Қазақстанның латынға көшу шешiмiн құрметтеймiз – Ресей елшісі

Картинки по запросу михаил бочарников

Ресей қазақ тiлiнiң латын қарпiне көшiрiлуiне түсiнiстiкпен және құрметпен қарайды. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Михаил Бочарников осындай пiкiрiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Қазақстан - орыс тiлi Конституция бойынша ресми мәртебеге ие мемлекеттердiң бiрi. Ресей егемен Қазақстанның мемлекеттiк тiлдi латын әлiпбиiне көшiру туралы шешiмiне түсiнiстiкпен және құрметпен қарайды», - дедi елшi ҚР Парламентi Мәжiлiсi мен РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттiк думасы комитеттерiнiң кезд/суiнде.

Бочарников Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың орыс тiлiне қатысты айтқан сөзiн еске салды.

«Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның басқа ресми тұлғаларының мәлiмдемесiне сәйкес, орыс тiлiнiң позициясы сақталады. Ал орта мектептерде орыс тiлi пәнi одан әрi оқытыла бередi. Себебi, Қазақстан азаматтарының орыс тiлiнде еркiн сөйлеуiн республика басшылығы елдiң маңызды мәдени басымдығы ретiнде қарастырады. Қазақстанның ресми инстанцияларының мәлiметiне сүйенсек, қазiргi таңда орыс тiлi пәнi оқытушыларына сұраныс жоғары, олардың санының артуына көп көңiл бөлiнген, сондай-ақ, Қазақстанда ресейлiк ЖОО-дың жаңа филиалдары ашылмақ. Ресей бұның барлығына қолдау көрсетуге әзiр», - деп түйiндедi Михаил Бочарников.