ОТПАН ТАУҒА ОН ЖЫЛ!

Бөлісу:

 

 

Рухани жаңғыру

Ашылу салтанатында «Көне де қасиетті Маңғыстауда сан қилы сын сағаттарында ұран отын жаққан, кәрі сеңгір Отпан таудың бүгінде мәңгілік отын маздатар Тағзым биігіне айналуы жан сүйсінер жақсылық» – деп Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев айтқан Отпан тау бүгін бір ғана түбектің емес, ата-дəстүріне құрметпен қарайтын күллі қазақ жұртының қасиетті мекеніне айналғаны сөзсіз.
 2003 жылы ақын ағаларымыз Сабыр Адай мен  Светқали Нұржанның  бастамасымен қолға алынып, жобасын Амантай Исмағұлов жасаған бұл кешен қазір айырықша мəнге ие.
Сабыр Адай ағамыздың Отпан тау хақында жазылған «Қарапайым қағидалар» кітапшасында тарихи тұрғысынан Отпан таудың алар орны мен əрбір орын тепкен ғимарат, ескерткіштерінің мəн-мағынасы ашық жазылған.
«Тарихсыз халық жоқ» – дейді. Төл тарихымыз қырық құбылған кездерде шынай тарихты жоғалтып алу оңай болды. Оның ішінде түбек тарихы бабамыз тиген табан ізінен емес, сонау Сақ пен Ғұннан, Көк Түркінің заманынан бастау алғанын ескеруіміз қажет.
Отпан тауды тұнып тұрған тарихтың қойнауы дер ем. Себебі ғұмырын ат үстінде өткізген батыр аталарымыз жау келгенін сезген жағдайда от жағу арқылы бір-біріне белгі беріп, тойтарып отырған.
Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Маңғыстауға Наурыздың  «Амал» мейрамы мен Отпан тауды көру үшін жыл сайын Қазақ елінің əр тарабынан қонақтар ағылып келеді. Енді ғана ел болып, Тəуелсіздік алғанымызға жарты ғасыр толмаса да, ескіліктің жаңғыруы секілді той-томалақта біріккен қазақтың басы, уақыт өте келе Отпан тауда алқалы жиын құрып, кеңесу үшін бірігетіні үрдіске айналып жатқанын байқаймыз.
2015 жылы «Амал» мерекесі қарсаңында Алаштанушы, Əлихантанушы ғалым ағамыз Сұлтан Хан Аққұлұлы Отпан таудағы сапарында: «Бүгінгі шараға келген бойда менің ойыма еріксіз 1917 жылғы шілде айындағы тұңғыш жалпықазақ сьезі есіме түсіп отыр. Өйткені, есіңізде болса сол 20 ғасырдың басында 1917 жылы қазақ өзінің ұлттық мемлекеттілігінің   негізін қайта қалаған кез болатын. Негізі, байқасақ қазақтың ұлттық бірлігін нығайтатын осындай мереке Маңғыстау жерінде бұл үлкен бір тарихи оқиға, тарихи құбылыс деп айтауға болады» – деп бағасын берген. Шынымен де, ерлікті еске түсіріп, елдікті танытатын шаралардың Отпан тауда өтуі тегін емес.

Сонымен бірге, ақын, Халықаралық  Алаш сыйлығының иегері, Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлықтың лауреаты Қазыбек Иса Отпан тауға ат басын бұрған сəтте шабыты шалқып, жырмен шашу шашқанын жақсы білеміз:

НАУРЫЗ КЕЛДІ – БАСТАЛДЫ АМАЛ КҮНІ!

(Отпантауда оқылған өлең)

Маңғыстаудың көргенде маң даласын,
Кеңістікке керемет таңданасың.
Қашағанның жырындай қайран жүйрік,
Қашағанын уақыттың аңғарасың…

Дархандығы әйгілі даламда ұлы,
Наурыз келді – басталды Амал күні!
Аман-есен бәріміз көрісейік,
Ең бастысы, елімнің амандығы!

Ашық бүгін халықтың қас-қабағы,
Жазылады жазира дастаны әлі.
Көктеміміз басталса, Оңтүстіктен,
Ал Жаңа жыл Батыстан басталады!

Маңғыстауда бәрі шын, бәрі де аңыз,
Даласындай елінің жаны нағыз.
Отпантаудың басында от жанғанда,
Осы жерден бәріміз табыламыз!-

деп, өлеңін оқып, ақындық тұлғаның табиғатын танытқан еді.

Жазар болса, қалам сиясын тауысар тарихы өте тереңдегі Отпан тау мен үшін мақтанышпен айтар қастерлі жер. Бүгін «Адай Ата – Отпан тау» рухани тарихи-мəдени кешеніне 10 жыл толып отыр. Айтарлықтай, ұзақ уақыт емес. Дегенмен, халықтың асыға күтер мерекелері мен алқалы жиындар өтетін, Елбасы айтқан «Рухани жаңғырудың» қайнаған ортасы деп айту əбден болар еді.

Бабалардың көзін көрген, тарихтың қатпарлы тастары қалған, елдік рухты шыңына жеткізер Отпан таудың маңызы əлі де арта түсеріне кəміл сенімдімін.

Жанұзақ ҚОЙШЫҒҰЛ

Ақтау қаласы

qazaquni.kz

 

 

 

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 20 пікір жазылған

  1. Жаркын Утешова 28 Қазан, 2017 01:20 Жауап

    Мәскеудегі қазақтың балаларын, Мәскеудегі құрметті қарияларды алып бардым.Керемет кездесулер болды!

  2. әлбек 28 Қазан, 2017 02:05 Жауап

    студент кезімде бірге оқитын ақтаудағы дос баламының үиіне қыдырып барғанда отпан тауға барғанмын сол кезде отпан тауда көрісу күнін тоилап жатыр екен сөз жоқ ат шабыс әншілер терме жыршы бәрі бар қатар-қатар тұрғызған темір үилер адам көп сонда көргенмін көрісу көнін қалай тоилайтынын

  3. Ұлжан 28 Қазан, 2017 17:32 Жауап

    Қазақтың жері қандай кең болса, кереметтілігі де одан он есе ғой шіркін. Отаныммен мақтанам

  4. Ақсұлу 28 Қазан, 2017 19:19 Жауап

    Негізі қазақтың жері байлыққа да тарихқа да бай ғой! Осындай тарихи жерлерді дамыта беру керек. Сонда елімізде туризмде жақсы дамитын болады.

    • Орал 28 Қазан, 2017 19:34 Жауап

      Дұрыс айтасыз. Елде туристер тамашалайтын талай орындар бар. Тек барлық жағдай жасалса керемет болар еді…

  5. Геродот 28 Қазан, 2017 19:22 Жауап

    Қазақтың ақылдылығында шек жоқ. Шапқыншылық кезінде де соғысу стратегиясын қатты білген.

    • Жанұзақ Қойшығұл 28 Қазан, 2017 23:10 Жауап

      Ассалаумағалейкум, «Амал» көрісу мейрамы бұрын барша қазақ жерінда тойланған. Тек уақыт өте батыста ғана сақталып қалды. Қазақтың жаңалы 14 наурыздан басталады негізі 22 наурызға дейінгі аралығы6 күн яғни бір апта. Қазақ жаңа жылды бір апта тойлады десекте болады

  6. Сұлтан Бекбосын 14 Наурыз, 2018 13:30 Жауап

    Ашық бүгін халықтың қас-қабағы,
    Жазылады жазира дастаны әлі.
    Көктеміміз басталса, Оңтүстіктен,
    Ал Жаңа жыл Батыстан басталады!

    Маңғыстауда бәрі шын, бәрі де аңыз,
    Даласындай елінің жаны нағыз.
    Отпантаудың басында от жанғанда,
    Осы жерден бәріміз табыламыз!- бұндай жырды сол Отпан тауңа ғана емес, Қазақстанның барлық жеріне жазып қою керек қой

  7. Сұлтан Бекбосын 14 Наурыз, 2018 13:31 Жауап

    Ашық бүгін халықтың қас-қабағы,
    Жазылады жазира дастаны әлі.
    Көктеміміз басталса, Оңтүстіктен,
    Ал Жаңа жыл Батыстан басталады!

    Маңғыстауда бәрі шын, бәрі де аңыз,
    Даласындай елінің жаны нағыз.
    Отпантаудың басында от жанғанда,
    Осы жерден бәріміз табыламыз!- бұндай жырды сол Отпан тауға ғана емес, Қазақстанның барлық жеріне жазып қою керек қой

  8. Ержан Оспанов 14 Наурыз, 2018 16:38 Жауап

    Мейрам құтты болсын ағайындар!

    Бір бірімізбен керіспей, көрген жерде құшақтасып көрісіп жүруге жазсын АЛЛА.

Пікір немесе жауап жазу

он екі + жеті =