Амандық Баталов: Қазақша өлең жазып, ән айтамын

Бөлісу:

Баталов қазақ тілінде жетік сөйлеуге талпынып жүргенін айтты

Бүгін Астанада ОКҚ-да өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мемлекеттік органдардың басшылары неге бастан-аяқ қазақ тілінде баяндама жасамайды деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Сіз мемлекеттік тілді жетік білген соң, осы сауалды қойып отырмын. Мемлекеттік тілдің жағдайы соншалықты мүшкіл ме?! Неге ел басшылары  мемлекеттік тілде амандасып, қоштасуға ғана жарап қалған. Неге жастарға үлгі болып, мемлекеттік тілде толық баяндама жасамасқа?» деген сауал жолдады журналистердің бірі.

Облыс әкімі қазақ тілінде сөйлеуге талаптанып жүргенін айтты.

«Сіз секілді жетік сөйлей алмасам да, қазақ тілін білемін. Шынын айтсам, мен  кейде қазақша өлең жазып, ән айтамын», — деді ол.

«Мен кезінде Қостанайда оқыдым, сыныпта үш-ақ адам болдық. Алматыға келгенде қазақ тілінде амандасып, қоштасуды да білмейтін едім. Қазір балаларымды үйретіп, немерелерімді қазақ мектептеріне бердім. Талаптанып жатырмыз», — деді Баталов.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 2 Қараша, 2017 13:15 Жауап

    Латынша жазып уйренемын бырак, орысша ойлаймын деп ток етерын айта кереккой

  2. Қолқоюсыз 2 Қараша, 2017 16:02 Жауап

    Осындай әкімді көрдіңдерме ? Елім деген ,жерім деген, тек Халыққа жұмыс істейтін, бір айлыққа өмір сүретін. Тағы барма Қазақ Елінде осындай әкімдер, бар мааааааа-а ?

  3. Қолқоюсыз 2 Қараша, 2017 17:19 Жауап

    Коррупцияны қалай өрбіткенін айтпады ма? Жергідікті әкімдер ақша төлесек болды отыра береміз орнымызда дейді рас па екен? Ұсталған шнеуніктер қайта орнына қайтып келеді осы кісісінің арқасында ол факт.

  4. баирам матжан 3 Қараша, 2017 14:59 Жауап

    каракалпакшада ешким жокта аитып коисаныз керек менин жигит уактымаудеп.

Пікір немесе жауап жазу

11 − жеті =