Ерлан Қарин: Бұл латын әліпбиі үшін шешуші сәт

1671
9
Бөлісу:

Картинки по запросу ерлан карин

Қалай болғанда да бұл шешуші сәт. Әрине, ұнататындар да ұнатпайтындар да болады, бәрінің көңілінен бірдей шығу мүмкін емес, оны талқылаудың барысында да көрдік. Бұрын айтқанымдай, бірде бір елде тіл реформасы, әліпби ауыстыру мәселесі осындай кең түрде талқыға салынбаған болатын. Дегенмен, қазіргі қабылданып жатқан шешім – еліміздің дамуындағы түбегейлі бетбұрыс. Тіпті бұл тәуелсіздікті иеленгеннен кейінгі тарихи маңыздылығы жағынан екінші үлкен қадам деп айтар едім. Себебі бұл біздің өркениеттік таңдауымыздың нақты көрінісі. Қалғаны өз қолымызда – бүгін латын әліпбиінің қабылдануы ертең ақ бірден оның қолданысқа енгізілетінін білдірмейді. Алда 8 жыл қыруар жұмыс күтіп тұр.

Ерлан Қарин,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. Шора 27 Қазан, 2017 17:31 Жауап

    Дұрыс, бірде бір ел латынға бірден көшіп кеткен жоқ қой. ауысып ауысып жетті гой бірнеше жылдардың ішінде

  2. Ермек 27 Қазан, 2017 17:33 Жауап

    Ерлан мырзаға келісем. Ел қолдаса бірлескен түрде алып шығуға болады гой дим. Аса қиындығы да жоқ сияқты

  3. Айман 27 Қазан, 2017 17:48 Жауап

    Расымен бүгін еліміз үшін маңызды күн болды! Бастысы бірігіп осы өзгерісті дұрыс қабылдап، үйренгеніміз жөн.

  4. Қолқоюсыз 28 Қазан, 2017 11:31 Жауап

    Еш талқылау болған жоқ дұрыс. Неге депутаттар дауысқа салмайды، не деген сұмдық көпшілік қарсы болса да осы варинтқа бір адамның шешімімен қол қойыла салында. Халыққа керек бұл،Е.Қ. билікті қолдамай алысқа бара алмайтынын біледі шығар бәрінің көңілінен бірдей шығу мүмкін емес деп

  5. Қайрат қарағанды 22 Қараша, 2017 07:36 Жауап

    Латындарын мынау болса жетіскен екенсіңдер ылғи үтір немесе нүкте.Қазақ тілінде əзер оқып жүрген бала мына шимайларынды түсінбейді.Түріктердің латынын қарасандаршы қандай əдемі,футболдағы түрік төрешісінің аты жөнін айтып отырмын,білмейтін адамның өзі оқиды.Бүкіл Европа түсініп отыр.Апостроф деген пəленің керегі жоқ,басқа түгіл біз қазақ шатасамыз.

Пікір немесе жауап жазу

төрт × 3 =