЕМІН.КƏЗІР ОНДАЙ БАЛАЛАР КӨП.АТА АНАСЫ ҚАЗАХИ БОЛСАДА ОРЫСША СӨИЛЕГЕНДІ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ.ОНДАЙ ЖАҒДАЙ МЕНІҢДЕ БАСЫМДА БАР.МЕНДЕ ТУҒАН ҚЫЗЫММЕН
    АРАЛАСПАЙМЫН.ƏРИНЕ ІШІҢ КҮИЕДІ.

  4. Қолқоюсыз 19 Қараша, 2017 22:31 Жауап

    Барлық қазақтың қызы əйелі Руза сыяқты тілін елін суйсе қорғаса біздің еліміз алдағашан қазақтілді болып кетер еді
    РАХМЕТ саған Руза сен қанатымен су сепкен қарлығашсың

  5. Косоглазый орыс 20 Қараша, 2017 16:49 Жауап

    Руза ханым дүрыс айыты. Қазақтардың бір талайы әлі де орыс тілдің көленкесінде жүр. Ал біздің басшыларымыз сол көленкеден шыққысы келмесе осылай бола береді.
    Қысқасы. Шығару керек биликтен қазақша сөйлемейтін, тілін орысшаға бүрып тастайтын азаматтарды. Жетер! Қазақстанда түрып жатқан орыстар бізді түсінбей қалады деген сілтеу болмасын. Болар. Шәршәдік бағынуға. Олар да қазақстанның азаматтары. Үйренсін. Қазақ тілі мемлекет тілі.

  6. Секе 20 Қараша, 2017 23:17 Жауап

    Руза апайды биылдан бастап естіп танп жатырмыз. Солтүстіктеге қазақ тілінің жанашыры деп білеміз. Ал бұл мақаланың біреулердің тырнақтан кір іздеп, біреулерге ұнамағаны ғой. Қазақ тілінің дәурені қсіп келе жатыр. Сондықтан осындай батыр аналарымыз аман болсын. Анадан безгендер адасқан мәңгүрттер!

  7. асет тама 20 Қараша, 2017 23:51 Жауап

    Руза апай. Қазақта мақал бар. Өзін диуанасың кімге пір боласың деп. 3 кызың сізді тыңдамай орысша сөйлесе сіз кімге тұлға боласыз. Қыздарыңыз жиендеріңізді қазақшаға уйретсеңіз сол ерлік болар еді. Отан от басынан басталады дейміз бірақ мағынасына мән бермейтін секілдісіз. Қазақ тілі үшін сіз ғана шабатын секілдісіз өзіңіз ге солай көрінеді . Қазақ тілі мың жыл кыргыннан аман есен келе жатыр. Оны АЛЛА өзі қорғайды. Кешегі кеңес үкіметі максат қойғанда құрта алмаган. Қазақ қыздардың атын Нина Зина қойғанда аман калган қазақ тілі енді жойылмайды. Қатты кетсек ғафу кешіріммен қарағайсыз.

  8. Рауан 28 Қараша, 2017 07:47 Жауап

    Қазақ тілін дамытып жатқандарға шын риза боласың. Тіліміздің болашағы зор болатыны сөзсіз.

  9. Мақпал 28 Қараша, 2017 10:26 Жауап

    Мұндай тілге адал кісілерді құрметтейміз. Ризамыз. Әр қазақ, әр қазақстандық осындай болса ғой деп армандаймыз!

  10. Талғат 28 Қараша, 2017 10:27 Жауап

    Қазақтар өз тілін білмей жатқанда, мына кісінікі үлкен ерлік. Руза апайлар аман болсын, ол талай ұрпақтыңбойына тілді дарытады.

  11. Гүлназ 28 Қараша, 2017 10:28 Жауап

    Осындай намысты әйелдерді, тілді құрметтеушілерді көргенде, намыссыз қазақтарға үлгі-өнеге қылғың келеді.

  12. Кәусар 28 Қараша, 2017 10:30 Жауап

    Мұндай қазақ тілін құрметтейтін адамдар көп. Оларға өзіміздің тіл білмейтін қазақтар үшін үлкен өнеге болатыны анық.

  13. Нара 28 Қараша, 2017 11:05 Жауап

    Тілді үйрену – әр адамның ішкі ар-ұятына байланысты. Басқа ұлт өкілі болса да, тіл үйренуден қашпайтын адамдар көп.

  14. Айдос 2 Желтоқсан, 2017 22:42 Жауап

    У меня русские соседи все чисто на казахском разговаривают, без акцента. Их сын призёр олимпиад по казахскому. Горжусь такими гражданами

Пікір немесе жауап жазу

16 + тоғыз =