Мектептерде ұялы телефон ұстауға тыйым салынды

Картинки по запросу ұялы телефон мектеп

Шығыс Қазақстан облысындағы мектептерде оқу мекемесіне смартфон ұстап келуге тыйым салынды. Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

659 мектептің 579-ы ата-аналармен келісе отырып осындай шешім шығарған. Егер шешімге қарсы ереже бұзушылықтар байқалса онда ұстаздар оқушылардың ата-анасымен профилактикалық кеңес өткізеді.

“Сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға болмайды, ал үзілістерде пайдалансын. Оқушының назары тек оқу процесінде болуы тиіс. Ал телефон оның көңілін бөледі. Біздің ата-аналардың ешқайсысы бұл шешімге қарсы болған жоқ”, – дейді №30 орта мектептің директоры Дмитрий Журавлев.

Сонымен қатар, қымбат смартфондар ұрлықшылардың да назарын бірден аударатындықтан, оқушыларға батырмасы бар қарапайым телефондар ұстау кеңес етілген.

Дереккөз: stan.kz